Түркістан облысы: Отырар ауданының әкімі қос ауыл округінің тұрғындарымен кездесті

Аудан басшысы Сәкен Сұлтанхановтың ауыл тұрғындарымен кезекті кездесу жиыны Қарақоңыр және Темір ауыл округтерінде өтті. Қос кездесуде аудан әкімі жаңа оқу жылының алғашқы күніндегі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Қазақстан халқына арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты кезекті Жолдауында айтылған міндеттерге тоқталып, Президент реформалардың нақты бағдарларын айшықтап бергенін атап өтті.

Аудан басшысы өз сөзінде: «Биылғы Жолдаудың басты ерекшелігі – ол қазақстандықтардың табысын арттыруға, әлеуметтік жағдайын жақсартуға, орта және шағын кәсіпкерлікті одан әрі дамытуға, халықтың өмір сүруіне қолайлы, әрі қауіпсіз қоғамдық орта құруға бағытталған. Ең бастысы, ел экономикасының модернизациясы, әлеуметтік жаңғыру, жемқорлықпен күрес және құқық қорғау, сот жүйелеріндегі түйінді мәселелерді шешуге арналған. Бұл жұмыстарды еңсеру арқылы мемлекет өз дамудың жаңа дейгейіне көтеріледі. Президент Қ.Тоқаевтың әр Жолдауының тарихи миссиясы – Қазақстанымызды табысты да өркениетті, халқының тұрмысы жоғары, табысы мол қуатты елге айналдыру мақсатынан туындайды. Қай бір қоғам, қай бір заман болсын – табысы артқан, өмір сүру сапасы жоғары деңгейге тек ынтымағы ырысты, бірлігі бекем халықтар ғана жете білген. Сондықтан, бұл игі іске баршамыз біркісідей атсалысады деген үміттемін!» — дей келе, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға тоқталды.

Биыл сәуір айынан бастап барлық ауыл округтерінде 2 реттен тұрғындармен кездесу жиыны өткізіліп, нәтижесінде аудан бойынша 120 өзекті мәселелер көтерілген болатын. Соның ішінде 2022 жылдың 9 маусым күні Қарақоңыр округі тұрғындарымен кездесу жиынында 7 мәселе көтерілген болатын. Бүгінде аталған мәселенің барлығы да бақылауға алынып, орындалу үстінде. Бұдан бөлек Қарақоңыр ауыл округінде аудандық бюджет есебінен 2022 жылдың қыркүйек-қараша айларында Шәмші ауылындағы Шаттық көшесіне және Сақов көшесіне асфальт жол төселеді деп жоспарланып отыр. Қазіргі таңда Шәмші, Қарақоңыр ауылдарындағы тұрғын үйлерге ішкі газ жүйесін тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Шәмші ауылында 316 үй, Қарақоңыр елді мекенінде 35 үй бар, оның ішінде 287 тұрғын үйге техникалық шарт алынып, 211 үйге монтаждау жұмыстары жүргізіліп, 108 тұрғын үй табиғи газға қосылған. Сонымен қатар, ауданымызда алғашқы рет заманауи технологияларды қолдана отырып жаңбырлатып суғару әдісімен «Green Farm» ЖШС 30 гектар алқапқа арпа дақылын ексе, «РКП Жанұя» ЖШС 1 гектар жерге жылыжай кешенін салып, болгар бұрышын екті.

Түс ауа аудан әкімі Сәкен Асылханұлы Темір ауылындағы бірқатар нысандарды аралап, жұмыс барысымен танысты. Аралау барысында ауыл шаруашылығы өнімдерін арттыру және жол құрылысы жұмыстарын сапалы жүргізу бағыттары бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Мұнан соң темірлік ағайындармен кездесіп, тұрғындардың талап-тілектерін тыңдады.

Айта кету керек, ағымдағы жылы аудандық бюджет қаражаты есебінен Темір ауылындағы Мызанбаев көшесі мен Жаңа көшесіне асфальт жол төселді. Сондай-ақ, осы жылы Р.Әбдірайымов көшесіндегі (күн батыс бөлігі) жеке тұрғын үйлерді электрмен қамту құрылысы жүргізіліп, нысан пайдалануға берілді.

Қос ауыл округіндегі кездесуде де тұрғындар көкейде жүрген сауалдарын қойып тиісті мамандар тарапынан тұщымды жауаптар алса, жеке қабылдауда аудан әкіміне өз өтініштерін жеткізді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.