Түркістан облысы: Отырар ауданында дін мамандары жастарға білімді адам адаспайтынын түсіндірді

Қазіргі таңда діни сауатсыздығының кесірінен ұлт қауіпсіздігіне қатер төндіретін жатқа жалтаңдап, халқымыздың салты мен дәстүріне керағар дүние жасап жатқандар жиі кездесіп жатады. Жат ағымды жақтаушылар арасында жасөсіпірімдердің болуы бұл салаға ерекше көңіл бөлуді қажет ететінін анық. Жастарымыздың осындай қателіктерге ұрынуына басты себеп – дұрыс пен бұрыстың аражігін ажырата алмай ғаламтор беттеріндегі түрлі жат ағымдардың сайттарына кіруі. Діни сауаттылығы әлсіз адамдарды бұл үлкен қатерге алып баруда. Ұлттық құндылықтарымызға, ұстанып отырған салт-дәстүрімізге қайшы келетін жат ағымдар қоғамға да адамға да кері әсерін тигізбей қоймайды. Сондықтан жастар арасында мұндай келеңсіз жағдайлардың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырудың маңызы зор.

Осы орайда бүгін аудандағы П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебі, Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясы, «Темір» жалпы орта мектебі, С.Әлиев атындағы жалпы орта мектебі мен Д.Құрманбек атындағы №20 колледжінде «Жасөспірімдер арасында жат діни ағымдардың алдын алу» тақырыбында мектеп оқушыларымен және студенттермен кездесу өтті.

Кездесуге «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мекемесінің теолог маманы Б.Өтеген мен аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Қ.Жандарбековтер қатысып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Жиында тақырып аясында қоғамдағы өзекті мәселелерге жан-жақты тоқталған қонақтар технология дамыған заманда жастарымыз бар ынта-жігерін тек білім алуға жұмсау керектігін атап өтті. Ол өз сөзінде ішкі тұрақтылық пен дәстүрлі рухани құндылықтарға баса назар аударудың маңыздылығына тоқталып өтті.

Бердуәлі Өтеген жастарды теріс ағымның жетегінде кетпес үшін, кез келген ақпаратты алу үшін тек ресми сайттарды пайдалануға шақырды. Іс-шараның соңында студенттер мен оқушылар аталған тақырып бойынша өздерін қызықтырып жүрген сұрақтар қойып, қойған сауалдарына толыққанды жауап алды.

Айта өтейік, Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатын іске асыру жөніндегі 2021–2023 жылдарға арналған кешенді жоспар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №953 қаулысымен бекітілген. Бүгінде Қазақстан жаһандық өркениетаралық, дінаралық және конфессияаралық диалогтың ірі әрі беделді акторларының бірі болып табылады. Қазақстандық көпэтноконфессиялы мемлекеттегі бейбітшілік пен келісімді, мәдениеттер мен діндердің бірегей диалогын бүкіл әлемдік қауымдастық, БҰҰ, ЕҚЫҰ, Өркениеттер альянсы, ИЫҰ, БИЛ, ЮНЕСКО сияқты жетекші халықаралық өзара іс-қимыл құрылымдары /институттары мен әлемдік және дәстүрлі діндердің беделді көшбасшылары мойындағаны белгілі. Қазіргі уақытта 130-дан астам этнос пен 18 конфессия өкілдері Қазақстанда татулық пен келісімде өмір сүруде. Конфессияаралық келісім саласындағы қазақстандық тәжірибе көп жағдайда бірегей. Республикада дәстүрлі діни бірлестіктерден (ислам және христиан) бастап елде бұрын болмаған жаңа діни нанымға дейінгі діни бірлестіктердің кең ауқымы бар. Түрлі көзқарастардың, дәстүрлер мен мәдениеттердің сан алуан болғанына қарамастан, Қазақстан діни тұрғыдағы қақтығыстар туындамайтын мемлекет болып қалады. Қоғамдағы тұрақтылықтың қамтамасыз етілуі, Қазақстандағы діни дәстүрлердің жаңғыруы мен дамуы, діни сенім бостандығын қамтамасыз етуге, қоғамдық келісім мен қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға бағытталған салмақты әрі сындарлы мемлекеттік саясаттың нәтижесі болып табылады. 2019 жылғы әлеуметтік сауалнамалардың деректері көрсеткендей, респонденттердің 76 %-ы елдегі діни ахуалды «қолайлы», «тұрақты» деп бағалайды. Дінаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты азаматтардың 89 %-дан астамы қолдайды. Бұл көрсеткіштер дін саласында мемлекет қабылдап жатқан шаралардың діни ахуалдың тұрақтануына ықпал ететін және қоғамда кеңінен қолдау табатын шаралар ретіндегі тиімділігі мен нәтижелілігін айғақтайды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады деп көрсетілген, өзінің дін саласындағы саясатын мемлекет бүгінде соған сәйкес іске асырады. Алайда, объективті және субъективті факторлардың әсерінен қазіргі әлем өзінің дүниетанымы жағынан да, әлеуметтік-экономикалық жағынан да аса күрделі өзгеріске ұшырауда. Тұтастай алғанда, бұл жағдайлар орныққан басымдықтар мен құндылықтардың жойылуына, сондай-ақ жаһандық ауқымда, оның ішінде дін саласындағы жаңа қауіп-қатерлерге әкеледі.

Жоспарға сәйкес, күтілетін нәтижелер төмендегідей болмақ: Діни қызмет саласының негізгі индикаторлары:

1) 2023 жылға қарай Қазақстан халқының дін саласындағы мемлекеттік саясатты қолдау деңгейі кемінде 90,7 %;

2) 2023 жылға қарай халықтың ел дамуының зайырлы қағидаттарын қолдау деңгейі 64 %-дан кем емес.

3) 2023 жылға қарай деструктивті діни көзқарасты ұстанатын азаматтар қатарынан ақталған адамдардың үлесі 14,1 %-дан кем емес.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.