Түркістан облысы: Отырар ауданында «Діни экстремизм мен терроризм – бейбітшілік пен өркениетке төнген қауіп» тақырыбында «дөңгелек үстел» ұйымдастырылды

Отырар ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Діни экстремизм мен терроризм – бейбітшілік пен өркениетке төнген қауіп» тақырыбында «дөңгелек үстел» мәжілісі ұйымдастырылды. Мақсаты: жастар арасында бұл ұғымдардың қаупі мен қоғамға іріткі салатын залалын ашып түсіндіру, қазіргі таңдағы ахуалы жөнінде мағлұмат беру.

«Дөңгелек үстелге» ауыл имамы, ұстаздар, ауыл әкімдігінің қызметкерлері арнайы қатысты. Кітапхана қызметкері Г.Мұстафаева баяндама оқып, «дөңгелек үстелге» қатысушылар өз ой-пікірлерін ортаға салды. Жастарға берер тәрбиелік мәні зор бұл жиында ауыл имамы тақырып аясында қойылған сұрақтарға тұщымды жауаптар беріп, осы маңызды іс-шараны ұйымдастырған кітапхана қызметкеріне алғысын білдірді.

Жалпы, дiни экcтрeмизм мeн тeррoризм — бұл дeмoкрaтиядaғы нeгiзгi құндылықтaрғa, кeйбiр зaңдaрдың eрeжeлeрiнe, жeкe aдaмның құқықтaрын, oлaрдың ceнiмдeрi мeн нaнымдaрын құрмeттeу нeмece тoлeрaнттылыққa қaрcы тұру бoлып тaбылaды. Бүгiндe aтaлмыш қaуiптi дeрт ХХI ғacырдaғы eң бiр өзeктi, қoрдaлaнғaн мәceлeлeрiнiң бiрiнe aйнaлды.

Дiни экcтрeмизм мeн тeррoризм турaлы ҚР 2018-2022 жылғы бaғдaрлaмacының мaқcaты – жacтaр aрacындaғы жaт дiни aғымдaрдың aлдын-aлу жәнe мeктeп oқушылaрынa тoлыққaнды түciндiру дәрicтeрiн өткiзу. Coндaй-aқ, oқушылaр мeн cтудeнттeр aрacындa шaмaлы бoлcын рaдикaлды-идeoлoгиядaн иммунитeттi қaлыптacтыру. Eлiмiз дeрбec мeмлeкeт бoлғaлы aтaлғaн дeрттiң бaғытындa түрлi шaрaлaр өткiзiп, түciндiру жұмыcтaрын жүргiзiп кeлe жaтыр.

Өкінішке қарай, бүгінгі ХХІ ғасырдағы әлем халықта­рының күн тәртібінде тұрған негізгі мәселесі «діни экстремизм және терроризм» болып отыр. Сондықтан да, діни экстремизм әлемдік проб­лема болғандықтан, онымен күресу үшін оны үнемі бақылау мен зерттеулерді қажет етеді. Аталған мәселе біздің елімізді де айналып өткен жоқ.

Дін — қоғамдық құбылыстардың ішіндегі ең күрделісі. Діннің мән-мағынасын қаншама ғұламалар ашып көрсетуге талпынған болатын. Дегенмен «діннің бастауы мен тұңғиық терең мәні ел көзінен тасада қалып қойды». Қорқыныш-үрей де, сүйіспеншілік те, ата-бабаларды қастерлеу де және т.с.с. да діни сенімнің өз алдына жеке тұрған бастауы бола алмасы анық. Дінге нақты және бір мағыналы анықтама берем деу өте қиын. Егер «религия» — (дін) терминіне келер болсақ, латын тілінен дәлме-дәл аударғанда «байлау», «екінші қайта оралу» дегенді білдіретін көрінеді.

