Түркістан облысы: Сауран ауданында «Жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігі» тақырыбында және жасөспірімдерді өмірлік дағдыға үйрету бойынша кездесу ұйымдастырылды

Ағымдағы жылдың 14 қарашасы күні Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Жібек Жолы ауылдық округы, Ескі Сауран ауылы, Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінде «Жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігі» тақырыбында және жасөспірімдерді өмірлік дағдыға үйрету (ораторлық қасиет, дағдарыстан шығу, ойлау қабілеті) бойынша «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің инспектор маманы Жандос Құрбанәлі, Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің психолог маманы Джусупова Салтанат Пиргаликызы, Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің оқу ісі жөніндегі меңгерушісі Абуов Рысқалидың қатысуымен мектеп оқушыларымен кездесу өтті.

Іс-шараның мақсаты — оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, жасөспірімдердің қылмыстылығының қылмыстық сипаттамасын беру, қылмыстық жауапкершіліктің түрлерімен таныстыру. Сондай-ақ, жасөспірімдерге дұрыс сөйлеуге, ара қатынас кезіндегі қорқыныш, үрейді жеңуге, дұрыс өмірлік дағдыны және көпшілік алдында дұрыс сөйлей білуді үйрету.

Кездесу барысында жасөспірімдердің құқықтық мүмкіндіктері мен жауапкершіліктері жайлы айтылып, өзіне деген сенімділігін қалыптастырып, өз мүмкіндіктерін анықтап, қоғаммен және өзара қарым-қатынастағы жарасымды мінез қалыптастыруын, жастардың өздерін келеңсіз жағдайлардан аулақ ұстауын және өздеріне деген сенімділіктерін арттыру керектігі тілге тиек етілді. Сондай-ақ, жасөспірім шақ бұл өтпелі кезең болғандықтан, осы кезеңде жақсы өмірлік дағды қалыптастыра білу және салауатты өмір салтын ұстанып, жақсы іспен шұғылдану керектігі айтылды.

Расын айту қажет, елімізде жасөспірімдер қылмысы жылдан-жылға көбеймесе, азайған жоқ. Соңғы тіркелген оқиғалар тіпті жаға ұстатарлық. Жасөспірімдерді қылмысқа не итермелейді? Олар­дың мұндай жолға түсуіне не себеп? Сарапшылар мұны бірнеше әлеу­меттік, қоғамдық фактормен бай­ланыстырады.

Сарапшылардың айтуынша, шамамен 10 шақты жыл бұрын жасөспірімдер арасындағы қылмыстың басым бөлігі ұрлық жасау, қарақшылық шабуыл, мүліктік қылмыспен қатысты еді. Аса ауыр қылмыстар ілуде біреу болмаса, жиі кездеспейтін. Ал қазіргі қылмыс ұрлық-қарлықтан адам өміріне қауіп төндіруге ауысты. Мәселен, Ақтөбедегі оқиға халықты шошытқан еді.

Естеріңізде болса, таяуда анасын өлтірді деп айыпталған 16 жасар оқушының соты басталды. Ол екі ай бұрын күдікті деп танылған 18 жастағы жігітпен бірге қамауға алынған-ды. Тергеушілердің мәліметіне сәйкес күдіктілер 40 жастағы әйелді өлтіріп, денесін балконда жасырған. Ақтөбе қаласы Алматы ауданының прокуроры Жасұлан Дәулембаев айыпталушылар қылмыс жасағаны туралы тек бірнеше күннен кейін ғана хабарлағанын айтады. Бүгінде екеуі де кінәсін мойындап отыр. Жасөспірім қыздың ешқандай туысы жоқ, анасымен жалғыз өскен. Қылмыстың басты себебі – оқушы қыз бен мас болған анасының арасында туындаған жанжал. Жасөспірім қыз анасынан «бала күнінде көрген қорлығы» есіне түсіп, бірнеше жерден пышақтаған. Айыптары дәлелденсе, жігіт пен оқушы қыз 20 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.

«Қылмысқа баратын жасөс­пірімдер – отбасының жағдайы нашар, тәрбие көрмеген, жүгенсіз кеткен балалар», — дейді мамандар. Осы орайда бала тағдырына жауапты ата-ананың салғырттығы балалар қылмысына жол ашқанын аңғару қиын емес.

«Әр балаға әке-шешесі тиісті дәрежеде көңіл бөлсе, балалар тарапынан орын алатын қылмыстық істердің алдын алуға болады. Өйткені от­ба­сындағы келеңсіз жағ­дай­лар балаға теріс әсерін тигіз­бей қоймайды. Әсіресе мас­­кү­немдікке салынып кет­кен отбасының баласы қан­дай өмірге тап болатынын елес­­тетудің өзі қиын», — дейді психологтар.

Сарапшы жасөспірімдердің қылмысқа баруының негізгі себебі нақты мақсат-мүддесі­нің жоқтығы екенін ескертеді. Сондай-ақ ата-аналардың көп­шілігі жұмысбастылық сал­дарынан балаларына көңіл бөлуге мүмкіндігі жоқ.

«Әрбір ата-ана өз бала­сының өмірі, тағдыры үшін жауапты. Осы жағынан ал­ған­да, кемшіліктер жетер­лік. Қазір отбасындағы ерлі-зайыптылардың екеуі де жұ­мыстан қолы тимейді. 8 сағат­тан да көп уақытын жұмыста өткізетіндер қаншама. Ал бала қараусыз қалса, оны қылмысқа итермелейтін себептер де аяқ астынан табыла кетпей ме? Сондықтан елдегі еңбек шартына атап айтқанда, 8 сағаттық жұмысты 5 сағатқа дейін қыс­қартуды қарастыратын өзгер­тулер енгізу қажет деп санаймын», — дейді сала мамандары.

Психологтар жасөспірімдердің құқық бұ­зу­шылыққа жиі баруының түрлі себебі бар екенін айтады. Мәселен, психологиялық тұр­ғыдан алғанда жасөс­пірімдердің қылмысқа баруына итермелейтін негізгі себептер отбасылық қарым-қатынастың әлсіреуіне байланысты. Сондай-ақ баласының қандай нәрсемен айналысып жүргенін бақылай алмау, жасөспірімдердің кімдермен дос болып жүргенін білмеу де әсер етеді. Жасөспірімдердегі әлеуметтік өмір туралы ақ­параттың жетпеуі, жас ерек­шелік өзгерістердің де ық­палы бар. Кез келген нәрсе­ге сеніп қалу, еліктеу қасие­ті­нің жоғарылауы, жеткін­шектік негативизм, өмірлік құндылықтардың әлі толық қалыптаспауы жастардың бойынан табылады. «Ата-аналардың баласына қажетті зияткерлік және адамгершілік тәрбиені бере алмауы да үлкен рөл ойнайды. Тәрбие беру­ге ата-аналардың білімі мен дүниетанымының жетіспеуі. Осы мәселелер жасөс­пірім­дердің қылмысқа баруын жиілете түседі», — дейді мамандар.

Статистикалық деректерге сүйенсек, бүгінгі таңда ел­де 6 716 565 отбасы бар. Оның 2 416 364-і ғана жағдайы – жақ­сы отбасылар қатарында. 873 974 мың отбасының жағдайы – қанағаттанарлық, 1 156 815 отбасы дағдарыс жағ­дайында өмір сүріп жатыр.

890 432 отбасының жағдайы – нашар (ең көбі — Алматы об­лы­сын­да — 106 247, Түркістан об­лы­­сында — 85 985, ШҚО-да — 69 986 және Алматы қаласын­да — 77 738) және 1 378 980 отбасы ерек­ше бақылауда тұр. Ал 625 мың бала аз қамтылған отбасыларда тұрады, соны­мен қатар 97 мың бала – ерекше балалар қатарында. Аталған мәлі­метке қарасақ, елде жағ­дайы жақсы отбасылардан қанағат­танарлық, нашар және дағдарыс жағдайында өмір сүріп жатқан отбасылар­дың саны басым. Сондықтан жасөспірімдер қылмысының жиілеуі көп.

Ресми мәлімет бойынша осы жылдың қаңтар-мамыр айларында елде 574 кәмелетке толмаған жасөспірім құқық бұзушылық жасаған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,1 пайызға көп. Соның ішінде 38 кәмелетке толмаған жасөспірім теріс қылық көрсетсе, 536-сы түрлі деңгейдегі қылмыс жасаған. Мәселен, 254 адам ауырлығы орташа, 225 адам – ауыр, 44 адам – орташа ауыр, 13 адам аса ауыр қылмыс тіркелген. Кәмелетке толмағандар арасындағы заң бұзушылықтың басым бөлігі Алматы облысына тиесілі (66 оқиға). Бұл өткен жылмен салыстырғанда 24,5 пайыз­ға артық. Сонымен қатар Шы­ғыс Қазақстан (50 оқиға), Қараған­ды және Түркістан облыс­тары (47 оқиға) да жасөспі­рімдер қылмысы көп аймақтар қатарында. Ең төменгі көр­сеткіш Солтүстік Қазақстан облысында (12 адам) тіркелген.

Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев бұл мәселеге құқық қорғау қызметкерлері де жауапты деп есептейді. Осы орайда ин­тернеттің де өскелең ұрпақ­тың қалыптасуына өз әсерін тигізетінін тілге тиек етті.

«Өздеріңізге белгілі, 2021 жылы мектеп инспекторлары институты жойылып, қазір мектептерде кезек­шілік жоқ. Жұмыс ай­мақ­тық негізде жүргізіледі. Уәкілетті органдардың дұрыс жұмыс істемеуі балалардың өз қиындықтарымен жалғыз қалуына және проблемаларды шешудің жолын таппай қалуына ықпал етеді. Көбінесе олар өз сұрақтарына интернеттен жауап іздейді. Сонымен қатар интернеттің қазақстандық сегментіндегі топтар жасөспірім аудитория­ны қызықтырады. Осылайша, теріс әсерін тигізіп отыр», — дейді Ж.Өмірәлиев.

Әйтсе де, бұл бағытта атқарылып жатқан шаруалар жетерлік. Мәселен, Бас Про­куратура Үкімет пен уәкі­летті органдарға бірқатар ұсыныс енгізген көрінеді. Олардың кейбірі ішінара жүзеге асырылып жатыр.

«Ең алдымен, профи­лак­ти­калық іс-шараларды жү­зеге асыру тәртібін айқын­дайтын құқықтық акт қабыл­­дау қажет. Мәселен, 2019 жылы «Кәмелетке толма­ған­дар арасындағы құқық бұзу­шы­­лықтың профилактикасы және балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңы аясында «Медициналық-әлеумет­тік есепке алу» енгізілді. Бұл құқық бұзушылықтың жеке профилактикасының жаңа шарасы ретінде қарастырылады. Бірақ оны орындау тәртібі әлі күнге дейін іске аспай келеді. Бұл шара адамдарды меди­цина­лық, психологиялық, әлеуметтік көмек көрсету, бе­йім­деу және оңалту мақ­са­тында жасалады», — дейді Ж.Өмірәлиев.

Сарапшы-ғалымдардың ай­­­­туынша, қылмысқа барған жас­өспірімдердің әрекеттері­не әлеу­меттік тұрғыдан да көптеген себеп ықпал етеді. Жасөспірімнің өзіне, қоғамға пайдалы іспен айналыспауы, бос уақытының көптігі, күні бойы бос жүру қылмыстық әрекеттің алғышарты саналады. Қолы бос бала айналасындағы ортаның кері ықпалына тез түседі. Әсіресе ғаламтордың әсері орасан зор. Таңнан кеш батқанға дейін балалар интернет желісінде отыратыны жасырын емес.

Құқық қорғау саласының мамандары жасөспірімдер қылмысы олардың өзіне қол жұмсауына әкелуі мүмкін екенін алға тартады. Елдегі соңғы жылдары балалар арасындағы суицидтің негізгі себептеріне қарасақ, басым бөлігі отбасында ата-аналары, туыстарымен арасындағы жанжалдарға байланысты орын алған.

«Ата-аналарға балалармен сенімді қарым-қатынас орнату қажеттілігін жеткізу, баланың депрессияға ұшырауының немесе өмірлік қиын жағдайдың алғашқы белгілері туралы хабарлау ерекше маңызды. Тек ата-ананың назары, қол­дауы және қамқорлығы балалар­дың психологиялық әл-ауқа­тын жақсартуға, дағдарыс­тық жағдайдан шығуға көмекте­седі», — дейді Бас прокурор­дың орынбасары.

Қорыта айтқанда, жасөс­пірімдер қылмысы көбеймесе, азаяр түрі көрінбейді. Бұл мәсе­ленің оңтайлы шешімін табу, шалыс басқан жастарды түзу жолға салу – барша қоғам­ның міндеті. Ендеше, оғлан­дарымызды қате қадам жасаудан сақтандыруға құқық қорғау органдары ғана емес, әрбір азамат жауапты болуға тиіс.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.