Түркістан облысы: Отырар ауданындағы Ерімбетовтер отбасысы түйеқұс өсіріп, көл-көсір пайдаға кенеліп отыр

Отырар ауданының орталығы Шәуілдір ауылының тұрғыны түйеқұстың бір жұмыртқасын 12 мың теңгеге саудалап жатыр. Оның салмағы 2-2 жарым келі болады екен. Шәуілдірлік Жанұзақ Әлзақұлы түйеқұс бағумен үш жылдан бері айналысып келеді. Африкалық құстың бұл түрі өнімді көп беріп, аса қатты күтімді қажет етпейді. Шаруаның түйеқұстары екі күнде бір мәрте жұмыртқалайды. Соның өзінде Жанұзақ Ерімбетов үш түйеқұстан бүгінге 200 мыңнан астам табыс тауып отыр.

Үш жыл бұрын Отырар ауданының орталығы Шәуілдір ауылының азаматы Жанұзақ Әлзақұлы Ерімбетовтің ауласына енгенде, қара құрлық саваннасына тап болғандай күй кешкен едік. Түйеқұс асырап, табыс табудың жолын таңдағандардың көшін өңірде дәл осы жігіт бастап тұрғаны сөзсіз.

Үш түйеқұсты өсіріп отырған Жанұзақ Ерімбетовтің айтуынша, қара құрлықтың түйеқұсына күніне бірнеше мәрте азық беріледі. Нақтырақ айтар болсақ, бір сиырдың жем-шөбі кетіп қалады.

«Бүгінгі күні үш түйеқұс өсіріп отырмыз. Олар күнара жұмыртқалайды. Жұмыртқасының салмағы 2,1-2,2 келіге дейін жетеді. Кешкі асқа бір табақ тамақ болады. Оған жеті-сегіз адам тояды. Африкалық қызылмойын түйеқұсын асырап келе жатқанымызға бес жылдың жүзі болды. Жұрт үшін тосындау көрінетін түйеқұсты күтіп-баптау – аса қиын шаруа емес. Уақтылы жем-шөбін беріп отырсаң болғаны. Бір маусымда аналық басы 50-60 жұмыртқа береді. Қысқасы, бір аналық бастан екі тоннаға дейін ет алуға болады. Ал түйеқұстың салмағы бір жылда жүз килоға дейін жетеді. Аны­ғы­рақ айтсақ, арада жыл өткенде сойып, етін өт­кізуге де мүмкіндік өте мол. Түйеқұстардың тағы басқа ерекшеліктері – 70-80 жыл өмір сүреді. Жұмыртқаның бір данасын 12 мың теңгеден сатып жатырмын. Кәсіптің көзін тапсаң, түйеқұс ең оңтайлы кәсіп болып саналады. Жұмыртқа сатудан түскен табысым айына 200-250 мың теңге төңірегінде болады», — дейді Жанұзақ Әлзақұлы жағдайды түсіндіріп.

«Қазіргі таңда фермадан табыс табуды мақсат етіп отырған жоқпыз. Қолға алған істі өркендету үшін барлық мүмкіндікті пайдаланып жатқан жайымыз бар. Түптің түбінде кәсіптен нәсіпті болуға барлық мүмкіндік бар. Ол үшін түйеқұстың санын көбейтуіміз керек. Сол арқылы ет өнімін саудаға шығаруға болады.

Түсіне білген адам түйеқұс етінің құра­мында пайдалы дәрумендер жеткілікті екенін біледі. Онда ақуыз мол. Ал мамандар түйеқұс етінің адам денсаулығына пайдасы зор екенін ілгеріде-ақ дәлелдеп тастаған», — дейді Жанұзақ Ерімбетов жаңа кәсіпті игерудің жолын нұсқап.

Ол келтірген деректерге сенсек, түйеқұстың қауырсындары мен терісі сән және дизайн индустриясында айтарлықтай сұранысқа ие екен. Ал оның бір жұмыртқасының салмағы ауылдағы алпыс тауық жұмыртқасының салмағымен тең көрінеді.

«Бірінші кезекте құстарға арналған үйшік болуы шарт. Оны жылытудың аса қажеті жоқ. Неге десеңіз, олар айналасына қажетті жылуды өздері бөледі. Қысқасы, қыстың қытымыр аязында еш қиналмайды. Бір қызығы, олар ылғалды жерді жатсынады. Құстарды баптап өсіретін аумақтың кең болғаны абзал.

Түйеқұсты қоректендіру аса көп уақытты алмайды. Олар кез келген нәрсені азық ретінде пайдалана береді. Ағаштың діңгектері, шөп, жапырақтар, түрлі жәндіктермен қоректенеді. Ал олар орналасқан жер аумағы кең болса, азық та мол болады деген сөз. Бұдан бөлек бидай, жеміс-жидек, дәрумендік қоспаларды да сүйсініп жейді. Түйіп айтар болсақ, Қазақстанды жерсінген түйеқұсты қоректендіру айтарлықтай зор мәселе емес», — дейді Жанұзақ Ерімбетов африкалық құстың артықшылықтарына тоқталып.

Дамыған елдерде экономиканың драйвері ретінде шағын және орта бизнес ерекше рөл атқарады. Шағын және орта бизнес өркендесе, халық кәсіпкерлікпен шұғылдануға бейімделсе, бұл мемлекеттің экономикалық әлеуеті артатынын әлдеқашан түсінгені. Елімізде де соңғы жылдары шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөлініп, түрлі жобалар қолға алынуда. Бұл жобалардың нәтижесі соңғы кездері киелі ауданымызда да көрініс беріп келеді. Отырар ауданының әкімі Сәкен Сұлтанханов аудан халқымен кездесулерінде экономикалық өрлеудің және әлеуметтік-саяси жаңғыртудың басты құралы шағын және орта бизнеске көрсетілетін мемлекеттік қолдаулар туралы үнемі айтып, халықты кәсіппен айналысып, еңбектенуге шақыруды естен шығарған емес.

Қазіргі таңда Отырар ауданында шағын орта бизнес саласында 12 шағын өңдеу кәсіпорындары жұмыс істеп тұр. Соның ішінде шұбат өңдіру бойынша 4 кәсіпорын, Сүт және ет өндіру ісі бойынша 1, Тары өңдіру бойынша 3, Жүгері өңдіру бойынша 2, Құс шаруашылығы бойынша 2 және пластиктен есік терезе өңдіру мен үй жиһаздарын өңдіру кәсіпорындары тіркелген.

Атап өтер жайт, Жанұзақтың әкесі, 65 жастағы зейнеткер Әлзақ Ерімбетов бұған дейін тауық пен тауыс асырап тәжірибе жинаған екен. Сол себепті кәсіпкерге түйеқұс өсіру қиындық тудырмаған. Құс шаруашылығын жақсы меңгеріп алған тәжірибелі зейнеткер: «Африка мен Австралиядан әкелінген түйеқұстар Отырар ауданының климатына да тез бейімделіп кетті. Бұған дейін африкалық 4 балапанның әр қайсысын 100 мың теңгеден, австралиялық балапанды 70 мыңнан сатып алдым. Бүгінде сол балапандарды көбейтіп, жемісін көріп отырмын», — дейді.

Кәсіпкердің айтуынша, түйеқұс өсіру еш қиындық тудырмайды, тек оны күтіп-бағудың жолын меңгеріп алсаң болғаны. Ал, одан түсетін пайда көп. Оның терісі, тұяғы, тұмсығы әсіресе еті нарықта үлкен сұранысқа ие. Өйткені етінің құрамында май мен холестерин аз болғандықтан, өте өтімді. Бойы 2-3 метр келетін аталығы 100-150 келіге дейін ет берсе, салмағы 3-3,5 келі келетін жұмыртқасының біреуін қуырып, 10-12 адамды тамақтандыра аласың. Бір маусымда 120 жұмыртқа табатын түйеқұстар табиғи жем шөбі, күтімі болса, 80-100 жыл өмір сүреді.

«Еңбек түбі — береке» деп дана халқымыз айтып кеткендей, елімізде бұрын-соңды болмаған түйеқұстың өзін ауылда өсіріп, одан сапалы өнім алуды кәсіпке айналдырған шәуілдірлік Әлзақ аға мен ұлы Жанұзақтың ісі көпке үлгі.

Жалпы, отырарлық Ерімбетовтер шаңырағын жерлестері «Зоопаркі бар үй» атап кеткен. Аулада қаз, үйрек, қырғауыл, бөдене, кекілік, тотықұс та болған. Тіпті, үй иелері сұлулықтың символы – аққуды да асырапты. Дегенмен, қолға үйренбеген дала құсы көп өмір сүре алмаған.

«Аққуды 6 айдай асырадық. Қолдан көлшік жасап қойғанбыз. Дегенмен, жерсінбеді. 50-ге жуық тауығымыз болды. Оның ішінде бірнеше түрін өсірдік. Жұмыстқасын сатып, кәсібімізді кеңейттік. Қора салдық. Түйеқұстарды сол кәсіптен түскен қаржыға сатып алдық», — дейді ақсақал.

Бүгінде Ерімбетовтер ауласында африкалық та, австралиялық та түйеқұс бар. Олардың өзіндік ерекшеліктері де көп. Мәселен, африкалық түйеқұстар ірі болып келеді. Бойы 2,8-3 метрге дейін жетеді. Ал, австралиялықтардың бойы – 1-1,5 метр. Жұмыртасы да кішкентай.

«Африкалық 4 балапанның әрқайсысын 100 мың теңгеден, австралиялық балапандарды 70 мыңнан сатып алған болатынмын. Бүгінде сол балапандарды көбейтіп, жемісін көріп отырмын. Ал, қазір біреуі 1 миллион теңгенің жобасында бағаланады», — дейді Әлзақ Ерімбетов.

Қарияның айтуынша, түйеқұс өсіруден түсетін пайда көп. Оның терісі, тұяғы, тұмсығы, әсіресе еті нарықта зор сұранысқа ие. Өйткені, етінің құрамында май мен холостерин аз болғандықтан, өте өтімді. Бойы 2-3 метр келетін аталығы 100-150 кг дейін ет берсе, салмағы 3-3,5 кг келетін жұмыртқасының біреуін қуырып, 10-12 адамды тамақтандыруға болады. Бір маусымда 120 жұмыртқа табатын түйеқұстар негізінен жем-шөппен қоректенеді. Күтімі жақсы болса 80-100 жыл өмір сүреді.

«Түйеқұстарға арнап ұзындығы 50 метр болатын қора салдық. Себебі, олар күніне 70 шақырым жүруі керек. Жем-шөп жеп алған соң, ішінде жүгіреді, ары-бері жүреді. Кішкентай кезінде немерелерім үстіне шығып алып, ат етіп мінетін. Қазір өсті. Асау, анау-мынауға көнбейді. Жұмыстқасын арнайы ұзын тақтаймен тартып аламыз», — дейді шаруа.

Сондай-ақ, қарияның ауласында 7 павлин бар. Олардың да күтімін ақсақалдың өзі жасайды. Жемін, суын беріп, жұмыртқасын жинап алады.

«Павлиннің бір жұмытқасы 5 мың теңге тұрады. Құстың бір жұбы 150 000 теңгеге бағаланады. Көпшілік «Бақыт құсы» деп атайды ғой. Сондықтан, өсіріп келеміз», — дейді ол.

Кәсіпкер қарияның кей істеріне ұлы Жанұзақ көмектеседі. Ал, ұлы жұмысқа кеткен сәтінде барша шаруашылыққа атайдың өзі бас көз болып қалады.

Бір кереметі, шаруаның ауласындағы қора-қопсы автоматтандырылған. Құстарды суару үшін бір тетікті басу жетіп жатыр. Жем-шөп дайындау ісінде де жаңа технологиялар қолданылады. Шөп алдын ала аппаратпен туралып, құстардың алдына жеткізіледі. Физикалық күш жұмсаудың көп қажеттілігі де жоқ.

«Жалпы, құс шаруашылығымен 2015 жылдан бастап айналыса бастадым. Ал, түйеқұс өсіруді қолға алғаныма 3 жыл болды. Одан бөлек, инкубаторлар арқылы балапан аштырып, сатамыз. Енді даладан қора салатын жер көріп жүрмін. Себебі, түйеқұстарды көбейтейін десем, ауладағы қорама сыймайды», — дейді ақсақал.

Бүгінде Отырар ауданының орталығы, Шәуілдір ауылында орналасқан шағын шаруашылыққа қызығушылық танытып, көріп кететіндер көп. Тіпті, жерлестері үйіне келген қонақтарын ертіп келіп, түйеқұстарды тамашалайды. Мұндайда Әлзақ ақсақалдың есігі әрдайым ашық.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 944 Comments

  1. For the initial release of this Casino Royal Club mobile platform, a wealthy selection of Casino Royal Club games has been included as well. There are over 40 new remarkable and unique mobile games available, and more are coming soon. Players will surely enjoy a great variety of casino slots, table and card games such as Blackjack and Roulette, video poker, and some specialty games like Keno and scratch cards. Your use of Caesars Rewards benefits and or your continued participation in the Caesars Rewards program indicates your acceptance of the current Caesars Rewards program terms and conditions, available at caesars myrewards rules When you play with your Rewards Club card, it’s like winning twice. Every spin at the slots or hand at the tables can earn you entries into our monthly giveaways and promotions.
    http://pokerforum.ca/discussion/6323/automated-rakeback
    Get tons of free coins to play your favorite casino games with Big Win Slots, the app that provides all the casino thrill right in your phone. Every Las Vegas casino game is in this app, which includes the best slots games. Lots of fun game themes, ranging from oriental delights, to volcanic eruptions of joy, to magical journeys through jungles and times long forgotten! The app offers a variety of typical casino games to play, including their favorite, called Reel Rivals, a game in which players accrue points by playing a virtual slot machine. As in a real casino, players exchange money for coins to bet. The first one on our chart is a real giant in terms of the number of games. Old Vegas has impressive 777 slots in its arsenal with the option of applying different themes. There is an infinite amount of the best iPhone slots for any occasion in life. It is available in the App store for an iPad, too.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.