ШЫМКЕНТ: «БІР АУЫЛ – БІР ӨНІМ» ЖОБАСЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

Құрметті кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындар!

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасы «Бір ауыл – бір өнім» жобасы бойынша өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы хабарлайды. Бұл жоба бәсекеге қабілетті кемінде бір өнім өндіру арқылы ауылды дамыту тұжырымдамасына негізделген жергілікті өнімді әзірлеу және ілгерілету жөніндегі қызметтерді ұсынуға бағытталған.

Жобаның мақсаты – жергілікті ресурстардан, оның ішінде ауылдық деңгейдегі өңірлік өнімдерді анықтау, сондай-ақ, өндіріс технологияларын жетілдіруге және сыртқы және (немесе) ішкі нарықтарға шығуына көмектесу.

Өтінімдерді қабылдау кезінде мына құжаттарды ұсыну керек:

— жеке куәлік немесе оның «Цифрлық құжаттар» сервисіндегі электронды көшірмесі (сәйкестендіру үшін);

— заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы хабарлама немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы талон (қажет болған жағдайда);

— нотариалды куәландырылған сенімхат (қажет болған жағдайда).

Қатысушыларға арналған талаптар:

— өнім (тауар) жергілікті шикізаттан өндірілуі тиіс;

— өнімді (тауарды) дайындау кезінде күрделі емес, қарапайым құралдар мен механизмдер пайдаланылуы тиіс;

— өнім (тауар) мүмкіндігінше ол өндірілетін аумақтың өңірлік ерекшелігін көрсетуі және қамтуы тиіс;

— өнімді (тауарды) жергілікті шикізатты пайдалану талабы бойынша айқындау кезінде өнім (тауар) негізінен жергілікті шикізаттан өндірілетін, бұл ретте сырттан әкелінетін фурнитура, өндірілген өнімді (тауарды) толықтыратын шығыс және басқа да қосымша материалдар пайдаланылатын жағдайға жол беріледі. Мысалы: былғарыдан жасалған бұйым (сөмкелер, тәпішкелер, әмияндар және т.б.), ал оның құлпы, тойтармалары және басқа да сыртта өндірілген фурнитуралар қолданылады.

— тауар құрамында қауіпті немесе зиянды заттардың болмауы;

— сақтау мерзімі 5 (бес) күннен аспайтын тез бұзылатын өнім (тауар) ұсынылмайды.

Кеңес және толығырақ ақпарат алу үшін Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасына хабарласуға болады: Шымкент қаласы, Ерімбетов көшесі, 304, «Заңғар» бизнес-орталығы, 2-қабат. Байланыс нөмірлері: 8 705 444 84 33 (Диас Алисапар).

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin