Түркістан облысы: Отырар ауданында «AMANAT LIDER» дебат турнирі өтті

Отырар ауданында «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының бастамасымен «AMANAT LIDER» дебат турнирі ұйымдастырылды. Аудандық мәдениет сарайында өткен пікірсайысқа 13 азамат қатысып бақтарын сынады.

Білімділер сайысының басты мақсаты – азаматтардың ораторлық қабілетін шыңдау, толеранттық тәртіппен азаматтық танымды дамыта отырып қоғамдағы маңызды мәселелер аясында азаматтардың өз көзқарастары арқылы шешім қабылдап, құқық сауаттылықты жан-жақты мониторрингтік зерттеулер жүргізе отырып пікірсайыс арқылы толығырақ насихаттау.

Турнирге қатысуға ниеттілердің қатарында тарих, физика, ағылшын пәндерінің мұғалімдері, кітапханашылар бар. Сайыстың алғашқы кезеңінде қатысушылар «Жаңа Қазақстанды құрудағы партияның рөлі» тақырыбында өз ойларын ортаға салды. Тақырып аясында қатысушылардың пікірі тыңдалған соң, модератор әр спикерге жеке сауал қойды. Берілген 3 минут аясында қатысушылар сұрақтарға жауап берді. Бірінші кезеңнен үздік деп танылған 4 қатысушы келесі сынға өтті.

Ал, екінші кезеңде қатысушылар «Ауданның өзекті мәселелері және шешу жолдары» тақырыбында пікірлерін айтып әрі бір-біріне сұрақ қою арқылы сайыс көркін қыздыра түсті.

Ой мен білім бәсекесінде аудандық әжелер алқасының төрайымы, ардагер ұстаз Күлзейнет Әлмешова, «Ұлағат» БПҰ төрайымы, партия ардагері Мейрамкүл Тұрлыбек, Ө.Жәнібеков атындағы лицей интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Рәзия Әбдіразаққызы, Отырар өнер және саз мектебінің ақындар сыныбының мұғалімі, ақын Дәурен Полатбаев, «Отырар алқабы» газетінің бас редакторы Ғалымжан Сәрсеков қазылық етіп, қатысушыларға әділ бағаларын берді.

Дебат додасының қорытындысы бойынша «Отырар» жалпы орта мектебінің мұғалімі Бауыржан Кәдірбек 3-орынды, С.Сейфулин атындағы жалпы орта мектебінің орыс тілі пәнінің мұғалімі Мейрамбек Махатбаев 2-орынды иеленді. Ал, тартысты өткен дебатта Темір жалпы орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Мұхтар Мәдіханов жеңімпаз атанып, Түркістан қаласында өтетін ақтық сайысқа жолдама алды.

Шара соңында аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов пен «AMANAT» партиясы Отырар аудандық филиалының атқарушы хатысы Абай Құрман сөз сөйлеп, жүлдегерлер мен жеңімпаздарға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтарды табыстады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.