Түркістан облысы: Отырар ауданы тұрғындарының назарына!

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында Отырар ауданының әкімі Сұлтанханов Сәкен Асылханұлының халықпен кездесуі төмендегі ауыл округтерінде көрсетілген мерзімге сәйкес өтетіндігін назарларыңызға саламыз.

Балтакөл ауыл округі тұрғындарымен 2022 жылғы 6 қазан сағат 10.00-де Балтакөл ауылында;

Маяқұм ауыл округі тұрғындарымен 2022 жылғы 6 қазан сағат 12.00-де Маяқұм ауылында;

Аққұм ауыл округі тұрғындарымен 2022 жылғы 7 қазан сағат 10.00-де Аққұм ауылында;

Көксарай ауыл округі тұрғындарымен 2022 жылғы 7 қазан сағат 12.00-де Көксарай ауылында өткізу жоспарлануда.

Тұрғындармен кездесу өткізілгеннен кейін аудан әкімі азаматтарды жеке мәселесімен қабылдайды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.