2022 жылдың 15 қыркүйегі күні сағат 10:00-де Шәуілдір ауылы «Руханият — Әбу Насыр әл-Фараби» музейінде Отырар аудандық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтпекші. Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында негізгі 4 мәселе қаралады.
Әуелгісі, Шәуілдір, Отырар, Қарақоңыр ауылдарында сыбайлас жеқорлыққа қарсы күрес шараларының атқарылуы туралы ауыл әкімдерінің есебі.
Екінші күн тәртібіндегі мәселе – Ақтөбе, Шілік ауыл округтерінде ауыл шаруашылығы жерлерінің пайдаланылу барысы мен тиімділік мәселелері бойынша жұмыстар барысы.
Үшінші мәселе, Отырар аудандық мәслихатының «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудандық мәслихат шешімінің жобасы туралы.
Төртіншісі, Отырар аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мемлекеттік қызметтер көрсету туралы есебі.
«ANYQ.KZ»—ақпарат.