Түркістан облысы: Отырар ауданында егіс көлемі 1351 гектарға артты

Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Отырар ауданының әкімі Сәкен Сұлтанханов айтты. Ол 2022 жылы атқарған жұмыстары мен 2023 жылы алға қойған жоспарлары туралы есепті баяндамасында бірқатар деректер мен дәйектерді тілге тиек етті.

Сөзінің басын: «Құрметті брифингке қатысушылар! Төрге шыққан төртінші билік өкілдерімен еліміздің рухани астанасы — Түркістан төрінде кезекті рет кездесіп отырғаныма қуаныштымын. Топырағын түртсең, тарих толғаған Отырар жері ықылым заманнан өркениеттің, мәдениет пен өнердің ордасы ретінде аты қалды.

 Қасиетті топырақта 30-дан астам әл-Фарабилер шоғыры, Шәмшідей вальс королі, Өзбекәлідей мәдениет мақтанышы, күш атасы — Қажымұқан, Мұхтардай әлем ақыны дүниеге келсе, еңбек майданында 30-ға жуық Социалистік Еңбек ері өскелең ұрпаққа өнеге көрсетті.

Отырар ежелден Түркістанмен байланысын үзген емес. Түркістан күллі түркі жұртының алтын бесігі болса, Отырар – ірі сауда орталығы әрі қазақ өркениеттің алтын діңгегі болды. Тарихы тереңнен басталған Отырардың бүгінгі тыныс-тіршілігі туралы баяндап өтуге рұқсат етіңіздер» — деп бастаған аудан әкімі сала-сала бойынша тереңірек тоқталды.

Отырар ауданы бойынша жалпы халық саны 51 640 адамды құрайды. Отбасы саны — 10 500. Аудан аумағы 1 миллион 675 мың 743 гектарды алып жатыр. Ал экономикалық белсенді халықтың санын білгіңіз келсе, 23 мың 478 адам. Ауданның әкімшілік бөлінісі 13 ауыл округіндегі 38 елді мекеннен құралған.

Алдымен ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕР жайлы. 2022 жылдың қорытындысына үңілсек, жалпы өңірде өндірілген өнім көлемі 91 миллиард 973 миллион 963 мың теңгені құрап, 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 66 миллиард 779 миллион 600 мың теңгеге немесе 137,7-% ға артық орындалған екен.

Бұл тұста анықтама үшін айта кететін мәселе:

— Негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 24 миллиард 948 миллион 200 мың теңге болып, нақты көлем индексі 152,2 пайызға артты;

— Бөлшек сауда көлемі 4 миллиард 059 миллион 227 мың теңге болып, нақты көлем индексі 101,9 пайызға өсті;

— Өнеркәсіп өнімінің көлемі 18 миллиард 849 миллион 236 мың теңге болып, нақты көлем индексі 108,0 пайызға жоғарылады;

— Құрылыс жұмыстарының көлемі 8 миллиард 613 миллион 600 мың теңге болып, нақты көлем индексі 249,0 пайызға ұлғайды;

— Іске қосылған тұрғын үйлер — 18 657 шаршы метр, нақты көлем индексі 109,1 пайызға табан тіреп отыр;

— Жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 35 миллиард 503 миллион 700 мың теңге болып, нақты көлем индексі 104,2 пайызға орындалды.

Бұдан кейінгі әңгіме аудан БЮДЖЕТІ туралы болды. Отырар ауданы бюджетінің кірістер жоспары 15 миллиард 799 миллион 957 мың теңгені құрапты. Жергілікті өзіндік кірістер жоспары 1 миллиард 800 миллион 651 мың теңге болып бекітілген, орындалуы 1 миллиард 876 миллион 962 мыңға теңгеге жетіп, 104,2 пайызға немесе 76 миллион 311 мың  теңгеге артық орындалған.

Аудан бюджетінің шығыстар жоспары 15 миллиард 799 миллион 957 мың теңге болса, орындалуы 15 миллиард 613 миллион 398 мың теңгені құрап, бюджет 98,8 пайызға орындалыпты.

Ал 2023 жылы ауданның өзіндік кірістері 2 миллиард 80 миллион 425 мың теңгеге немесе 2022 жылмен салыстырғанда (айырма — 259 миллион 546 мың теңге) 15,6 пайызға ұлғайтылып бекітілген екен.

Сәкен Сұлтанханов АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНА ойысқанда әуелі егін шаруашылығына тоқталып өтті.

«Ауыл шаруашылығы саласы бойынша жалпы егіс көлемінің 2022 жылғы жоспары 34 844 гектар болса, орындалуы 36 195 гектарды құрап, егіс көлемі 1351 гектарға артқан.

2022 жылы жалпы ауыл шаруашылығы өнімі көлемінің жоспары 33,4 миллиард теңге болса, жыл көлемінде жиналған өсімдік шаруашылығының және мал шаруашылығы өнімдерінің есебінен орындалуы 35,5 миллиард теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 104,2 пайызды құрады (оның ішінде, өсімдік шаруашылығы — 21,4 миллиард теңге, мал шаруашылығының өнімі — 13,8 миллиард теңге). Яғни, өткен жылмен салыстырғанда 4,4 миллиард теңгеге артқан (2021 жылдың 12 айында — 30,1 миллиард теңге).

Ал, ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға тартылған инвестицияның жоспары 3,0 миллиард теңге болса, жыл қорытындысымен 8,8 миллиард теңгеге орындалып, жоспар 3 есеге артығымен орындалды. Сонымен қатар, тамақ өнімдерін өндіруге тартылған инвестиция көлемінің жоспары 380,2 миллион теңге болса, орындалуы 100 пайызды құрады» — деді ол.

Мал шаруашылығы бойынша да Отырар ауданында ілгерілеу байқалады. Айталық, 2022 жылдың қорытындысымен мал басының өсімі өткен жылдың осы кезеңмен салыстырғанда өскен. Атап айтсақ: мүйізді ірі қара 59 927 бас немесе 101,4 пайызға, уақ мал 408 089 бас немесе 105,8 пайызға, жылқы 19 445 бас немесе 106,3 пайызға, түйе 9 700 бас немесе 101,6 пайызға артқан.

Мұнан соң КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНА кезек келді. 2022 жылға өнеркәсіп өнімі көлемінің жылдық жоспары 18 миллиард теңге болса (нақты көлем индексі — 103,4%), 12 айлық статистикалық дерекке сәйкес орындалуы 18 миллиард 849 миллион 236 мың теңге болып, нақты көлем индексі 108 пайызды құрапты (2021 жылдың 12 айында — 14,9 миллиард теңге).

2022 жылы негізгі капиталға салынған жалпы инвестициялар көлемінің жылдық жоспары 23 миллиард 600 миллион теңге болса, орындалуы 24 миллиард 948 миллион 200 мың теңге болып, нақты көлем индексі 152,2 пайызды құраған екен. (Оның ішінде: бюджеттік инвестиция — 3 миллиард 820 миллион теңге, жеке қаржы есебінен — 21 миллиард 128 миллион теңге).

Сәкен Сұлтанхановтың айтуынша, 2023-2024 жылдары ауданға жалпы 66 миллиард 970 миллион теңге инвестиция тарту жоспарланып отыр. Осыған орай, бүгінгі таңда 26 инвестициялық жобалар іріктеліпті. Оның ішінде ірі деп саналған 7 жоба бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда:

— жүгеріден биоэтанол өнімін шығару жобасы, «Отырар Био Тех» ЖШС, құны — 50,0 миллиард теңге;

— күн электр энергиясын өндіру бойынша «Arm Wind» ЖШС-і, құны — 12 миллиард 500 миллион теңге;

— 400 бастық сүт фермасы және құрама жем шығару кәсіпорны, «Ontustik Altair» ЖШС, құны — 1 миллиард 100 миллион теңге;

— құрама жем шығару кешені, «Созақ балық өнімдері» СТК, құны — 1 миллиард 200 миллион теңге;

— тауарлы балық шаруашылығын дамыту жобасы, «Жұлдыз» шаруа қожалығы, құны — 550 миллион теңге;

— ет және сүт өнімдерін өндіру, «Есжанов Отырар» ЖК, құны — 250 миллион теңге;

— шұжық цехтарын ашу бойынша «Нұрсейіт» ЖК, құны — 150 миллион теңге.