Соңғы бірнеше жылдар ішінде діни ағымдар, олармен байланысы бар экстремистік құбылыстар туралы естиміз. Осы бағытта әр түрлі экстремистік және террористік ұйымдар пайда болып, жаһандық қауіпсіздік үшін үлкен қауіп төндіруде. Бұл мәселе бүкіл әлемге ортақ індет болғандықтан және ҚР ұлттық қауіпсіздігі мен ішкі саяси тұрақтылығы үшін күн тәртібіндегі өзекті мәселеге айналуда. Экстремизм (латын тілінен – езіп жаншу) қоғамдық нормалар мен мемлекеттік ережелерге қатысты радикалды түрде терістеу арқылы әрекет жасайтын топтар немесе жеке тұлғалардың теріс пиғылды ісі. Саясатта ең төменгі көзқарастарды көрсететін категория. Саясат, сонымен бірге басқа топтарға, жіктерге, жеке саясаткерлерге, қауымдастықтарға, билік құрыламдарына және мемлекетке күш қолдану іс-әрекет қарым-қатынасына құрылған. Жалпы көрінісі бойынша қоғамдағы ерекшеліктер мен заңдылықтарды радикалды түрде жоққа шығарып, соңғы көзқарас пен іс-әрекетке жақын тұрғандығымен сипатталады. Осыдан, этникалык экстремизм, саяси экстремизм, діни экстремизм деген түсініктер пайда болады. Экстремизм субъектілері болып, қоғамдық ұлттық, діни, саяси партиялар мен қозғалыстар, жеке тұлғалар, топтар тіпті мемлекет саналады.

Діни негіздегі экстремизм – бұл діни соңғы іс-әрекет пен көзқарасқа жақын тұратындығы. Діни экстремизм – діни жамылғы жамылған, діни қызығушылыққа, мемлекеттік құрылымға күш колдану арқылы, билікті күшпен басып алу, мемлекеттің тұтастығына, егемендігіне нұқсан келтіретін, осы мақсатқа сәйкес діни қастандықты қоздыратын іс-әрекет. Діни экстремизм – бұл діннің шеткі көзқарас пен іс-әрекетке бағытталуы. Осындай экстремизмнің негізін күш қолдану, қатыгездік, агрессия кұрайды. Діни экстремизм – бұл діни ықпалдастырылған іс-әрекет, осы мақсатта діни қастандықты, жеккөрушілікті қоздырушы, егемендікті және мемлекеттің территориялдық біртұтастығын бұзуға бағытталады.

Қазір біздің қоғамымызда діни экстремизм мәселесі өткір болып тұр. Экстремистік әрекеттер мен ұйымдар Қазақстанда пайда болып, өз істерін атқарумен көзге түсті. Осыған орай ҚР-ның 2005 жылғы 18 ақпанда «Экстремизмге қарсы іс- қимыл» туралы №31 Заңы қабылданды.

Діни экстремизм Ислам құндылықтарын сақтау жолында үндеу тастаған өздерінің пікірлестерін діни принциптерді бұзушылар деген айыптаулармен кінәлайды. Діни-саяси экстремизм болса, әртүрлі діни пікірлерге негізделгеніне қарамай, олардың іс-әрекеттері Қылмыстық істер кодексінің баптарына сәйкес келеді. Яғни, діни-саяси экстремизм — діттеген саяси мақсаттарына қол жеткізу үшін, дінді қалқан ете отырып әрекет етуші, дінге ешқандай қатысы жоқ іс-қимыл. Басқаша атағанда — терроризм (лаңкестік). Мұндай әрекеттер көбіне мемлекеттің құрамын күшпен өзгертуге немесе үкіметті басып алуға бағытталады. Қауіпті жағдайға айналған осындай әрекеттерді іске асыру, көбіне қарулы топтар құрып, өзара өшіктіру әдістерін қолдану арқылы дін және ұлттық қайшылықтарды қоздырумен, сондай-ақ адам құқын жаппай бұзумен қатар жүреді.

Мұндай шектен шыққан экстремизм әртүрлі мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіріп қана қоймай, дінаралық жағдайдың ушығуына да себепкер болуда. Экстремистер қай діннің атынан белсенділік танытса, бәрінен де көп зиян шегетін — сол дін. Саяси экстремизм тек саяси мүддені ғана көздейді. Олар адамдардың дінге деген құрметі мен сенімін өз мақсаттарына кеңінен пайдалана отырып, дін үшін әрекет етіп жүргендей көрінуге тырысады.
Діни-саяси экстремизм әдетте ешқандай ымыраны мойындамай, ортақ келісімнен бас тартады, ешкімді жақтырмайды, тіпті оларды қолдап жүрген дін өкілдерінің пікірі болса да ешқандай саяси пікірлермен санаспайды. Діни экстремизм үшін «Харам мен халал» (арам мен адал), «өзіңе қалағаныңды басқаға да қала» деген қағидалар болмайды. Олардың басты қаруы — қатігездік пен шапқыншылық.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.