Түркістан облысы: Сауран ауданының әкімі жеке қабылдау өткізді

Бүгін аудан әкімі Мақсат Таңғатаров тұрғындардың жеке және көпшілікпен ортақ мәселелері бойынша қабылдау өткізіп, олардың өтініштерін тыңдады. Қабылдауға дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және тиісті сала басшылары қатысты.

Саурандықтар жер мен әлеуметтік мәселелер төңірегінде сауалдарын қойды. Онда келуші азаматтар жер теліміне қатысты заңдастаруды, тұрғын үйінің жанындағы артық жер телімін сатып алу мен тұрғын үйге арналған жер теліміндерін сұрады. Сонымен қатар, әлеуметтік жағдайына байланысты тұрақты жұмысқа орналастыру мен Ескі Сауран қалашығына дейін жолдың аумағын аббаттандыруға келісім беру мәселесі көтерілді.

Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров жеке қабылдауға келген ауыл тұрғындарының өтініштерін толық таңыдады. Мәселелерді саралай келе, заң аясында орындалатынын айтты. Бұл бойынша жауапты орынбасары мен бөлім басшыларына нақты тапсырма беріп, алдағы уақытта шешілетінін жеткізді.

Жергілікті биліктің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру және тұрғындардың мәселесін тікелей шешу мақсатында өткізілген жеке қабылдау алдағы уақытта да жалғасын табады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin