Түркістан облысы: Сауран ауданында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауын жастарға насихаттау мақсатында кездесу өткізілді

Сауран ауданының Майдантал ауылдық округіне қарасты «Әйтеке би» атындағы жалпы орта мектебінде мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауын насихаттау мақсатында кездесу болып өтті.

Кездесу барасында Сауран аудандық»Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшы орынбасары Э.Турдымуратов және әдіскері А.Сарсенбаев Президентіміздің Жолдауын кеңінен түсіндіріп, соның ішінде үшінші бағдар «Ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция» бойынша тоқтала кетті.

Аталған бағдар аясында медициналық инфрақұрылымды кешенді түрде жақсартуға баса назар аударылатындығы, жеңілдетілген несие де берілетіндігі жайлы жеткізді. Жалпы мемлекеттік бағдарламалар туралы шолу жасады.

Жастар демекші, «Қамқорлық» орталығында «Құрақ Fest Құмайлықас» атты шеберлік сағаты өтті. Шараға Түркістан қаласының Құрметті азаматы, қоғам қайраткері, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің қорғау бөлімінің басшысы, Серт ауылының тумасы Жантемір Алимов ақсақал арнайы шақырылды.

Шараға Сауран ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жанар Жаңабекқызы қатысып, ізгі лебізін білдірді. Ақсақалды құрметтеп, иығына шапан жапты.

Тағылымды өмір жолында талай өткелден өтіп, өнегелі өмір тәжірбиесін жинақтай білген қария өзінің білімділігін кешегі ел басқарған аға буынмен қызметтес болған бірқатар тарихи оқиғаларды баяндады. Жантемір Алимов тағылымды еңбек жолын осы ауданнан бастаған. Ел үшін қызмет еткен, туған халқының тағдырын өз тағдырынан жоғары қоя білген.

Жантемір қария қызмет еткен жылдарын тілге тиек етіп, еңбек жолындағы қиыншылықтар мен қуанышты сәттер жайлы баяндады. Қазыналы қарттарымыз адалдықты ту етіп келешек ұрпақ үшін аянбай еңбек ете білді. Сондай-ақ, кездесуде жастар көкейлерінде жүрген сұрақтарды қойып, еркін пікір алмасты. Шара соңында жастарға батасын беріп, қатысушыларға үлкен әсер қалдырды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin