Түркістан облысы: Сауран ауданында ағын су мәселесі бойынша жұмысшы топ құрылды

Сауран ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаевтың төрағалығымен ағын су мәселесі бойынша жиналыс болып өтті. Жиналысқа аудан әкімінің орынбасары С.Садибаев, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі және Шаға, Ескі Иқан ауылдық округінің шаруа қожалықтарының өкілдері мен фермерлері қатысты.

Жиналыста шаруалар егістікке ағын судың жетіспеушілігін алға тартып, осы бағытта тиісті жұмыстарды жүргізуді талап етіп, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Онда «Бөген су» қоймасына келетін ағын су «Түркістан магистраль» арқылы жалғап өтеді. Бүгінгі таңда «Бөген су» қоймасында су 370 миллион текше метрді құрайды екен. Биылға жауын-шашынның азайып кетуі салдарынан атылмыш қоймаға келетін су көлемі толық жиналмаған. Сол себепті ағын су тапшылығы сезіліп отырғандығын айтты.

Жиын соңында шаруалар тарапынан бір мәмілеге келіп, ағын суды бақылауға алу мақсатында арнайы жұмысшы топ құрылып, жұмыс атқарылатын болып келісілді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.