Түркістан облысы: Отырар аудандық мәслихатының кезекті сессия отырысы өтті

Бүгін аудандық мәслихаттың хатшысы Мырзахан Манаповтың төрағалық етуімен жетінші шақырылымдағы Отырар аудандық мәслихатының кезекті он тоғызыншы сессиясы болып өтті. Аудан әкімінің орынбасары Ж.Сейітжанов пен аудан әкімі аппаратының басшысы Айдос Мәулен, ауыл округтерінің әкімдері, бөлім басшылары мен БАҚ өкілдері қатысқан сессияның күн тәртібінде сегіз мәселе қаралды.

Аталған мәселелер алдымен депутат Әділжан Құртаев төрағалық еткен тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында жан-жақты талқыланып, әбден пысықталды. Күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты депутаттардың ұсыныс-пікірлері назарға алынған комиссия отырысы сессияға ұласып, онда Отырар ауданы әкімінің өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды атқаруы туралы аудан әкімі Сәкен Сұлтанхановтың есепті баяндамасы тыңдалды. Күні бүгінге дейінгі атқарылған және алдағы уақытта жүзеге асырылатын жұмыстарды сала-сала бойынша атап өткен аудан басшысы депутаттар тарапынан ортаға салынған сұрақтар мен ұсыныс-пікірлерге тұщымды жауаптар қайтарды.

Сондай-ақ сессия отырысында аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Асқар Көлбайдың, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Батырбек Сыздықтың, жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Әділхан Тасқараевтың, аудан әкімі аппаратының басшысы Айдос Мәуленнің, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қалдира Киізбай мен аудандық мәслихаттың аппарат басшысы Ерман Дайрабаевтың есепті баяндамалары тыңдалып, талқылаудан өтті.

Жиында соңында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мырзабай Өксікбаев пен аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Жалғасбай Көлбай аудан әкімінің және аудан әкімдігіне қарасты бөлім басшыларының есебін жоғары бағалап, ізгі ниетті ақ баталарын берді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.