Түркістан облысы: Сауран ауданының Бабайқорған ауылдық округінде жайылым жердің жоқтығы мен ағын су мәселесі бойынша тас арық салу жайы өзекті болып тұр

Сауран ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ербол Жанғазиев, аудан әкімінің орынбасары Мақсат Таңғатаров, аудандық мәслихат төрағасы Сержан Байсбаев Бабайқорған ауылдық округі тұрғындарымен арнайы кездесіп, олардың өзекті мәселелерін тыңдады.

Кездесуді ауданы әкімінің орынбасары Мақсат Таңғатаров ашып, Бабайқорған ауылдық округі бойынша бүгінгі таңға атқарылған және алдағы уақытта атқарылуы тиіс жұмыстарға кеңінен тоқталып өтті.

Аталған ауылдық округте өткен кездесу барысында ауыл тұрғындары тарапынан көптеген мәселелер көтерілді. Атап айтсақ, ауылда жайылымдық жерлердің жоқтығын, ауылда көкпар шабатын жердің жұртқа өтіп кеткенін, соны қайтарып беруін, Бабайқорған мен Серт жалпы орта мектептерінің атауын өзіне қалдыру керектігін, ағын су мәселесі бойынша тас арық салу, Бабайқорған ауылдық округі бойынша жер конкурсының өтпеуін алға тартты.

Ағын су демекші, алдағы уақытта Сауран ауданындағы суармалы жерлердің көлемі артпақ. Бабайқорған ауылдық округіне қарасты Абай елді мекеніндегі «Ақтөбе» су қоймасынан егістікке баратын темір бетонды тас арықты жаңарту жұмыстары қолға алынды.

Аудандық құрылыс бөлімі шұғыл жұмысқа кірісті. Қазіргі таңда ФЛ-8 құрылысына жобалық-сметалық құжаттамасы (ЖСҚ) әзірленіп, бюджеттен қаржы қаралу үстінде. Құжаттама дайындалып, сараптамаға тапсырылды. Мердігер мекеме – «МПК Проект» ЖШС. Сауран ауданы құрылыс және сәулет бөлімінің мәліметінше, құрылыс жұмыстарының болжамды құны 725,3 миллион теңге мөлшерінде бекітілген. Жұмыс толық аяқталғанда Бабайқорған ауылдық округінің Бабай, Игілік елді мекендерінің суармалы жерлеріне су барып, егістік көлемі артатын болады.

Сондай-ақ, Бабайқорған ауылдық округіне Үлгілі елді мекеніндегі «Сасық бұлақ» су қоймасынан егістікке баратын темір бетонды тас арыққа да күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Әбден тозығы жеткен бетон арықты реконструкциясына жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірлеуге қаржы қаралды. Тас арықтың жалпы ұзындығы 8,6 шақырымды құрайды. Мердігер мекеме – «Казграждан стройпроект» ЖШС. Сауран ауданы құрылыс және сәулет бөлімінің мәліметінше, құрылыс жұмыстарының болжамды құны 419,5 миллион теңге көлемін құрап отыр.

 Құжаттама әзірленіп, алдағы уақытта сараптамаға тапсырылады. Ағын су жүретін арықтар жаңартылса, егін шаруашылығы едәуір дамиды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында су ресурсы мәселесіне ерекше тоқталды. «Су ресурсы – еліміздегі өзекті мәселелердің бірі. Әсіресе, судың сапасы және оның халыққа қолжетімді болуы аса маңызды болып тұр.

Жыл өткен сайын халқымыздың саны да, экономикамыз да өседі. Бұл – қалыпты құбылыс. Сол себепті 2040 жылдарға қарай Қазақстандағы су тапшылығы 12-15 миллиард текше метрге жетуі мүмкін.

Жалпы, біз – трансшекаралық су көздеріне тәуелді елміз. Еуразия құрлығындағы өзендер мен каналдар – баршамызға ортақ табиғат байлығы. Осы су көздері біздің халықтарымызды, экономикамызды жақындастырады. Сондықтан көршілес әрі достас елдермен бұл мәселе бойынша әрдайым өзара түсіністікке және келісімге келу керек.

Жан-жақты ойластырылған су саясатын жүргізу, трансшекаралық суларды пайдалану мәселелерін шешу – Үкіметтің алдында тұрған аса маңызды міндеттер.

Шаруалар мен өнеркәсіп өкілдеріне суға қатысты сапалы сараптамалар мен болжамдар керек. Бұл талдаулар әр жылы және орта мерзімді кезеңде судың мөлшері қандай болатынын да қамтуы қажет. Сондықтан бәрін алдын ала жоспарлаған жөн.