«Одан бөлек, құны 1 миллиард 220 миллион теңгені құрайтын 18 шағын жобалар (мал, құс шаруашылығы, сауда, қызмет көрсету және шағын өңдеу цехтары) іске асырылатын болады» — дейді аудан басшысы.

 

Брифинг барысында Отырар ауданында ӘЛЕУМЕТТІК САЛА бойынша да ауыз толтырып айтатын көрсеткіштер барын аңғардық.

Мәселен, 2022 жылы «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» шеңберінде 3419 азамат жұмыспен қамту шарасына қатысып, бұл реттегі жоспар 120,2 пайызға орындалыпты.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу тапсырмасына сәйкес, ауыл округтерінде 371 тұрақты жұмыс орны ашылып, жоспар 120 пайызға орындалып отыр.

2022 жылдың 12 айында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 417 отбасы өтініш білдіріп (2461 адам), 134,8 миллион теңгеге әлеуметтік көмек төленгені тағы бар.

Сондай-ақ, 408 балаға (1-6 жас) 4263 дана азық-түлік және 1441 дана гигиеналық құралдар жиынтықтары берілген (25,5 миллион теңге).

2022 жылы «Қамқорлық» бағдарламасына сәйкес, 22 отбасыға демеушілер есебінен 14 миллион 760 мың теңгенің қаржылай және заттай көмектері көрсетіліпті.

Нәтижесінде аз қамтамасыз етілген азаматтардың жалпы халыққа шаққандағы үлесі 4,7 пайызға азайып отыр.

Ал 2023 жылы «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы» аясында 3690 адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр.

Оның ішінде, нақтылай кетсек:

әлеуметтік жұмыс орындарына -190,

жастар практикасына — 410,

қоғамдық жұмыс орындарына — 600,

алғашқы жұмыс орындарына — 45,

күміс жас — 45,

мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арнайы әлеуметтік жұмыс орыны — 1,

Кәсіпкерлік белсенділікті арттыру мақсатында мемлекеттік грант — 65,

кепілді шағын несие жастарды қолдау — 25,

кепілді шағын несие -129,

тұрақты уақытша жұмыс орындары -1359,

10 мың тұрғынға 100 жұмыс орындарын ашу — 662,

ұлттық жобалар арқылы 159 жұмыс орнын ашу межеленген.

АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ бойынша да Отырар ауданында алға жылжу бірден көзге түседі. Мысалы, Отырар ауданы бойынша 38 елді мекеннің 33 елді мекені орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтылған (50306 адам немесе 97,5%). Әрине, бұл тұрғыда аудан әкімі 5 елді мекенде орталықтандырылған ауызсу жүйесі жүргізілмегенін де жасырмады. Олар: Бестам, Жанкел, Ызакөл, Сырдария, Ақкөл ауылдары.

Әйткенмен 2022 жылы Бестам (халық саны — 151), Жанкел (халық саны — 191), Ызакөл (халық саны — 275) елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ету жүйелерінің құрылысы басталған, 2023 жылға өтпелі. Сонымен қатар, Қарақоңыр ауыл округіндегі Сырдария (халық саны — 352) елді мекеніне жобалық-сметалық құжаттама әзірлену үстінде.

2025 жылы Балтакөл ауыл округіндегі Ақкөл (халық саны — 365) елді мекенін таза ауыз сумен қамтамасыз ету межеленген екен. Әкімнің сөзінен ұққанымыз, қазіргі таңда облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан геологиялық іздеу-барлау жұмыстарына мемлекеттік сатып алу шаралары ұйымдастырылып жатыр.

«Жобаны жүзеге асыру барысында ауыз сумен қамтылмаған бес елді мекендегі 1334 ауыл тұрғыны сапалы ауыз сумен қамтылып, 2025 жылы аудан бойынша ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту үлесі 100 пайызға жеткізу жоспарланып отыр» — деді Сәкен Сұлтанханов.

Сондай-ақ, ол ауданға қарасты бірқатар елді мекендердің ауызсу жүйелері тозығы жетіп, күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етіп отырғандығын ашық айтты. Осыған орай, Жаңа Шілік, Аққұм, Балтакөл, Маяқұм елді мекендерінің ауызсу жүйелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті бюджет есебінен жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп жатқанын естіп-білдік.

Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің алдында аудан басшысы ГАЗБЕН ҚАМТУДЫҢ жай-күйі туралы да мол мағлұмат берді.

«Отырар ауданын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында 2014-2017 жылдары автоматтандырылған газ тарату станциясы (АГТС) салынып, Шәуілдір елді мекеніне дейін 51,4 шақырым газ құбыры тартылған. АГТС арқылы 2025 жылға 34 елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ету жоспарланып, бүгінде 22 елді мекенге жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленген. 2022 жылдың есепті кезеңінде 13 елді мекенде газ құрылысы аяқталып, бүгінгі таңда 12 елді мекендегі 2139 абонент (қосылуы — 66 пайыз) табиғи газға қосылған. Олар: Ақтөбе, Жаңа Шілік, Ескі Шілік, Қарақоңыр, Ш.Қалдаяқов, Мыңшұқыр, Ынталы, Қоғам, Бестораңғыл, Ақтам, Талапты, Шәуілдір елді мекендері, халық саны — 20759, абонент саны – 3239» — деді аудан әкімі.

Ал 2023 жылы 9 елді мекен (Темір, Арыс, М.Шойманов, Қарғалы, Отырар, Көкмардан, Шытты, Сарыкөл, Сырдария елді мекендері, халық саны — 16123, абонент — 2681) табиғи газға қосылған жағдайда аудан халқының 72 пайызы (5981 абонент, 37113 тұрғын)  табиғи газбен қамтылатын болады.

Бұдан бөлек 2024 жылы Қостүйін елді мекенін газға қосу жоспарланып отырғанын білдік. Сәкен Сұлтанхановтың жоспарлауынша, 2023 жылы Сырдария өзенінің сол жағалауында орналасқан 12 елді мекеннің   жобалық-сметалық құжаты әзірленіп (Аққұм, Жанкел, Көксарай, Ызакөл, Шеңгелді, Қостерек, Бестам, Маяқұм, Үштам, Көлқұдық, Балтакөл, Ақкөл елді мекендері, халық саны — 14312, абонент — 2243), 2025 жылға газ құрылысын аяқтап, ауданның жалпы газбен қамтылуы 99,6 пайызға жетеді деп күтілуде.

Енді Отырар ауданындағы ЖОЛ-КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ туралы бірер сөз. Аудан көлеміндегі жалпы автокөлік жолдардың ұзындығы 863,25 шақырымды құрайды. Оның ішінде қанағаттанарлық жағдайдағысы — 543,93 шақырым (63 %). Нақтылай айтсақ, облыстық маңыздағы жолдар — 325,9 шақырым, қанағаттанарлық жағдайдағысы — 192,28 шақырым (59%). Аудандық маңыздағы жолдар — 109,65 шақырым, қанағаттанарлық жағдайдағысы — 90,15 шақырым (82,22%). Ішкі көшелер — 427,7 шақырым, қанағаттанарлық жағдайдағысы — 261,5 шақырым (62%). Оның ішінде: асфальт көше — 261,5 шақырым; тас көше — 87,3 шақырым; топырақ көше — 78,9 шақырым.

«2022 жылы ұзындығы 19,8 шақырымды құрайтын 26 көшеге орта және ағымдағы жөндеу жұмыстары жергілікті бюджеттен (сметалық құны — 303,8 миллион теңге) жүргізілді.

Ауылдық округтер төртінші бюджеті есебінен 7 шақырымды құрайтын 15 көшеге ағымдағы, орта жөндеу жұмыстары (39,8 миллион теңге) жүргізілді.

   2023 жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 19,6 шақырымды құрайтын 10 ішкі көшеге (518,4 миллион теңге) және жергілікті бюджет қаржысы есебінен 24,3 шақырымды құрайтын (417,9 миллион теңге) 17 көшеге орта жөндеу жұмыстары жоспарланып, қанағаттанарлық дәрежедегі жолдар 305,4 шақырымды (72,0 %) құрайды деп күтілуде» — деп атап өтті Сәкен Сұлтанханов.

АБАТТАНДЫРУ, КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ бойынша Отырар ауданында бірқатар жұмыстар атқарылған. Оны аудан әкімі арнайылап айтты.

Мәселен, 2022 жылы Шәуілдір ауылындағы М.Әуезов көшесіне (45,176 миллион теңге) және Мыңшұқыр ауылына көп функционалды спорттық ойын алаңшалары (35,017 миллион теңге) пайдалануға берілген.

Сонымен қатар 2022 жылы 4 елді мекенде (Балтакөл, Шытты, Қарғалы, Қостерек) спорт және балалар ойын алаңшалары пайдалануға беріліпті.

Ал Темір ауылындағы М.Әлиев көшесін абаттандыру жұмыстарына (94,15 миллион теңге) қаржы қаралып, абаттандыру жұмыстары жүргізіліпті (келісімшарт құны 72,576 миллион теңге).

«Қазіргі заман талабына сай елді мекендерде балалар ойын алаңшалары мен спорт алаңшаларын салу бойынша тұрғындардан сұраныстар көптеп түсіп жатыр» деген аудан басшысы биыл жергілікті бюджет қаражаты есебінен Аққұм, Ақтөбе, Ш.Қалдаяқов, Жаңа Шілік, Ескі Шілік елді мекендеріне балалар ойын алаңшасын салуға сметалық құны 151,6 миллион теңге, Шеңгелді, Талапты, Арыс, Көлқұдық, Маяқұм елді мекендерінен спорт алаңшаларын салуға сметалық құны 125,8 миллион теңге қарастырылып отырғандығын жеткізді.

Бұдан бөлек Шәуілдір-Темір автокөлік жолының ортасына абаттандыру жұмыстары жалғасын табады (сметалық құны 72 миллион теңге) екен. Оған қоса Отырар ауданының кіреберіс қақпасының төңірегі жаңартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілетін болады (смета құны — 45 миллион теңге).

Бұдан кейін Сәкен Сұлтанханов ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ САЛАСЫ туралы сөз қозғады. «Аудандағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі — 643 398 гектар. Оның ішінде: суармалы жерлер — 43 492 гектар, жайылымдық жерлер — 594 890 гектар, шабындық жерлер — 1294  гектар, көп жылдық екпелер 433 гектарды құрайды» — дей келе, аудан әкімі Отырар ауданында пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатқандығын тілге тиек етті. Оның айтуынша, бүгінгі таңда 79 055  гектар (оның ішінде: 4142,0 гектар — суармалы, 74708,0 гектар — жайылым, шабындық — 204 гектар) жерлердің қаулылары жойылып, ауданның арнайы жер қорына қайтарылған. Әйтпесе 2022 жылға жоспар ретінде 67,5 мың гектар межеленген екен.

Сондай-ақ, агроқұрылымдардың мақсатына сай игермеген 162 703,81 гектар (оның ішінде: суармалы — 8191,7 гектар, жайылым — 154 512,11 гектар) жерлері анықталып, тізімі 2022 жылы Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаментіне шара көру үшін жолданыпты. Бұдан бөлек биыл ірі агроқұрылымдармен екі жақты меморандум жасау арқылы елді мекенге жақын орналасқан 94 200 гектар жайылымдық жерлерді ортақ жайылым ретінде пайдалану үшін келісім жасалыпты. Ал 2022 жылға жоспар 90,7 мың гектар болған екен.

Аудан әкімінің сөзінен түйгеніміз, қазіргі уақытта ауыл округтері бойынша 50,6 мың гектар ортақ мал жайылым жерлері бар.

2022 жылы мақсатына сай пайдаланбай жатқан жерлерге түгендеу жұмыстары жүргізіліп, қажетті жайылым жерлерді пайдаланбай жатқан жерлердің есебінен қамтамасыз ету үшін 2023 жылы 30,0 мың гектар жерлерді елді мекеннің ортақ мал жайылым жеріне беру жоспарланыпты.

ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫ келсек. 2022 жылы 18 657 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, өткен жылдың (17 100 шаршы метр) есепті кезеңімен салыстырғанда 109,1 %-ды құрап отыр. Сонымен қатар 2022 жылы 8 миллиард 613 миллион 600 мың теңгенің (2021 жылы 2,196 миллион теңге) құрылыс жұмыстары жүргізіліп, көрсеткіш 2021 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 2,5 есеге артық орындалған.

Айтпақшы, 2022 жылы Қоғам ауыл округіне қарасты Талапты ауылындағы дәрігерлік амбулатория (жобалық құны — 450 миллион теңге) құрылысы басталыпты, 2023 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Есепті жылы Балтакөл ауылындағы 200 орындық және Аққұм ауылындағы 100 орындық мәдениет үйлері де пайдалануға берілді.

«Аққұм, Шытты ауылдарындағы медициналық емдеу мекемелері ғимараттарының  тозығы жетуіне байланысты 2023 жылы жаңа ғимараттың жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеп, 2024 жылы құрылысын жүргізу көзделген. Аталған жобалар іске асқан жағдайда аудан орталығынан қашықта орналасқан елді мекендердегі 3 175 тұрғын сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз етіледі» — деді аудан басшысы.

2023 жылы Ақтөбе, Шойманов ауылдарындағы 150 орындық мәдениет үйлерінің құрылысына «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы аясында ұлттық қордан 200,0 миллион теңге қаржы қарастырылған. Құрылыс жұмыстары 2024 жылға өтпелі.

Аудан бойынша 1 мектептің құрылысын аяқтау, 1 мектеп құрылысын салу және 1 мектеп жанынан қосымша жай салу жоспарда бар.

2023 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен жаңа тұрғын алаптарын инженерлік жүйелермен қамтамасыз ету бойынша 3 жоба іске асырылуда:

— Шәуілдір ауылындағы Қызыл Түркістан жаңа тұрғын алабын электр қуатымен қамтамасыз ету жүйесінің құрылысына (құрылыс-монтаждау жұмыстарының құны — 114,2 миллион теңге) 2022 жылы ұлттық қор есебінен 102,7 миллион теңге қаралып, игерілген. 2023 жылға құрылыс жұмыстарын аяқтау үшін 11,5 миллион теңге қарастырылып, жұмыстар жүргізілді.

— Шәуілдір ауылындағы жаңа ықшам ауданында газ құбырын салу (сметалық құны —  350,8 миллион теңге);

— Темір ауылындағы жаңа тұрғын алабының электр жүйесімен қамтамасыз ету құрылысына (сметалық құны — 495,8 миллион теңге) мемлекеттік сатып алу конкурстары өтіп жатыр. Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде 509 жер учаскесі газбен, 443 жер учаскесі электр желісімен қамтылады.

Отырар ауданы әкімі брифингтің соңына қарай БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТТЫ ДАМЫТУҒА ойысты. «Бүгінгі таңда ауданда 3 спорт мектебі және 1 «Отырар спорт клубы» жұмыс істейді. 2022 жылы «Отырар спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ашылып (24 штат бірлігі бар, 5 жаттықтырушы, 14 спорт нұсқаушы), тұрақты жұмыс атқарып келеді. Жалпы, спорт мектептерінде  спорттың 19 түрінен 227 үйірмеде 2707 балаға 116 жаттықтырушы өз қызметтерін атқарады.

Бұқаралық спортты дамыту мақсатында 2022 жылы аудан аумағында 165 (5 республикалық, 12 облыстық, 148 аудандық деңгейдегі) бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 21855 адам қатысты. Бүгінде ауданда дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде шұғылданушылар саны 20 100 адамға жетіп, халық санына шаққанда спортпен шұғылданушылар 39,0 пайызды құрады.

Биыл аудан спортшылары спорттың 11 түрі бойынша Әлем, Азия, Республика, облыстағы чемпионаттар мен кубоктарға қатысып, жалпы 92 алтын, 94 күміс, 152 қола медаль жүлделерін жеңіп алды» — деп қорытындылады өз сөзін Сәкен Сұлтанханов.

Мұнан соң журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап қатты.

Тұтқабай ЕСЕНБАЙҰЛЫ.

 

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

3 Comments

  1. Букмекерская контора 1win – одна из самых популярных площадок, где пользователи могут делать ставки, играть, делать ставки и т. д. Для привлечения новой аудитории данная букмекерская контора предлагает новичкам отличный бонус – возможность получить до 200 000 бонусов за 4 депозита. И для этого покупателям даже не нужно вводить промокоды. Вам просто нужно зарегистрироваться в этом сервисе.

    Промокод 1вин 2024: m1WIN2024 — это уникальный код, который необходимо указать при регистрации для получения бонуса 500% до 75 000 рублей. Это предложение доступно только новым игрокам, которые могут претендовать на приветственный бонус 1Win.
    Для постоянных клиентов букмекерская контора постоянно выпускает новые промокоды 1win, ведь с этими бонусами клиентам гораздо приятнее пользоваться услугами этой букмекерской конторы. Промокод – это уникальный набор букв и цифр, активация которого позволяет человеку получить бонус. В этом обзоре мы расскажем, где взять новые промокоды 1win и как их активировать для получения бонусов.
    Актуальный промокод 1Win 2024 вы можете найти на различных страницах с информацией о бонусах в букмекерских конторах. Продажи также осуществляются через партнеров компании. Лучшее место для поиска купонов – Telegram-канал букмекерской конторы. Новые ваучеры появляются там каждый день. 1Win может отправить промокод индивидуально уже зарегистрированному клиенту. Например, по случаю годовщины регистрации или просто дня рождения клиента.
    С промокодом 1WIN новые игроки могут значительно увеличить сумму своего первого и последующих депозитов. Полученные бонусы можно использовать в игре и в случае успеха перевести на свой электронный кошелек. Максимальная сумма бонуса – 75 000 рублей.
    Отдельной вкладки для проверки комбинаций нет. Если введено правильно, система активирует бонусное предложение. Во вкладке «Ваучер» в личном кабинете появится сообщение при вводе промокода 1Vin. Отсюда вы сможете увидеть, правильно ли была введена комбинация.
    Источник: https://mmocenter.ru/blog/promokod-1win-promokody-1vin-pri-registracii-na-segodnya/

  2. Первый шаг к увеличению бонуса при регистрации или совершении ставок. Текущий промокод 1xbet на сегодня — 1x_109745. На вкладке «Регистрация» у вас есть выбор: бонус в ставках на спорт и бесплатная ставка в казино.
    Чтобы получить Промокод 1xbet, вы должны стать активным игроком. Для этого вам необходимо зарегистрироваться и пополнить свой счет. Бонус на депозит предоставляется бесплатно всем новым игрокам согласно акции.
    Для регистрации необходимо найти актуальное на сегодня зеркало и ввести сегодняшний промокод 1x_109745. Вы можете зарегистрироваться в один клик – по электронной почте, номеру телефона или в социальных сетях. Сети. Далее заполните форму в личном кабинете. Обратите особое внимание на обязательные поля под звездочкой. Если вы заполните его правильно, вы получите сообщение «Данные успешно сохранены». Бонус становится доступен после первого пополнения игрового счета одним из способов из блока пополнения.
    Бонусы 1xbet можно получить в рублях, долларах и евро, в зависимости от того, из какой вы страны. Каждый пользователь, который зарегистрируется на официальном сайте и воспользуется промокодом, получит бонусы от букмекерской конторы 1xbet.
    Размер бонуса по промокоду конторы 1xBet будет равен 100% от суммы первого депозита от 100 до 6500 рублей. Вы можете использовать промокод дня 1xbet только один раз; Вы получите бонусные деньги сразу после пополнения баланса. Этот бонус необходимо отыграть в течение месяца. Оборот должен превышать сумму, зачисленную на бонусный счет, в 5 раз. Делайте экспресс-ставки на 3 исхода с коэффициентом выше 1,4. На 1xbet вы можете делать ставки на спортивные события, использовать прогнозы капперов, чтобы получить максимальные условия, используйте наш промокод при регистрации 1xbet — 1x_109745.

    Промокод 1хбет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.