Түркістан облысы: Сауран аудандық мәслихатының кезектен тыс он сегізінші сессиясы өтті

Бүгін Сауран аудандық мәслихаттың кезектен тыс он сегізінші сессиясы өтті. Жиынды мәслихат төрағасы Сержан Байысбаев төрағалық етіп, жүргізіп отырды. Сессияға аудан әкімі Мақсат Таңғатаров пен орынбасары, дербес бөлім басшылары, аудандық депутаттар мен ауылдық округ әкімдері қатысты.

Күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Онда Сауран ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы баяндама тыңдалды. Сонымен қатар, аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы №100 «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралып, бекітілді.

Сессия отырысында сөз алған аудан әкімі: «Құрметті, депутаттар! Біздің алдағы жоспарымыздың ең маңыздысы — ауылдарды дамыту. Ол бойынша көптеген жоба әзірледік. Коммуналдық өзекті мәселелер кезеңімен шешілуде. Аудандағы кәсіпкерлікті дамытуға аса ден қойып отырмыз. Кәсіпкерлік саласы ауданның кіріс бюджетін еселейтін мықты драйвер. Қазіргі таңда, ауыл округтердегі кәсіпкерлермен кездесу өткізіп жатырмын. Сондай-ақ, азаматтарды тұрғын үйлермен қамтамасыз ету мақсатында 2 көпқабатты 24 пәтерлі тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары басталды. «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында және жергілікті бюджет есебінен 29 елді мекен көшелерініе орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады» — деді.

Жиын соңында мәслихат төрағасы Республикалық қоғамдық-саяси газетінің «ДЕПУТАТ» 2024 Мәслихатқа 30 жыл» мерекелік төсбелгісін депутаттар Ержан Хабибуллаұлына, Дилмухаммад Хашимұлы мен Нұрсұлтан Пархадұлына табыстады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin