ШЫМКЕНТ: ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫНА ҚАРТТАР ДӘН РИЗА

Наурызнама онкүндігінің Қайырымдылық күні Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының №10 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында да атап өтілді.

Орталық мамандары қарияларға арнап концерттік бағдарлама ұйымдастырып, №65 мектеп гимназиясының оқушылары мен М.Әуезов атындағы ОҚУ студенттері өнер көрсетті. Кәсіпкерлер үлкен кісілерді сый-сияпаттарымен қуантты.
Қазіргі таңда 50 орынды стационардан отбасы күтім жасаудан бас тартқан 47 қария қызмет алады. Орталықтың қызметін I, II топтағы мүгедектер, жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ қарттар пайдаланады.
Салтанатты іс-шарада ән мен күй ойнап, қариялар би билеп, көңілдері сергіп қалды. Тағдырдың тәлкегіне түссе де, көздерінен мейірім кетпеген әжелер өнерлі жастарға алғысын білдіріп, аталар ақ батасын жаудырды.
Мерекелік іс-шара соңында «Каусар» шайханасы қарияларға арнап қайырымдылық дастарқанын жайды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin