
Қарттарын ардақтай білген елдің рухы үстем, шаңырағы биік. Шындығында да өсетін елдің өнегелі ұрпағы қазыналы қариясын құрметтеп, кейуанасын сыйлауды әрқашан өмірлік қағида тұтқан.
Осы мақсатта 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай аудандық орталық кітапхана мен «Белсенді ұзақ ғұмыр» орталығының бірлесуімен «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты мерекелік сазды кеш өткізілді. Шақырылған қонақтарды әсем әнмен қарсы алып, аудандық орталық кітапхана директоры Айнагүл Рыскелді мерекемен құттықтап, «Белсенді ұзақ ғұмыр» орталығының қызметкері Еркебұлан Бекмұратов орталық жұмысымен таныстырып өтті. Ардагер Кәрім Қаныбеков өлең-жырларын шашу етіп, ардақты қарияларымызға сый-сыяпат жасалды. Сонымен қатар әндер шырқалып, көтеріңкі көңіл күй сыйланды.
Орайы келгенде айта өтейік, Халықаралық қарттар күні 1990 жылы 14 желтоқсанда БҰҰ Бас ассамблеясында бекітіліп, жарияланды. Алғашында Қарттар күні Еуропада, кейін Америкада, ал 80-ші жылдардың соңында бүкіл әлемде аталып өтетін болды. Бұл мереке елімізде жыл сайын аталып өтіледі. Және оның аясында қарттарға құрмет көрсетіліп, түрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастырылады. Атап айтқанда, қарттарға құрмет көрсету акциялары, мемлекет тарапынан біржолғы қаржылай көмек, сондай-ақ, азық-түлік себеті, шипажайларға жолдама және тағы басқа. Сол секілді егде жастағы жандарға арналып мерекелік концерт те ұйымдастырылады.
Одан бөлек, қарттарға арналған ауқымды шараның бірі — «Белсенді ұзақ өмір» ұлттық жобасы. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі былтыр қолға алған жоба аясында еліміздің барлық өңірінде белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарын ашу жоспарланған. Жоспарға сай онда егде жастағы жандар бос уақытын өткізе алады. Аталған орталықта ағылшын тілін үйрену, компьютерлік сауаттылық курстарынан өту, емдік дене шынықтыру, би және тағы басқа шараларды өткізу қарастырылған. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі берген статистикаға сүйенсек, бүгінде елімізде жасы алпыстан асқан 3 миллионға жуық жан бар.
Облыс, қала және аудан басшыларынан бөлек, кәсіпорындар мен ұйым басшылары әлеуметтік қолдау шарасына орай ашық есік күнін ұйымдастырып жатыр. Министрлік мәліметіне сәйкес, 188,4 мың қарт жанды қамти отырып, барлығы 1,6 млрд. теңге сомасында біржолғы материалдық көмек көрсетіліпті.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
669250 17307Id need to consult you here. Which isnt some thing Which i do! I enjoy reading a post that can make people feel. Also, appreciate your allowing me to comment! 60810
757956 973146Really informative and fantastic bodily structure of content material , now thats user friendly (:. 141362