Түркістан облысы: Созақтық азаматтың ерлігі ескеріліп, «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күні қарсаңында Ақорда төрінде еліміздің бір топ азаматтарына мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар табыстады. Мемлекеттік марапатқа ие болған азаматтар қатарында Жартытөбе ауылының тұрғыны Мұрат Есенқабылов та болды.

Сын сағатта жанұшыра отқа түсіп, өзгенің жанын оттан арашалап, батылдығының арқасында өзгелерге үміт сыйлаған Мұрат Лесбекұлын ел Президенті «ЕРЛІГІ ҮШІН» медалімен марапаттады.

Айта кетейік, Мұрат Лесбекұлы естіген елдің қабырғасын қайыстырған КХ2 Ұланбел-Созақ-Шолаққорған-Екпінді тас жолының Шыбыт-Шаян елді мекенінің аралығында орын алған ірі жол-көлік апатын бастан өткерген. Оқиға орын алысымен көліктен түсіп, ең алдымен қасындағы жүргізуші жігітті, одан соң қарсы бағыттағы отқа оранған көлікке ұмтылып, ішіндегі жолаушыларды біртіндеп қауіпсіз жерге шығарып, көзсіз ерлік көрсете білді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin