Түркістан облысы: Отырар ауданында ардагерлер кеңесінің пленумы өтті

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында ардагерлер кеңесінің кезектен тыс пленумы болып өтті. Оны аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Өксікбаев ашып, есепті кезеңде атқарылған жұмыстарға байланысты баяндама жасады.

Жиынға облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Әбдішүкір Сапарбеков, аудан әкімінің орынбасары А.Құлмаханов, ауылдық округтің ардагерлер кеңесінің төрағалары қатысты.

Өз кезегінде Айдос Құлмаханов: «Сіздерді алда келе жатқан қарттар күні, мейірім мен ізгіліктің белгісі болған мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын.

Сіздер кейінгі ұрпақты ізгілік пен мейірбандылыққа, Отанымызға адал қызмет етуге, айналадағы адамдардың өмірге, қоғамға деген оң көзқарасын қалыптастыруға үйретіп келесіздер. Егемен еліміздің жарқын болашағына сеніммен қарауды, жақсы күндерді еселі еңбегімізбен жақындатуды біз сіздерден үйреніп келеміз» — деп, жүрекжарды тілегін білдірді.

Ауданда бүгінгі күнге дейін ел игілігі үшін түрлі әлеуметтік қызмет саласында еңбек етіп жүрген ардагерлер аз емес. Соның бірі, 17 жыл ардагерлер кеңесінің хатшысы болып қызмет етіп, бүгінде сексеннің сеңгіріне шыққан Сатыбалды Жаңабайұлын айтып өтуге болады.

Бүгін жиынның маңызды тұсына тоқталсақ, Отырар аудандық ардагерлер кеңесінің хатшысы етіп бірауыздан ауданның әлеуметтік-экономика салында ұзақ жылдар бойы қызмет етіп зейнеткерлікке шыққан ардагер Қосмаханбет Төлепті сайлады. Жаңа хатшыға облыстық адагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Ә.Сапарбеков пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Өксікбаевтар жұмысына сәттілік тіледі.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.