Шымкент: түлектер 30 түп ағаш отырғызды

Санаулы күндерден кейін мектеп оқушыларына жазғы демалыс басталады. Ал 11 сынып оқушылары жаңа өмірге жол тартпақ. Олар аз ғана уақытта балалықпен қоштасып, студенттік шақтың қызығы мен шыжығына бетпе-бет келеді. Дегенмен оқушылар білім ұяласының көркейіп, көгалдануына үлестерін қосуды ұмыт қалдырмаған. «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Түлектердің ағаш отырғызу» челленджі бірнеше апта бұрын басталған еді. Бүгінге дейін Шымкент қаласының көптеген мектептерінде ұйымдастырылған сенбілік тағы да жалғасын тапты.

Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектебінің мектеп бітірушілері 30 — ға жуық ағаш отырғызды. Бүгінгі жиында оқушылардың жақсы көңіл-күйде жұмыс атқаруларының бірден-бір себебі ұйымшылдық. Бір үйдің баласындай болған жастардың мақсаты бір. Елдің ертеңі үшін туған азамат болу. Айналаны тазалап, жасыл желекке айналдырған мектептің ұжым мүшелері мен оқуышылары бұған дейін де тазалық акцияларына қатысқандарын айтты.

Бұл біздің алғашқы жұмысымыз емес. «Таза Қазақстан» акциясы барысында «Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ», «Мөлдір бұлақ» апталықтарына да өз үлестерімізді қостық. «Атадан мал қадғанша, тал қалсын» деп бекер айтпаған ғой. Келесі буынға үлгі болу мақсатында осындай игі іске қатысқанымызға қуаныштымыз. Жалпы бұл жұмыстар әр адамға күш береді деп ойлаймын. Сондықтан, барша жасты тазалықты ұстауға және көгалдандыру жұмыстарына атсалысуға шақырамын, дейді бітіруші түлек Гүлнұр Убайдулла.

«Экология, өлкетану және туризм орталығы» КММ қызметкерлері мен «Жер елшілері» тобы және №36 ЖОББМ мұғалімдері мен мектеп бітіруші түлектері қатысқан жиында білім ұясының ауласы тазаланып, әктеу, сырлау және көгалдандыру жұмыстарымен аяқталды.

 

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin