Түркістан облысы: Сауран ауданында мектеп оқушылары үшін «Жаман әдеттен сақтан, жас дос» тақырыбында дәрігерлермен кездесу болып өтті

Сауран ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «Шобанақ» жалпы орта мектебінде 15 қараша — Темекі шегуден бас тартудың халықаралық күніне орай «Жаман әдеттен сақтан, жас дос» тақырыбында дәрігерлермен кездесу болып өтті. Кездесуде Еңбекші-Дихан дәрігерлік амбулаториясының әлеуметтік қызметкері Фарағат Айметова мен аймақтық мейірбикесі Халима Ташметова 9-11-ші сынып ұлдарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Түсіндірме жұмысының мақсаты: Темекінің адам ағзасына тигізетін зиянды әсері жайлы айта отырып, темекі және электронды темекінің және де басқа да зиянды заттардан аулақ болуға насихаттау. Салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы — еліміздің ертеңі болған жас ұрпақты зиянды әрекеттен аулақ болуға тәрбиелеу.

Бұл күнді 1977 жылы Америкалық онкологиялық қоғамы бекіткен. Мақсаты — темекі шегудің таралуын азайту, халыққа адам денсаулығына темекінің зияны туралы ақпарат беру. Бүгінгі күні ҚР заңнамасында темекі өнімдерін жарнамалауға және оларға демеушілік етуге шектеулер енгізілді, кәмелетке толмағандарға темекі сатуға, жекелеген қоғамдық орындарда шылым шегуге тыйым салынды. Темекі өнімдерін өндірушілер сатып алушыларға өз өнімдерінің құрамында бар никотин мен қарамай заттарының көлемі туралы ақпарат беруі тиіс.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сәйкес:

— әлемде өкпенің қатерлі ісігінің 90 пайызы, бронхтардың созылмалы ауруының 75 пайызы және жүрек сырқаттарының 25 пайызы шылым шегуден болады;

— әрбір он секунд сайын жаһанда темекіге құмар бір адам өледі;

Статистикалық деректерге қарағанда, жыл сайын темекі, спирттік ішімдік сияқты зиянды заттардың салдарынан емделуге азаматтар 5 миллиард АҚШ долларынан астам қаржы жұмсайды. Темекі өнімдерін шығаратын компаниялар Қазақстаннан 2 миллиард АҚШ долларынан астам пайда түсіреді. Негізінен, бұл өнімнің 90 пайызы Қазақстанға сырттан тасымалданады.

Жыл сайын Қазақстанның темекі нарығына 30 миллиард дана шылым түседі. Бұл санды адам басына шаққанда, еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін күніне 9 шылымнан келеді. Қазіргі кезде Қазақстанда 4,2 миллион адам темекіге әуес.

Темекі — құрамында никотин (nicotiana) және төрт мыңға жуық улы зат бар темекі өсімдігінің майдаланған, құрғатылған және қолдануға дайын күйдегі жапырағынан жасалады. Темекі — жапырағында танин, желім, шайыр, крахмал және алколоидтар бар. Ең көп мөлшерде никотин алколоиды бар. Никотин сульфат тұздары ауыл шаруашылығында құрт-құмырсқаны өлтіру үшін қолданылады. Никотин — циаминге пара-пар у. Никотин улы зат болғандықтан, медицинада дәрі ретінде қолданылмайды. Мәселен, 5-6 тамшы никотинді итке берсе, ол сол заматта өліп кетеді. Ал, бір қорап темекінің құрамындағы никотинді инемен шаншыса, адам лезде көз жұмады. Алайда, адам ағзасы никотинді қан арқылы емес тыныс жолымен қабылдайтындықтан, бірден емес, «баяу өлім» арқылы өз түбіне өзі жетеді.

Темекі шегу деңгейі бойынша рейтингте Қазақстан — 127 елдің ішінде 41-ші орында. Рейтингке сәйкес, елде әрбір төртінші тұрғын темекі шегеді. ҚР-дағы темекіге тәуелділік жағынан 43,9% — ер адамдар. Темекі шегетін әйелдердің ең көп үлесі бар елдердің рейтингіне келетін болсақ, онда ҚР — 61-ші орында: қазақстандықтардың 9,3%-ы ғана бұл әдетке бейім. Мысалы, көрші Ресей рейтингтің «ерлер вариациясындағыдай»  әлемде «құрметті»  5-ші орында: 59%  — ер адамдар, әйелдердің темекі шегуі бойынша Ресей Қазақстанды айтарлықтай басып озады, бірақ әлі де «түтінді»  елдердің ондығына кірмейді, тек 21-ші орында (әйелдердің 22,8% -ы темекі шегеді).

Темекі жылына 8 миллионнан астам адамды өлтіреді, оның ішінде темекі шегетіндер де, темекі шекпейтіндер де «екінші» темекі түтініне ұшырайды (пассивті темекі шегушілер деп аталады). Темекі шегуді белсенді түрде қарсы насихаттауға қарамастан, оның денсаулыққа зиянды әсерінің маңыздылығын бәрі бірдей түсіне бермейді. Темекі түтінінде 250 зиянды және 70-тен астам дәлелденген канцерогендердің 7 мыңнан астам заты бар. Олардың ішінде көміртегі тотығы (көміртегі тотығы), никотин, цианид сутегі, акролеин, азот диоксиді, темекі N-нитрозаминдері, пиридин, квинолин сияқты өлтірушілер мен канцерогендер және басқада улар бар.

Халықаралық темекі шегуден бас тарту күнінің мәні — тәуелділіктің таралуын азайтуға тырысу, сонымен қатар әртүрлі ұйымдардың, әлеуметтік топтардың, әртүрлі мамандықтағы дәрігерлердің өкілдерін темекі шегуге қарсы күреске тарту. Сондай-ақ, бұл күн азаматтардың темекі шегудің зияны туралы хабардарлығын арттыруға арналған.

Жақсы денсаулық — ұзақ, бақытты және қанағаттанарлық өмірдің негізі. Өмірлік тәжірибе көрсеткендей, адамдар өз денсаулығына қамқорлық жасауды әдетте ауру өзін-өзі танығаннан кейін ғана бастайды. Аурулардың алдын алуға болады, ол үшін салауатты өмір салтын ұстану керек, соның ішінде темекі өнімдерін, алкогольдік сусындарды тұтынудан бас тарту, өмірді оң қабылдау қажет.

Салауатты қоғамдастыққа қосылыңыз — темекіні тастаңыз!

Темекі шегуден бас тартудың пайдасы қандай?

— 20 минуттан кейін артериялық қан қысым мен жүрек соғысы бастапқы деңгейге қайта келеді;

— 8 сағаттан кейін – қандағы көміртегі тотығының деңгейі жартылай азаяды, оттегі деңгейі біртіндеп қалыпқа келеді;

— 48 сағаттан кейін – жүрек ұстамасының қаупі азаяды;

— 72 сағаттан кейін – өкпедегі бронхиолалар босаңсиды;

— 2 аптадан кейін – қан айналымы күшейеді;

— 3-9 айдан кейін – өкпенің көлемі ұлғаяды, жөтел, сырыл және тыныс алумен болатын басқа проблемалар жойылады;

— 1 жылдан кейін– жүрек ұстамасының даму қаупі 50%-ға азаяды;

— 5-15 жылдан кейін инфаркт пен инсульттің даму қаупі ешқашан темекі шекпейтін адаммен бірдей болады.

«Бұл мәліметтер темекі шегуден бас тарту адам денсаулығына, сәйкесінше өмір сүру ұзақтығына әсер ететіндігін көрсетеді. Бұл жағдайда қаржы мәселесі де маңызды, бірнеше жыл темекі шеккен адам темекі өнімдеріне жіберген шығындарын спорт залына, бассейн, демалыс және тағы басқаға жұмсаса, оның адамға пайдасы мейлінше тиімді болар еді. Темекі шегетін адамның тәжірибесіне, күніне қанша темекі шегуіне қарамастан, темекіні тастауы өзіне де, оның айналасындағыларға да үлкен пайда әкеледі. Темекіні тастау арқылы Сіз өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығын сақтап қаласыз», — дейді саурандық дәрігерлер.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.