Сондай-ақ ішкі су ресурстарын үнемдеп пайдалану өте маңызды. Суды үнемдейтін технология өте баяу енгізілуде. Суды шақтап пайдалану мәдениеті де жоқ.

Еліміздің кейбір өңірлерінде суды ең көп жұмсайтын ауыл шаруашылығы саласында оның 40 пайызы босқа ысырап болып жатыр. Су шаруашылығы нысандарының 60 пайызы тозып тұр. Олқылықтың орнын толтыру үшін өте батыл және шұғыл шаралар қажет.

Ең алдымен, суды үнемдейтін озық технологияны енгізу ісін тездетіп, оны қолдану аумағын жыл сайын 150 мың гектарға дейін кеңейту керек. Көктемгі қарғын суды жинау және оны егістікке жеткенше құмға сіңіріп жоғалтып алмау мәселесі шешімін табуға тиіс. Өйткені оның бәрі – ішкі су қорымыз. Ол үшін 20 жаңа бөген салу, кемінде 15 су қоймасына күрделі жөндеу жүргізу және 3500 шақырымдық каналды жаңғыртып, цифрлық тәсілмен бақылауға алу керек. Негізгі міндет – 2027 жылға қарай қосымша екі текше шақырым суға қол жеткізу.

Су үнемдейтін технологияларды енгізу – аса маңызды және шұғыл міндет. Сондықтан тиімді тәсілдер ұсыну қажет. Дегенмен біз дәл қазіргі жағдайда жаңа тариф саясатынан да аттап өте алмаймыз. Әбден ескірген инфрақұрылым әрең жұмыс істеп тұр. Сондықтан жаңа инфрақұрылым салу – өте маңызды міндет, қазіргі нарықтың талабы. Суды нормативтен артық жұмсағандар оның ақысын жоғары тарифпен төлеуі керек. Бір сөзбен айтсақ, суды барынша үнемдеуіміз қажет. Оған қоса судың «көлеңкелі» нарығы түбірімен жойылуға тиіс.

Халқымыз «Судың да сұрауы бар» деп бекер айтпаған. Су дегеніміз – үнемдеп пайдаланбаса, тез таусылатын шектеулі ресурс. Онсыз шаруалардың күні қараң. Сол себепті бұл салада заңсыздыққа жол берілмейді. Талапқа бағынбайтындар қатаң жазаға тартылады.

Еліміз үшін судың маңызы мұнай, газ немесе металдан кем емес. Су шаруашылығы жүйесін тиімді дамыту мәселесімен дербес мекеме айналысуы қажет деп санаймын. Сондықтан Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылады. Министрліктің аясында Ұлттық гидрогеология қызметі қайта жұмыс істейтін болады.

Сондай-ақ еліміздің су шаруашылығын басқару жүйесіне түгел реформа жасалады. «Қазсушар», «Нұра топтық су құбыры» және басқа да негізгі компанияларда өзгеріс болады. Жалпы, осы саланың материалдық жағдайын жақсартып, кадр мәселесін шешу керек.

Су тапшылығының артуы – Орталық Азия мемлекеттеріне ортақ мәселе. Суды үнемдеп пайдалану энергетика немесе көлік саласы сияқты аймақтағы ынтымақтастықтың тағы бір жаңа бағытына айналмақ. Үкіметке көрші елдермен бірлесіп, бұл мәселені жан-жақты пысықтауды тапсырамын» — деп атап өтті Президент.

Су тапшылығын болдырмас үшін Оңтүстіктегі мақта алқаптарының ауданы біршама азайтылып жатыр. Бұл – Түркістан облысындағы суармалы шаруашылыққа қажет тіршілік нәрін үнемдеу үшін қолға алынып отырған шара. Биылдың өзінде алқап аумағы 15 мың гектарға қысқарды. Жергілікті атқарушы билік бұл үрдісті жалғастыра беретінін айтады. Өйткені мамандар суды көп мөлшерде қажет етпейтін дақыл өсіруге кеңес беріп отыр. Мәселен, мақта орнына жүгері отырғызу тиімдірек.

Бұдан бөлек, су тапшылығын болдырмас үшін өңірде жаңадан су қоймасы салынып жатыр. Былтыр соның бірі іске қосылған еді. Нәтижесінде Түркістан облысы егістікті суаруға қосымша 34 млн текше метр су алуға қол жеткізді. «Түркістан магистралды каналын 59 шақырым бетондау арқылы 60 млн текше метр су үнемделді. Бұдан бөлек, «Бәйдібек ата» және «Боралдай» су қоймалары салынады. Аталған жобаларды іске асыру есебінен ағын су тапшылығы толық шешілетін болады» — дейді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.

Сонымен қатар, Абай елді мекені бойынша Абай мен Бабайқорғанның арасында күре жолдың нашарлығын айтып, жол салуын, Абай елді мекеніне мектеп, көпір салу, су тасқыны кезінде зардап шеккен тұрғын үйлерге берілетін өтемақының әлі күнге дейін ала алмауын, Бабайқорған жалпы орта мектебінде оқушылар санының артуынан жаңа мектеп салу қажеттігін жеткізді.

Бұдан бөлек, «Cara abto» ЖШС директоры Дәулет мырза сөз алып, қазіргі таңда Бабайқорған ауылдық округі бойынша Абай, Бабайқорған елді мекендеріне қоғамдық көліктердің қатынап жатқанын айтып, тұрғындардың ұсыныс пікірлерін тыңдап, автобустың жүру бағыттары жөнінде кеңінен айтып өтті.

Аталған ауылдық округтегі кездесу барысында ауыл тұрғындары тарапынан айтылған барлық мәселелер бақылауға алынып, қажеттігіне қарай мерзімдері көрсетіліп, шешу жолдары қарастырылды. Сауран ауданы әкімінің орынбасарлары өздері жетекшілік ететін салалары бойынша көтерілген өзекті мәселелер төңірегінде тиісті жұмыстар атқарылатынын жеткізді.

Айта өтейік, Бабайқорған ауыл округінің орталығы – Бабайқорған ауылы.

Елді мекендері — Бабайқорған, Абай, Құмайлықас, Үлгілі.

Халық саны — 7679 адам.

Округтің жалпы жер көлемі — 111 707 гектар. Оның ішінде:

ауыл шаруашылығы жері — 24306 гектар;

суғармалы жер -3052 гектар;

шабындық жер — 284 гектар

жайылымдық жер -13406 гектар.

Елді мекен бойынша ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер төмендегіше:

Елді мекен Түйе Жылқы Ірі қара мал Ұсақ мал
1 Абай 723 1160 10339
5 Бабайқорған 10 533 1877 6283
6 Үлгілі 325 855 8350
8 Құмайлықас 319 808 8350
  Барлығы: 1900 4700 33322

Ветеринариялық-санитариялық мекемелер туралы деректер:

Ауыл округі Ветеринариялық станциялар Ұсақ малдарды шомылдыру орындары Жасанды ұрықтандыру пунктері Биотермия- лық

шұңқырлар

1 Абай        
2 Бабай- қорған 1 1 1 1
3 Үлгілі        
4 Құмайлы- қас        
  Барлығы: 1 1 1 1

Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі. Сонымен қатар жайылымның кезеңінің ұзақтығы:

Жайылым аймаққа малдардың айдап шығарылу мерзімі Жайылым аймаққа шығарылған малдардың қайтарылу мерзімі Ескер- ту
1 Сәуір-мамыр Тамыз-қазан  

Ауыл шаруашылығы жануарларының мал басына шаққандағы жайылымның қажеттілігі туралы кестесі:

Елді ме- кендер Мал басы мен қажетті жайылымдық жер көлемі, гектар
Жы- лқы Гектар нор- масы Қажетті жайылым, гектар Ірі қара мал
1 2

 

 

4 5 6 7
1 Бабай- қорған  

533

 

9

 

4797

 

1877

2 Абай 723 9 6507 1160
3 Құмайлы- қас  

319

 

9

 

2871

808
4 Үлгілі 325 9 2925 855
  Барлығы: 1900 36 17100 4700

 

Гектар нормасы Қажетті жайы- лым, гектар Ұсақ мал Гектар нормасы Қажетті жайы лым, гектар
8 9 10 11 12
8 15016 6283 2 12566
8 9280 10339 2 20678
8 6464 8350 2 16700
8 6840 8350 2 16700
32 37600 32215   64430

Сонымен қатар, кездесуде Бабайқорған ауылдық округі бойынша депутат, аудандық мәслихат төрағасы Сержан Байсбаевта өзі тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарын баяндап өтті. Жиын соңында ауыл қариясы ақ батасын беріп, көтерілген мәселелердің оңды шешімін табуда аудан басшыларының жұмыстарына сәттілік тілесті.

«ANYQ.KZ»ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin