Түркістан облысы: Сауран ауданында рухани келісім күні аталып өтті

Сауран ауданы әкімдігі аппаратының мәжіліс залында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен 18 қазан – Рухани келісім күніне орай, арнайы шара болып өтті. Жиынға аудандық мешіт имамдары, ішкі саясат бөлімінің мамандары қатысты. Бұл туралы Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шарада аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әлібек Құрышбаев 18 қазан – Рухани келісім күні 1992 жылы қазанда Қазақстанның сол кездегі астанасы Алматы қаласында Рухани келісімнің бірінші әлемдік конгресі өткенін, сол кезде конгреске қатысушылар қазанның 18-ін рухани келісім, яғни қақтығыстар мен жанжалдарға тоқтам салу, татулық іздеу, жақынға қайырымдылық және көмек күні деп жариялау жөнінде манифест қабылданғанын жеткізді. Міне, сол 1992 жылдан бастап, 18 қазан — Рухани келісім күні ретінде аталып өтіліп келеді. 1992 жылдан бері мерекеленген атаулы күннің маңызы зор. Өйткені, 40 конфессия мен 130 ұлт өкілі тұратын еліміз үшін рухани келісім, тұрақтылық пен татулықтың орны бөлек. Жиын барысында мешіт имамдарымен еркін форматта пікір алмасып, олардың ұсыныс пікірлері тыңдалды. Жиын соңында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әлібек Құрышбаев бір топ имамға аудан әкімінің алғыс хатын тапсырды.

Айта өтейік, қасиетті кітабымыз Құ­ранда бірлік туралы бір­неше жерде баяндалған. Соңғы пайғамбарымыз Мұ­хаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінде де барша адамзаттың ауызбіршілігін уағыздаған. Жаратушы Иеміз «Әли Имран» сүресінде: «…Бө­лінбеңдер», деп әмір етсе, Оның Елшісі: «…Көп­ші­лікпен бірге болыңдар! Бө­лінуден сақтаныңдар», деп, жамағатты, барша адам баласын мейірімділікке, ортақ мақсатқа үндеген.

Халқымыздың би-ше­шен­дері мен ақын-жыраулары да әрқашан өсиетті сөздері мен ғиб­ратты толғауларында, өлең-жырларында өзара келі­сімді насихаттаған. Майқы бидің: «Алтау ала болса, ауыз­дағы кетеді, Төртеу түгел болса, тө­бе­дегі келеді» — деген нақыл сөзі — қанша ғасыр өтсе де ұрпаққа өнеге.

Елі­мізде қалып­тас­­қан дінаралық татулық, ұлт­аралық келісім – ширек ға­сырға татитын тәуелсіз елі­міздің жеткен басты жетістік­терінің бірі. 

Рухани келісім, ұлттар мен дәстүрлі діндер арасын­дағы бірлік – баға жетпес байлығымыз, ал тұрақтылық – тұғырымыз. Бүгінгі бе­рекелі күнге бірліктің арқа­сында жеттік. Елдің әлеуметтік-экомикалық көр­сет­кіші халықтардың өзара татулығы негізінде дами түсетіні түсінікті. Ел бас­қар­ған парасатты басшылар қашан да бірлік пен тату­лыққа аса мән берген.

Күнтізбемізге 18 қазанның Рухани келісім күні ретінде енуі – қазақ то­пырағына бейбітшілік орнатып, тұрақты қоғам құру идеясынан туған үлкен бас­тама. 

Аллаға шүкір, біз әл­ми­сақ­тан бері мұсылманбыз. VIIІ ғасырда Орталық Азия­ға, оның ішінде қазақ топы­рағына жеткен Ислам сол дәуірден бері халқымыздың жүрер жолы, мемлекетіміздің рухани тірегі болып келеді. 

Ислам діні – бейбітшілік, амандық деген ұғымдарды білдіреді. Алла тағаланың өзі­нің соңғы елшісін жіберудегі мақсаты қасиетті Құранның «Әнбия» сүресінің 107-аятында былайша баяндалады: «Біз сені әлемдерге тек рақым етіп қана жібердік».

Расында, біз кешегі аумалы заманда қиындыққа төзіп, сынаққа сабыр етіп, азат­тықтың ақ таңын атырған ха­лықпыз. Сондықтан да тәу­елсіздік, бірлік, бейбітшілік, татулық – ұлтымыз үшін ұлы ұғым, қастерлі сөз. 

Ата-бабаларымыздың ас­қақ арманы мен өр рухы­ның, иманға берік мұсыл­ман­дығының арқасында келген тәуелсіздік – Алланың бізге берген сыйы һәм нығметі. Жаратушы Раббымызға сансыз шүкірлер айтамыз, егемендігімізбен бірге дініміз де өркендеп, елімізде еңселі мешіттер мен медреселер бой көтерді, әлеуметтік жағ­дайымыз түзеліп, экономикамыз даму үстінде. Ендеше, халықтың әл-ауқатын бұдан әрі көтеру үшін бізге ең әуелі бірлік ауадай қажет. Өйт­кені бейбітшілік – біздің ба­қытымыз бен баға жетпес байлығымыз.

Қазіргідей алмағайып заманда өр­ке­ниеттер ара­сын­дағы бейбіт келісімді сақтау – өзекті мәселелердің бірі. Осы тұрғыдан алғанда, дін­дер арасындағы үнқатысуды дамыту – бүкіл әлемдік жауап­кершілік. Тәуелсіз Қазақ­стан діннің қоғам­дағы маңызды рөлін ескеріп, әр үш жыл сайын Әлем­дік және дәстүрлі діндер көш­бас­шыларының съезін өткізуге ұйытқы болды. «Заман күнде өзгереді, ал дініміз – мәң­гілік», деген қанатты сөздің шеңберінде әлемдік дәстүр­лі дін көшбасшыларын бір үс­тел басына жинап, ор­тақ мақсаттар туралы сали­қалы сөз айтуға мүмкіндік туғызды.

Ислам діні мемлекетте, қоғамда тыныштық, әділ­дік болуын көздейді. Адам­ды соған тәрбиелейді. Олай болса, біз таза діни істер­ден өзге осындай ұлы мұрат­тарды да нысана етуіміз керек. Өйткені адам баласы қа­йырлы да ізгі амалдарымен ғана Жаратушыға жақын­дайды. Қасиетті Құранда: «Бір-бірлеріңе ізгі істерде, та­қуалықта көмектесіңдер. Күнә жасауға, дұшпандыққа жәр­демші болмаңдар…» делінген. («Маида» сүресі, 2-аят).

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев: «Береке мен бірлік, тұрақтылық пен тыныштық, татулық пен келісім – біздің басты байлығымыз», – деген болатын.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.