Түркістан облысы: Созақ ауданында Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі өтті

Бүгін Шолаққорған ауылындағы “Ту тұғыры” алаңында 25 қазан Ұлттық мереке — Республика күніне орай Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі өтті.

Айтулы шарада Мемлекеттік Әнұран әуелете шырқалып, Мемлекеттік Ту көкке көтерілді. Жиында сөз алған аудан әкімінің міндетін атқарушы Ақәділ Сатыбалды жиналған жұртшылықты айтулы мерекемен құттықтады. Бұл күннің мағынасы мен маңызына жан-жақты тоқталып, мерекенің ұлтты ұйыстырудағы маңыздылығын тарқата айтып өтті.

Шараға аудан тұрғындары мен белсенді жастары және бөлім, мекеме қызметкерлері қатысты. Н.Төреқұлов атындағы ІТ мектеп-лицейінің оқушылары автомат жинап, өз өнерлерін ортаға паш етті. Аудандық «Мыңжылқы» мәдениет үйі өнерпаздары патриоттық әндер орындап, мерекелік шараның ажарын аша түсті.

Сонымен қатар Созақ ауданы “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен 25 қазан — Республика күніне орай аудандық ішкі істер бөлімімен бірлесе отырып, “Қыран елім — Қазақстан” атты аудан жастарымен аттар шеруі өтті.

Шабандоздар аудан орталығының бас көшелерінде еліміздің туын көкке желбіретті. Халық арасында бұл үлкен рух пен ерекше сезім тудырды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin