Түркістан қаласы бойынша мүгедектердің жалпы саны 8870 болса, олардың 4456-сына оңалтудың жеке бағдарламасы бекітілген, олар 100% электронды цифрлы қолтаңбамен қамтылған

Жылдың аяғы таяп келеді. Демек, барлық сала бойынша атқарған шаруаларға есеп беретін кезең. Осы ретте Түркістан қаласы әкімдігіне қарасты «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жыл бойына атқарған жұмыстарын мерзім-мерзімге бөліп, сараптағанды жөн көрдік. Осы мақаламызда аталмыш бөлімнің 2022 жылдың 1-ші тоқсанында атқарған жұмыстарын, өзекті мәселелерін және оның шешу жолдарын арқау еткенді жөн көріп отырмыз.

Түркістан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Эльмира Бейсенованың айтуынша, аталмыш бөлім тарапынан халықты әлеуметтік қорғаудың 5 бағыты бойынша жұмыстар жүргізіледі екен. Атап айтқанда:

— аз қамтамасыз етілген азаматтарды әлеуметтік қорғау;

— жекеленген санаттағы азаматтарды әлеуметтік қолдау;

— азаматтық хал-актілерін тіркеу;

— арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамту;

— еңбек қатынастарын үйлестіру.

Ең алдымен, аз қамтамасыз етілген азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы сөз қозғасақ. 2022 жылы Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек беруге Түркістан қаласына жалпы 1 688 052,0 мың теңге жоспарланған. Оның 1 350 442,0 мың теңгесі — республикалық бюджеттен, 337 610,0 мың теңгесі жергілікті бюджетттен қаралған.

 «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті көрсету тәртібі Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» №246 Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы «Кепілдік берілген әлеуметтік топтама шеңберінде ұсынылатын көмектің түрлері мен көлемдерін айқындау туралы» №1032 қаулысының, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы «Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережені, сонымен қатар өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру қорытындысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын айқындау өлшемшарттарын бекіту туралы» №29-ө бұйрығының, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы» №237-ө бұйрығының, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу және кепілдедік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларын бекіту туралы» №320 бұйрығының негізінде жүзеге асырылады» — дейді Эльмира Тұңғышбайқызы. Осы орайда бөлім басшысы атаулы әлеуметтік көмектің берілу тәртібі туралы біздің ақпарат агенттігі арқылы жан-жақты, толық мағлұмат беруді жөн санап отыр.

«Атаулы әлеуметтік көмекке өтініш беру үшін «Е-GOV» порталы арқылы немесе халықтық кеңсеге барып, ЭЦҚ арқылы өтініш береді. Бұл ретте азамат өзімен бірге жеке басын растайтын құжатын, балаларының туу туралы куәліктерін, өтініш берушінің банктегі шот нөмірін және қажет болған жағдайда жұмыс орны бойынша растама құжаттарын ала баруы қажет.

Өтініштер бір күн ішінде жұмыспен қамту орталығына түсіп, учаскелік комиссия төрағасына жолданады және комиссия 7 жұмыс күні ішінде өтініш берушінің мұқтаж немесе мұқтаж еместігін анықтап, комиссия қорытындысымен жұмыспен қамту орталығына ұсынады.

Орталық бір күн ішінде шешім жобасын қабылдап, уәкілетті органға құжаттарды хатпен жолдайды.

Уәкілетті орган 3 жұмыс күні ішінде тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту және құжаттарды қайта қарауға жіберу туралы шешім қабылдайды.

Құжаттарды қайта қарауға мемлекеттік органдар мен ұйымдарға сұрау салу қажет болған жағдайда тиісті мемлекеттік органдарға және (немесе) ұйымдарға сұрау салу жүзеге асырылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш иесіне жазбаша хабардар етіледі, сұрау салуға жауап алғанға дейін, бірақ күнтізбелік 30 күннен артық емес күнге дейін ұзартылады.

Атаулы әлеуметтік көмек тағайындалғаннан  шешімі негізінде уәкілетті орган бір жұмыс күні ішінде қазынашылық органдарына төлеуге шешім қабылдаған айдан кейінгі айдың 5-күніне қарай ай сайын тағайындалған сомаларды төлем ведомосына енгізуді қамтамасыз етеді.

Атаулы әлеуметтік көмекті төлеу ай сайын атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылданған айдан кейінгі айдың 10-күніне қарай жүзеге асырылады.

Қазақстанда  жан басына шаққандағы айлық табысы кедейлік деңгейден төмен азаматтарға (отбасыларға) атаулы әлеуметтік көмек (АӘК), яғни ай сайынғы ақшалай төлем көзделген.

2019 жылы атаулы әлеуметтік көмек алу тәртібі жеңілдетілді және оны алу үшін алғашқы критерийлер жеңілдетілді» — дейді Эльмира Бейсенова.

2022 жылдың І тоқсанында Түркістан қаласы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш берген 2 463 отбасыға (13 403 адам)  392 521,0 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы төлем жүргізілген.  

Оның ішінде шартты атаулы әлеуметтік көмек 1 879 отбасыға (10 891 адам)  және шартсыз атаулы әлеуметтік көмек  583 отбасыға (2 512адам) беріліп отыр. Отбасының немесе жеке адамның әлеуметтік жағдайына байланысты көмек екі түрге бөлінеді: шартсыз және шартты. Бұл тұста Эльмира Тұңғышбайқызы көпшілігіміз біле бермейтін біраз ұғымдарды ашықтап, түсіндіріп берді.

Шартты ақшалай көмек дегеніміз бұл — жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына және (немесе) қажет болған жағдайда әлеуметтік бейімдеу шараларына табысы аз адамдардың (отбасылардың) міндетті қатысуы шартымен оларға ай сайынғы және (немесе) біржолғы ақшалай төлем нысанында, оның ішінде электрондық ақшаның электрондық әмияндарына электрондық ақшамен көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек түрі.

Ал шартсыз ақшалай көмек бұл — жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға мүмкіндігі шектеулі табысы аз адамдарға (отбасыларға) ай сайынғы ақшалай төлемдер нысанында, оның ішінде электрондық ақшаның электрондық әмияндарына электрондық ақшамен көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек түрі.

Кепілдік берілген әлеуметтік топтама шартсыз немесе шартты ақшалай көмек алатындар қатарындағы:

бір жастан алты жасқа дейінгі балалары, сондай-ақ орта білім беру ұйымдарында оқуға кіріспеген алты жасқа толған балалары бар табысы аз отбасыларға – атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезеңінде;

алты жастан он сегіз жасқа дейінгі балалары, сондай-ақ орта білім беру ұйымдарында білім алатын, он сегіз жасқа толған балалары бар табысы аз отбасыларға тиісті оқу жылы ішінде беріледі.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек-бұл шартсыз және шартты ақшалай көмек түрінде облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген айлық табысы кедейлік шегінен төмен жеке тұлғаларға  мемлекет тарапынан ақшалай нысандағы төлем.

Шартсыз ақшалай көмек келесі тұлғаларға көрсетіледі: 

1) Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу іс-шараларына қатысуға мүмкіндіктері шектеулі жалғыз басты және (немесе) жалғыз тұратын аз қамтылған тұлғаларға төмендегі себептер бойынша:

  • зейнеткерлік жасқа толуына;
  • бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігіне;
  • екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін ауруының болуына байланысты.

2) құрамында еңбекке қабілетті адамдары жоқ немесе 

Барлық еңбекке жарамды отбасы мүшелері бірінші немесе екінші топтағы мүгедектер болып табылатын және (немесе) екі айдан астам уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімі белгіленуі мүмкін аурулары бар, және (немесе) келесілерге күтім жасауды жүзеге асыратын аз қамтылған отбасыларға:

  • үш жасқа дейінгі балаға;
  • мүгедек балаға;
  • бірінші немесе екінші топтағы мүгедекке;
  • қарттар;
  • бөгде адамның күтімі және көмегіне мұқтаж.

Жалғыз басты және жалғыз тұратын аз қамтылған тұлғаларға, сондай-ақ құрамында еңбекке жарамды мүшесі (мүшелері) бар аз қамтылған отбасыларға, оның ішінде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға ол (олар) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) қажет болған кезде әлеуметтік бейімдеу шараларына қатысқан жағдайда көрсетіледі.

Атаулы әлеуметттік көмек жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен Қазақстан Республикасы халқының келесі санаттарына тағайындалады:

  • ҚР азаматтары;
  • ҚР аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар;
  • босқындар;
  • қандастар.

Жан басына шаққандағы орташа табыс – бұл отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі.

Кім әлеуметтік атаулы көмек ала алмайды?

ҚР «Мемлекеттік әлеуметтік атаулы көмек туралы» заңына сәйкес төмендегілердің әлеуметтік атаулы көмек алуға құқығы жоқ:

  • табысы аз болып табылмайтын адамдарға (отбасыларға);
  • еңбекке қабілетті мүшесі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан отбасыға – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан күннен бастап 6 ай бойы;
  • алушының кінәсі бойынша бұрын жасалған әлеуметтік келісімшарт бұзылған және (немесе) әлеуметтік келісімшартта көзделген міндеттемелер орындалмаған жағдайларда, адамға (отбасыға) – атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға өтініш жасаудың алдындағы 6 ай бойы;
  • атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін көрінеу жалған мәліметтер және (немесе) анық емес құжаттар берген адамдарға (отбасыларға) – оларды ұсынған күннен бастап 6 ай бойы;
  • материалдық жағдайын зерттеп-қарау нәтижелері бойынша дайындалған учаскелік комиссияның қорытындысына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек беруге мұқтаж емес адамдарға (отбасыларға) тағайындалмайды.

Кедейлік шегі – атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін айқындау үшін өлшемшарт ретінде белгіленетін, облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 70% деңгейінде белгіленген бір адамға шаққандағы ақшалай кірістің шекті ең төмен шамасы.

Өз кезегінде, ең төмен күнкөріс деңгейін өңірлер бөлінісінде тоқсан сайынғы негізде ҚР Ұлттық статистика бюросының органдары есептейді.

Мысалы, өңірлер бөлінісінде 2022 жылдың 2 тоқсанында ең үлкен мөлшер Маңғыстау облысында (ЕТКД – 51 197, КШ – 35 838 теңге), Астана қаласында (ЕТКД – 47 522, КШ – 33 265 теңге), Алматыда (ЕТКД – 43 294, КШ – 30 306 теңге) және Алматы облысында (ЕТКД – 43 294, КШ – 30 306 теңге), Ақмола облысында (ЕТКД – 43 145, КШ –30 202 теңге). Қалған өңірлерде оның мөлшері 42 611 теңгеден 40 611 теңгеге дейін өзгереді. АӘК тағайындау кезінде азық-түлік тауарларының бағасына байланысты жергілікті атқарушы органдар есептейтін ең төменгі күнкөріс деңгейі қолданылады.

Шартсыз ақшалай көмек көрсетіледі:

  1. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға мүмкіндігі шектеулі жалғызілікті немесе жалғыз тұратын аз қамтылған адамдарға:
  • зейнеткерлік жасқа жетуімен;
  • бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік;
  • екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленуі мүмкін аурудың болуы.
  1. Құрамында еңбекке қабілетті адамдары жоқ немесе жалғыз еңбекке қабілетті мүшесі үш жасқа дейінгі балаға, мүгедек балаға, бірінші немесе екінші топтағы мүгедекке, бөгде адамның күтіміне және көмегіне мұқтаж қартқа күтімді жүзеге асыратын табысы аз отбасыларға көрсетіледі.

Шартсыз ақшалай көмек өтініш жасалған айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады және ай сайын төленеді.

Шартты ақшалай көмек жалғызілікті не жалғыз тұратын еңбекке қабілетті табысы аз адамдарға, сондай-ақ құрамында еңбекке қабілетті мүшесі бар табысы аз отбасыларға, оның ішінде бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға, ол (олар) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) қажет болған кезде әлеуметтік бейімдеу шараларына қатысқан жағдайда, ай сайынғы немесе біржолғы ақшалай төлемдер нысанында көрсетіледі.

Еңбекке қабілетті мүше үшін белгілі бір жеңілдіктер бар: оған жұмыс табуға, білім алуға немесе өз ісін ашуға көмектеседі.

АӘК белгіленген сомадан бөлек қосымша көмек ретінде кепілдендік берілген әлеуметтік топтама беріледі. Кепілдік берілген әлеуметтік топтама шеңберінде көрсетілетін көмектің түрлері мен көлемі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы №1032 қаулысымен айқындалған.

Жасына қарай балалар екі санатқа бөлінеді – 1 жастан 6 жасқа дейін және 6 жастан 18 жасқа дейін. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар үшін кепілдендік берілген әлеуметтік топтама шеңберінде тамақ өнімдерін тұтынудың ғылыми негізделген физиологиялық нормаларына сәйкес айқындалған азық-түлік жиынтығы мен тұрмыстық химия тауарлары көзделеді. Оның құрамына: жеміс және (немесе) көкөніс гипоаллергенді езбесі, балаларға арналған гипоаллергенді балалар ботқасы, өлшеп оралған жүгері жармасы, өлшеп оралған сұлы жармасы, балаларға арналған печенье, пастерленген немесе ультрапастерленген сүт, бидайдың қатты сұрыптарындағы макарон, зауыттық қаптамадағы күнбағыс майы, классикалық гематоген, құрамында тұтас дәнді дақылдар бар таңғы асқа арналған сүт жастықшалары, ұсақталған бұршақ, қарақұмық жармасы немесе күріш кіреді.

6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға арналған кепілдендік берілген әлеуметтік топтама 4 бөліктен тұрады. Бұл – оқу орны бойынша бір реттік тамақтану, мектеп формасымен қамтамасыз ету, мектеп керек-жарақтарымен қамтамасыз ету және қалалық қоғамдық көлікте жол жүрудің 50%-ын өтеу.

Атаулы әлеуметтік көмектің (АӘК) мөлшері отбасының жан басына шаққандағы табысы мен облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінің мөлшері арасындағы айырма түрінде есептеледі. Жан басына шаққандағы орташа табыс – бұл отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі. Кедейлік шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% мөлшерінде белгіленген. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есептік кезеңде алынған табыстың барлық түрлері ескеріледі, оның ішінде:

— еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынатын табыстар;

— «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы ҚР Кодексінде көрсетілген балаларға және тұлғаларға алимент түріндегі табыс;

— жеке қосалқы шаруашылықтан (мал мен құсты ұстауды, бағбандықты, бағбандықты қамтитын үй жанындағы шаруашылықтан) түсетін кірістер;

— кәсіпкерлік қызметтен түсетін кірістер;

— жылжымайтын мүлікті және көлік құралдарын жалға беруден және сатудан түскен кірістер;

— бағалы қағаздардан түсетін кірістер;

— жылжымайтын мүлікті, көлік құралдарын және басқа да мүлікті сыйға тарту, мұраға қалдыру түрінде алынған табыс;

— кредитті (микрокредитті) пайдаланудан түскен кірістер);

— өтеусіз алынған ақша түріндегі кірістер;

— ақшалай салымдар мен депозиттер бойынша сыйақылар түріндегі кірістер;

— ақша аударымдары түріндегі кірістер;

— конкурстарда, жарыстарда (олимпиадаларда), фестивальдарда, лотереялар, салымдар мен борыштық бағалы қағаздар бойынша қоса алғанда ұтыс ойындары бойынша алынған заттай және (немесе) ақшалай түрдегі ұтыстар түріндегі кірістер;

-құрамында 4 және одан да көп балалары бар көп балалы отбасыларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;

— бағдарлама шеңберінде ерікті түрде қоныс аударуға қатысушыларға көшуге (отбасының әрбір мүшесіне) біржолғы төлемді қоспағанда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысудан алынған кірістер;

— тұрғын үй заңнамасында белгіленген тәртіппен қарыз бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабуға арналған тұрғын үй сертификаттарының сомасы;

— қаржыландыру көзіне қарамастан интерндерге, магистранттарға, докторанттарға, резидентура тыңдаушыларына және оқу орындарының басқа да тыңдаушыларына төленетін стипендиялар және басқалар.

Бұл ретте, кірістердің кейбір түрлері қайта қаралды және 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап отбасының жиынтық табысында ескерілмейді, оның ішінде:

— жерлеуге арналған біржолғы жәрдемақы;

— бала тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақылар;

-жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемдер

-16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға мүгедектігі бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы;

-16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы;

-бірінші, екінші, үшінші топтардағы 16 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы;

-бірінші, екінші, үшінші топтардағы 16 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы;

— «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;

— атаулы әлеуметтік көмек;

— тұрғын үй көмегі;

— ТЖ салдарынан отбасына денсаулығы мен мүлкіне келтірілген залалды өтеу мақсатында көрсетілген көмек;

— аз қамтылған отбасылар қатарындағы білім алушыларға білім беру ұйымдарында көрсетілетін қаржылай және материалдық көмек;

— мемлекеттік бюджеттен және өзге де көздерден азық-түлік өнімдеріне бағаның өсуіне байланысты аз қамтылған азаматтарға ақшалай немесе заттай түрде көрсетілген көмек;

— қайырымдылық көмек;

— азаматтардың тегін немесе жеңілдікпен протездеуге жол жүруін төлеу;

— азаматтардың елді мекеннен тыс жерлерге емделуге тегін немесе жеңілдікпен жол жүру құны;

— ҚР заңнамасына сәйкес мүгедектерге бөлінген дәрілік препараттар, санаторий-курорттық емдеу, протездік-ортопедиялық бұйымдар (дайындау және жөндеу), жүріп-тұру құралдары (кресло-арбалар) және оңалту, тегін тамақтандыру және білім беру ұйымдарында көрсетілетін көмек түрінде көрсетілген заттай көмек түрлері;

— жергілікті атқарушы органдардың қаражатынан біржолғы төлемдер;

— Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүгедектерге бөлінген дәрілік препараттар, санаторий-курорттық емдеу, протездік-ортопедиялық бұйымдар (дайындау және жөндеу), жүріп-тұру құралдары (кресло-арбалар) және оңалту түрінде көрсетілген заттай көмек түрлері;

— мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылар мен тәрбиеленушілерге, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына материалдық көмек көрсету;

— аз қамтылған отбасы балаларына кепілдендірілген әлеуметтік пакет шеңберінде берілетін көмек;

— «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде ерікті түрде қоныс аударуға қатысушыларға көшуге (отбасының әрбір мүшесіне) берілетін біржолғы төлемдер»;

— Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес екінші деңгейдегі банктерде және микроқаржы ұйымдарында кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша берешекті біржолғы өтеу;

— ЖОО-да, ТжКБ бойынша оқитын студенттерге төленетін стипендиялар.

АӘК тағайындауға өтінішті қабылдау «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы немесе тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жүзеге асырылады, ал ауылдық жерде тұрған жағдайда кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жүгіну қажет.

Өзімен бірге Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктің жеке куәлігі не тұруға ықтиярхаты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, босқын куәлігі, ал қандастар үшін – оралман куәлігі ғана болса жеткілікті.

Бұдан бұрын талап етілген барлық қалған құжаттар мен мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен автоматты түрде алынады, ақпараттық жүйелерде деректер болмаған немесе дұрыс болмаған жағдайда тиісті мемлекеттік органдарға сұрау салу жіберіледі.

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын еңбекке қабілетті отбасы мүшелері жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеуге өтініш береді.

Бұл тұста ескерер жайт, атаулы әлеуметтік көмекті қарауды және тағайындауды жеделдету үшін өтініш берушінің өз бастамасы бойынша құжаттардың көшірмесін қағаз жеткізгіште ұсынуға құқығы бар. Сізге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалғанын тексеру үшін тиісті анықтаманы онлайн-режимде алуға болады.

Атаулы әлеуметтік көмек мөлшері туралы да айта өтейік.

«Мемлекеттік әлеуметтік атаулы көмек туралы» заңына сәйкес, бір адамға немесе отбасына атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін отбасының әрбір мүшесі есебінен орташа жан басына шаққандағы табыс және облыстарда белгіліенген кедейлік шегі арасындағы айырмасы түрінде уәкілетті орган есептейді. Отбасының құрамы және табыстар өзгерген жағдайда тағайындалған атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері қайтадан есептеледі. Ал өтініш беруші 10 жұмыс күні ішінде уәкілетті органға атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін өзгерту үшін негіз болуы мүмкін мән-жайлар туралы хабарлауға міндетті.

Жан басына шаққандағы орташа табыс қалай есептеледі?

Атаулы әлеуметтік көмекті алуға үміткер тұлғаның жиынтық табысын анықтау атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасалған кезде ұсынылатын құжаттардың және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтердің негізінде жүргізіледі.

Отбасының жиынтық табысына белгіленген уақыт кезеңі ішінде ақшалай немесе заттай нысанда алынған тұрғын үй көмегі мен атаулы әлеуметтік көмегінен, сондай-ақ жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді іс-шараларына қатысу шеңберінде мемлекеттік қолдау іс-шараларынан басқа табыстың барлық түрлері қосылады. Әкімдіктер өңірлердің ерекшеліктерін ескере отырып келесілерді кіріс бермейді деп айқындауға құқылы: үй малы, құсы, жер учаскесі.

Жан басына шаққандағы орташа табыс әлеуметтік көмек тағайындау үшін өтінішті берген тоқсанның алдындағы тоқсанда алынған жиынтық табысты отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу арқылы есептеледі.

Тіпті айына 1 теңге төленсе де, не себепті атаулы әлеуметтік көмектен бас тартпау керек.

Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек кімге беріледі?

Атаулы әлеуметтік көмек әрбір отбасы мүшесінің табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-інен төмен адамдарға тағайындалады: бұл мән (ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-і) «кедейлік шегі» деп аталады. 2021 жылы Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі 34 302 теңге болса, 2022 жылы ол 36 018 теңгені құрайды. Сондықтан кедейлік шегі 2021 жылы 24 011 теңге болса, 2022 жылы бір адамға айына 25 212 теңге төленеді. Егер 2022 жылы отбасы табысы бір адамға шаққанда айына 25 212 теңгеден аз болса, онда мұндай отбасы осы отбасының барлық мүшесі үшін атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш бере алады. Отбасының орташа табысын есептеу кезінде мүгедек балаларға берілетін жәрдемақы есепке алынбайды.
Қазақстанда АӘК көлемі қандай болады?

Атаулы әлеуметтік көмек көлемін әр адамға қатысты жеке есептейді. АӘК мөлшері кедейлік шегі мен отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы арасындағы айырмашылықты құрайды, яғни 25 212 теңгеден отбасының бір адамға шаққандағы орташа табысын шегеру қажет. Кейде отбасының әрбір мүшесіне 1000 теңге немесе 20 теңге, тіпті 1 теңге атаулы әлееуметтік көмек тиесілі болуы мүмкін.

АӘК-тен неге бас тартуға болмайды?

Егер отбасы аз да болса атаулы әлеуметтік көмек алса, онда бұл отбасының балалары үшін Еңбек министрлігінен (егер балалар 1-6 жас аралығында болса) немесе білім министрлігінен (6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар үшін) көмек беріледі.

АӘК алатын отбасындағы 1-6 жас аралығындағы балаларға не тиесілі?

Мұндай балаларға ай сайын азық-түлік және гигиеналық заттар жинағы беріледі. Онымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құрылымдары қамтамасыз етуге тиіс.
-1 жастан 3 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы азық-түлік жинағына мыналар кіреді:

-жеміс және (немесе) көкөніс гипоаллергенді езбесі – кемінде 1200 грамм;

-балаларға арналған гипоаллергенді сәбилер ботқасы – кемінде 320 грамм;

-қаптамадағы жүгері жармасы – кемінде 400 грамм;

-қаптамадағы сұлы қауыздары – кемінде 800 грамм;

-балаларға арналған печенье – кемінде 180 грамм;

пастерленген немесе ультрапастерленген сүт – кемінде екі литр.

3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы азық-түлік жинағына мыналар кіреді:

-пастерленген сүт – кемінде екі литр;

-қатты бидайдан дайындалған макарон, сұлы қауыздары, арпа жармасы, шағылған асбұршақ – барлығы кемінде 800 грамм;

-ұнтақ жармасы – кемінде 700 грамм;

-қарақұмық немесе күріш жармасы – кемінде 1,6 кг;

-күнбағыс майы – кемінде 0,8 литр;

-гематоген – кемінде 240 грамм;

-құрамында бүтін астық дақылдар бар таңғы асқа арналған сүтке қосатын тағам – кемінде 250 грамм;

-балаларға арналған печенье – кемінде 400 грамм;

-таза бал – кемінде 200 грамм.

1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған тұрмыстық химия құралдарының ай сайынғы жинағына тіс пастасы, тіс щеткасы, гипоаллергенді сабын, сусабын, жақпамай, кір сабын және кір жуғыш ұнтақ кіреді.

АӘК алатын отбасындағы 6-18 жас аралығындағы балаларға не тиесілі?

Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасындағы 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға азық-түлік және тұрмыстық химия жинақтары берілмейді. Бірақ Оқу-ағарту министрлігінің басқармалары мен бөлімдері оларды мектепке қажетті барлық жабдықпен қамтамасыз етеді.
Біріншіден, бұл балалар мектепте күнделікті тегін тамақтануға құқылы болса, екіншіден, олардың қоғамдық көлікте жүру құнының 50 проценті өтеледі. Сонымен қатар балаларға мектеп формасы және мектепке қажетті құралдар беріледі (жылына бір рет). Ұл балалар пиджак, желетке, шалбар, жейде немесе водолазка және аяқ киіммен қамтамасыз етіледі. Қыздарға пиджак, желетке, белдемше немесе сарафан (немесе шалбар), жейде немесе водолазка және аяқ киім беріледі. Бұл жинаққа сондай-ақ спорт костюмі мен спорт аяқ киімі кіреді.
Кеңсе заттарының жинағына рюкзак, сонымен қатар дәптер, қаламсауыт, қарындаш, қаламсап, сызғыш, өшіргіш, жоғары сыныпта оқитындарға – циркуль, ал төменгі сыныптағыларға сурет салуға арналған альбом мен бояу кіреді.

АӘК қашан беріледі?

АӘК өтініш берген күнге қарамастан азамат жүгінген күннен бастап тағайындалады. Мысалы, егер өтініш 20 қаңтарда немесе айдың соңғы күнінде жолданса, онда төлем бүкіл айға толық төленеді.

АӘК кімге берілмеуі мүмкін?

Атаулы әлеуметтік көмек шартты және шартсыз ақшалай көмек түрінде тағайындалады. Шартты ақшалай көмек отбасында еңбекке жарамды адам болған жағдайда тағайындалады.
Алты ай ішінде жұмысқа тұрудан бас тартқан жағдайда барлық отбасы мүшесіне атаулы әлеуметтік көмек беру тоқтатылады. Ол тұрмысы төмен отбасыға жатпайтын, көрінеу жалған ақпарат берген адамдарға, учаскелік комиссияға сәйкес атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж емес адамдарға тағайындалмайды.

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ БОЙЫНША 2514 БАЛАҒА 27 930,0 МЫҢ ТЕҢГЕ КЕПІЛДЕНДІРІЛГЕН ӘЛЕУМЕТТІК ТОПТАМАНЫҢ АЗЫҚ-ТҮЛІК СЕБЕТТЕРІ ТАҒАЙЫНДАЛЫП, БЕРІЛДІ

Бөлім басшысының айтуынша, Кепілдендірілген әлеуметтік топтама (КӘТ) тағайындауға ағымдағы жылға республикалық бюджеттен 335 164,0 мың теңге жоспарланып, 2022 жылдың 1 наурызына  Түркістан қаласы бойынша 2514  балаға 27 930,0 мың теңге кепілдендірілген әлеуметтік топтаманың азық-түлік себеттері тағайындалып, берілді.

Қалған 10 айдағы кепілдендірілген әлеуметтік топтаманы беру үшін мемлекеттік сатып алу порталы арқыла конкурс жарияланып, үміткер ретінде 4 жауапкершілігі шектеулі серіктестік қатысқан. Атап айтқанда: «Magnum Cash&Carry» ЖШС; «Ernaiza Group» ЖШС; «ЗКА Проект» ЖШС; «Барыс 2007» ЖШС.

Конкурсқа өтінім берушілердің ішінде 2 серіктестік («Magnum Cash&Carry» ЖШС, «Барыс 2007» ЖШС) біліктілік талаптарына сәйкес болмауына байланысты конкурсқа қатысудан бас тартылған.

Мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытынды хаттамасына сәйкес, өтінім берушілер арасынан «Ernaiza Group» ЖШС жеңімпаз болып танылған және «ЗКА Проект» ЖШС екінші орын алған.

Қисыны келгенде атап өтерлігі, «Кепілдік берілген әлеуметтік топтама шеңберінде ұсынылатын көмектің түрлері мен көлемдерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы №1032 қаулысына сәйкес кепілдік берілген әлеуметтік топтама шеңберінде ұсынылатын көмектің түрлері мен көлемдері айқындалған. Қаулыда былай делінген:

  1. Кепілдік берілген әлеуметтік топтама «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шартсыз немесе шартты ақшалай көмек алушылардың қатарындағы:

1) атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған кезеңде — бір жастан алты жасқа дейінгі балалары бар;

2) тиісті оқу жылы кезеңінде — орта білім беру ұйымдарында оқитын, алты жастан он сегіз жасқа дейінгі балалары бар аз қамтылған отбасыларға беріледі.

  1. Бір жастан алты жасқа дейінгі балалар үшін кепілдік берілген әлеуметтік топтама осы көмек түрлері мен көлемдеріне 1-қосымшаға сәйкес бір жастан алты жасқа дейінгі балалары бар аз қамтылған отбасыларға ұсынылатын кепілдік берілген әлеуметтік топтаманың түрлері мен көлемдерінде беріледі.
  2. Орта білім беру ұйымдарында оқитын алты жастан он сегіз жасқа дейінгі балалар үшін кепілдік берілген әлеуметтік топтама:

1) осы көмек түрлері мен көлемдеріне 2-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарында оқитын алты жастан он сегіз жасқа дейінгі балалары бар аз қамтылған отбасыларға кепілдік берілген әлеуметтік топтаманың түрлеріндегі және көлемдеріндегі мектеп формасын не спорттық форманы және мектеп-жазу керек-жарақтарының жиынтығын;

2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін нормаларға сәйкес оқу жылы кезеңіндегі оқу күндері оқитын жері бойынша бір реттік ыстық тамақты;

3) қоғамдық көлікте (таксиден басқа) тасымалдау кезінде билеттің толық құнының кемінде 50 проценті мөлшерінде қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүруді қамтиды.

  1. Бір жастан он сегіз жасқа дейінгі балаларға денсаулық сақтау саласындағы заңнамаға сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі көмек түрлері мен көлемдері бойынша медициналық, оның ішінде стоматологиялық көмек ұсынылады.

Түркістан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы ағымдағы жылдың алғашқы тоқсанына тиесілі өзекті мәселелерді де жасырмай айтты. «2022 жылдың 1-ші тоқсанындағы атаулы әлеуметтік көмекке өтініш берген отбасылардың мұқтаждығын зерделеу барысында комиссия мүшелерінің арасында бірқатар мәселелер орын алды, бұл өз кезегінде құжаттардың ұсыну мерзімінің бұзылуына әкеп соқты. Сондықтан 2021 жылдың 1 қарашасында Түркістан қаласы әкімінің №89/ө өкімімен бекітілген учаскелік комиссия құрамының мүшелеріне өзгеріс енгізу бойынша ұсыныс әзірленіп, Түркістан қаласының әкіміне ұсынылды. Дәлірек айтсақ, сектор басшыларының ұсынысын назарға алып, жаңа комиссия құрамын қалыптастыруда секторлардағы әлеуметтік мамандарды қосуды жоспарладық» — дейді Эльмира Бейсенова.

Бөлім басшысының сөзіне қарағанда, сонымен қатар, Түркістан қаласына қарасты 6 секторда мұқтаж отбасылардың тізімі жасақталған, «Қамқорлық»  бағдарламасы аясында 100 отбасы бектіліп, демеушілер есебінен «Наурыз» мерекесіне орай азық-түлік себеттері беріліпті.

 ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІ САУЫҚТЫРУ МАҚСАТЫНДА ЖОЛДАМАМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛГЕН

Түркістан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан атқарылатын халықты әлеуметтік қорғаудың 2-ші бағыты — жекеленген санаттағы азаматтарды әлеуметтік қолдау.

«Жекеленген санаттағы азаматтарды әлеуметтік қолдау келесі нормативтік-құқықтық актілер негізінде жүзеге асырылады, — дейді Эльмира Бейсенова, — «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы №322-VІ Заңы, «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы  №1787-ХІІ Заңы, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» №39 Заңы, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» №26 бұйрығы, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы «Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» №498 бұйрығы, Қазақстан Республикасның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы «Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» №84 бұйрығы».

Түркістан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің биылғы алғашқы тоқсан бойынша бізге берген мәліметінше, Түркістан қаласында 13537 зейнеткер тұрады. Оның ішінде:

  • Ұлы Отан соғысының ардагері мен мүгедектерінің саны – 4;
  • соғыс ардагерлеріне теңестірілгендердің саны — 343;
  • тыл еңбеккерлерінің саны — 499.

Ал көп балалы аналардың саны — 13 172. Оның ішінде:

  • «Алтын алқа» иегерлерінің саны — 622;
  • «Күміс алқа» иегерлерінің саны — 2275;
  • «Батыр аналар» саны — 80;
  • «1-2-ші дәрежелі Ана даңқы» орденімен марапатталған аналар саны — 112;
  • 18 жасқа дейін 4 және одан көп баласы бар аналардың саны — 10083.

«Түркістан қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Түркістан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 2021 жылғы 9 наурыздағы №4/17-VII шешіміне сәйкес, бір реттік қаржылай әлеуметтік көмек берілді. Бұл шешімнің мәтіні мынадай:

«Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Түркістан қалалық мәслихатының 2021 жылғы 9 наурыздағы № 4/17-VII «Түркістан қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6096 тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Қағидалардағы:

6-тармақтың 5) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

«16 желтоқсанда (Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні) – «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқандар қатарындағы ақталған адамдарға, біржолғы 52 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.»;

8-тармақтың 6) тармақшасының бірінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:

«мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы бойынша мүгедектерге қол арбамен қамтамасыз етуге:»;

8-тармақтың 7) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

«медициналық ұйымдардың ұсынған тізімі бойынша мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымдардан шығарылған туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын адамдарға ай сайын 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;»».

Эльмира Тұңғышбайқызының айтуынша, 8 наурызда (Халықаралық әйелдер күнiне) – 3089 анаға біржолғы 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төлем жүргізілген. Ол реті келгенде көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақылар мен жеңілдіктер жөнінде түсіндіріп өтті.

«Ең әуелі көпбалалы отбасылар мен көпбалалы ананың мәртебесі хақында. Қазақстанда құрамында бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ 23 жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар отбасылар көпбалалы отбасылар болып саналады.Алты бала туған және тәрбиелеген көпбалалы аналарға «Күміс алқа» алқасы беріледі, ал жеті не одан көп бала туған және тәрбиелеген көпбалалы аналар «Алтын алқа» алқасымен марапатталды.

Ал көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларға келсек, кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары бар немесе жиырма үш жасқа дейін күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттері бар көпбалалы отбасыларға отбасы табысына қарамастан төмендегі көлемде жәрдемақы тағайындалады:

  • төрт балаға – 16,03 АЕК немесе 46 760 теңге;
  • бес балаға – 20,04 АЕК немесе 58 457 теңге;
  • алты балаға – 24,05 АЕК немесе 70 154 теңге;
  • жеті балаға – 28,06 АЕК немесе 81 852 теңге;
  • сегіз және одан көп балаға – 28,06 АЕК немесе 81 852 теңге қосымша 4 АЕК бойынша жеті баладан кейінгі әрбір үшін.

Онлайн-қызмет арқылы осы жәрдемақыны тағайындауға өтінім беруге болады.

«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен және басқа да ордендермен марапатталған көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы

«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналарға   ай сайын 6,4 АЕК мөлшерінде мемлекеттік жәрдемақы төленеді.

Аталған жәрдемақыны алу үшін келесі құжаттармен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ға жүгіну қажет. 

  • Өтініш;
  • Жеке басты куәландыратын құжат – сәйкестендіру үшін;
  • «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналардың марапаттарын растайтын немесе осы атақтарды алғанын растайтын құжат;
  • Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін –Байқоңыр қаласытұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу бөлімініңанықтамасы.

Қызмет көрсету мерзімі – 7 жұмыс күні.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі қажет болған жағдайда қажеттілігіне қарай іс материалдары ресімделгенге дейін 30 күн мерзімге ұзартылады, бұл ретте егер құжаттар ресімделіп болса мемлекеттік көрсетілетін қызмет Мемлекеттік корпорацияға қосымша құжаттарды ұсынған күннен бастап 7 жұмыс күнінде көрсетіледі.

Көпбалалы отбасыларға арналған басқа да жеңілдіктерді де айтып өтейін. «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар тұрғын үйді мемлекеттік тұрғын үй қорынан алуға немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйді алуға бірінші кезекте құқылы.      

Сондай-ақ, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көпбалалы аналар төменде көрсетілген:

  • көлік құралдары бойынша салық («Батыр ана» атағына ие болған немесе «Алтын алқа» не «Күмiс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар бір автокөлік құралы бойынша);
  • тұрғын үй қоры иеленген жер учаскелері, оның ішінде ондағы құрылыстар мен ғимараттар бойынша салық («Батыр ана» атағына ие болған немесе «Алтын алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар);
  • үй жанындағы жер учаскелері бойынша салық;
  • жеке тұлғалардың мүлкі бойынша салық («Батыр ана» атағына ие болған, «Алтын алқа» алқасымен наградталған көпбалалы аналар 1000-еселік мөлшердегі АЕК шегінде);
  • нотариалдық әрекеттер жасаған кезде мемлекеттік баж салығы («Батыр Ана» атағына ие болған, «Алтын алқа», «Күмiс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар — барлық нотариаттық әрекеттер бойынша);
  • зияткерлік меншік саласында уәкілетті мемлекеттік орган заңды маңызы бар әрекеттер жасаған кезде мемлекеттік баж салығы сияқты бірқатар салықтар мен мемлекеттік баж төлеуден босатылған («Батыр Ана» атағына ие болған, «Алтын алқа», «Күмiс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар).

Сонымен бірге, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 3-тармағына сәйкес 5 және одан да көп бала туған (асырап алған) және оларды 8 жасқа дейін тәрбиелеген әйелдердің 53 жасқа толғанда жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар» — деді Түркістан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.

Бұдан бөлек Түркістан қаласы деңгейінде ардагерлерді сауықтыру мақсатында олар жолдамамен қамтамасыз етіліпті. Тәптіштеп көрсетсек:

2022 жылға облыстық бюджеттен зейнеткерге 500 жолдама бөлініп («Ардагерлер» үйіне – 260 жолдама, «Мейір» ардагерлер үйіне — 240 жолдама), ағымдағы жылы «Мейір» ардагерлер үйіне — 44, «Ардагерлер»  үйіне 46 жолдамамен қамтамасыз етілді.

 — 4 ардагер  басылымға тегін жаздырылды.

Тағы бір назар аударар мәселе. Түркістан қаласындағы мүгедектігі бар азаматтардың  жалпы саны 8870 адамды құрап отыр. Оның ішінде:

  • 1-топ мүгедектерінің саны – 695;
  • 2-топ мүгедектерінің саны – 3541;
  • 3-топ мүгедектерінің саны – 2907;
  • 16 жасқа дейінгі бала мүгедегінің саны – 435;
  • 8 жасқа дейінгі 1,2,3-ші топтардағы бала мүгедегінің саны – 1292.

Мүгедектігі бар адам деген кім? Ол – тұрмыс-тіршілігінің шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне әкеп соқтыратын, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, кемістіктерге байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған адам.

Ал мүгедектігі бар бала ол — тұрмыс-тіршілігінің шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне әкеп соқтыратын, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, кемістіктерге байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған он сегіз жасқа дейінгі адам.

Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік оңалту бұл — мүгедектігі бар адамдардың тіршілік-тынысының шектелуін жеңіп шығуы үшін жағдай туғызуға, олардың әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге, әлеуметтік-тұрмыстық және ортаға бейімделуіне бағытталған шаралар кешені.

«Жалпы, Түркістан қаласы бойынша мүгедектердің жалпы саны 8870 болса, олардың 4456-сына оңалтудың жеке бағдарламасы бекітілген, олар 100% электронды цифрлы қолтаңбамен қамтылған. Алғашқы тоқсанда «Әлеуметтік қызметтер порталы» арқылы техникалық көмекші құралдармен және арнайы қызметтермен қамтамасыз етіліп, өнім берушілерге төлем жүргізу жұмыстары жүргізілді. Сол мерзімде мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасы 52,4%-ға орындалған» — дей келе, Эльмира Бейсенова бөлім атқарып отырған екінші бағыт бойынша өзекті мәселелерді де таңға таңба басқандай көлденең тартты. «Біріншіден, санаторлық-курорттық емдеумен қамтамасыз ету бойынша 2312 адамға мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасы түзілген. 2022 жылға 431 адамға жолдама үшін 75 132,0 мың теңге қаржы (республикалық бюджеттен — 27 280,0 мың теңге, облыстық бюджеттен — 24 879,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен — 22 973,0 мың теңге) қаралған. Биылғы бірінші тоқсанда ұзын-ырғасы 827 адам өтініш білдіріп, 431-і қамтамасыз етілді. Одан басқа 396 адам  кезекте тұрғандықтан, жолдамамен қамтамасыз етуге қаржы жеткіліксіз болды. Сондықтан мүгедектерді санаторлық-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге қосымша 425  жолдамаға  (1 жолдама құны-  175000 теңге) 74 миллион 375 мың теңге қаржы қарастыру қажеттігі туындады, — дейді ол. – Екіншіден, өзекті мәселенің бірі — мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылы 40 нысан бейімдеуден өткізу белгіленген, оның орындалуын қамтамасыз етуіміз қажет-тін. Бұл бойынша арнайы жұмыс тобы құрылып, жұмыстар атқарылды. 40 нысанның 21-і — мемлекеттік, ал 19-ы — жеке меншіктегі объектілер. Мемлекеттік меншіктегі 7 нысан бейімдеуге жататындығы анықталып, қалған нысан иелеріне кемшіліктерді жою бойынша ескерту хат берілді».

БИЫЛ АЛҒАШҚЫ ТОҚСАНДА ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА НЕКЕ ҚИЮҒА КЕДЕРГІ БОЛАТЫН ЖАЙЛАРДЫ ЖАСЫРУ АНЫҚТАЛМАҒАН

Түркістан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан атқарылатын халықты әлеуметтік қорғаудың 3-ші бағыты — азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді (АХАТ) ұйымдастыру.

Түркістан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі құрамындағы АХАТ секторы қызметкерлері 2019 жылдың 25 қараша айында қабылданған Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» туралы Кодексіне және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №64 бұйрығына, «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою» туралы қағидасына сүйеніп жұмыс  жүргізеді.

Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» туралы Кодексі — неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) қатынастарын реттеудің мақсаттарын, міндеттерін, қағидаттарын және құқықтық негіздерін айқындайды, отбасының дамуын Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік саясатының басым бағыты ретінде айқындай отырып, оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.

Неке (ерлі-зайыптылық) дегеніміз – ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді туғызатын, отбасын құру мақсатында Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімімен жасалған еркек пен әйел арасындағы тең құқықты одақ.

Ал, отбасы дегеніміз – некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасы қатынастарын нығайтып, дамытуға септігін тигізуге арналған мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге байланысты адамдар тобы.

Келіп түскен өтініштер Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» 2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI ҚРЗ Кодексінің  91-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 31 наурыздағы қаулысымен ратификацияланған «Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық қарым қатынастар мен құқықтық көмек туралы» Конвенцияға сәйкес (Конвенция о пpавовой помощи и пpавовых отношениях по гpажданским, семейным и уголовным делам) өзге мемлекеттерден  келіп түсетін азаматтық хал актілерін тіркеуге байланысты тапсырыстар ұлттық заңнамаға сәйкес  мерзімінде орындалады.

Нақтырақ айтатын  болсақ, туу туралы, неке қию туралы, қайтыс болу туралы, неке бұзу туралы,  тегін, атын, әкесінің  атын  өзгерту  туралы  хал  актілерін  тіркейді. 

Атап  айтқанда, Түркістан қаласы бойынша 2022  жылдың І-ші тоқсанындағы деректер мынадай кесте түрінде көрініп тапты:

Қызмет  түрлері Атқарылған қызметтер саны
    1 Туу туралы,

оның ішінде өлі  туылғандар

1874

22

2 Неке қию туралы,

оның  ішінде шетел азаматтары

477

2

3 Қайтыс болу туралы,

оның ішінде 1 жасқа дейінгі өлі туылғандар

244

14

4 Неке бұзу туралы, 

оның ішінде сот шешімі бойынша

15

6

5 Тегін, атын, әкесінің  атын өзгету 5
6 Күрделі істер, оның ішінде — түзету, өзгерту және толықтыру енгізу туралы  істер 47
7 Жою туралы  істер 3
8 Тууды мерзімі өтіп тіркеу істері
9 Қайталама  куәліктер 300
10 Анықтамалар 267

Бір қуаныштысы, 2022 жылдың І-ші тоқсанында Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 491-бабына сәйкес әкімшілік іс қозғалмады, яғни неке қиюға кедергі болатын жайларды жасыру немесе азаматтық хал актілерін тіркейтін органдарға жалған мәліметтер берілгені үшін әкімшілік жауапкершілік хаттамаларын толтыруға негіздер анықталмаған.

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ «ҮЙДЕ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТУ» БӨЛІМШЕСІНДЕ ӘЛЕУМЕТТІК 25 ҚЫЗМЕТКЕР ЖҰМЫС АТҚАРАДЫ

Түркістан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан атқарылатын халықты әлеуметтік қорғаудың 4-ші бағыты — арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамту.

Бөлім басшысының сөзінше, арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамту бірқатар нормативтік-құқықтық актілер негізінде жүзеге асырылады. Олар: «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы №114-IV Заңы, «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы №165 бұйрығы.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер дегеніміз не? Бұл — өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) туындаған әлеуметтік проблемаларды еңсеру үшін жағдайларды қамтамасыз ететін және оның қоғам өміріне қатысуына басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған қызметтер кешені.

Сондай-ақ, Халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызметтер көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты бұл — қызметтерді алушылардың тұрғылықты жері бойынша үйде қызметтер көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік нысанында үйде қызметтер көрсету ұйымдарында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің сапасын, көлемін және тәртібін белгілейді.

Сонымен қатар:

1) психоневрологиялық ауытқулары бар бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға;

2) тірек-қимыл аппараты бұзылған бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға;

3) психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға;

4) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;

5) егде жасына байланысты өзіне қызметтер көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, тоқтату және тоқтата тұру шарттарын айқындайды.

«Түркістан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Үйде әлеуметтік көмек көрсету» бөлімшесінде әлеуметтік 25 қызметкер жұмыс атқарады (1 меңгеруші, 1 кеңесші, 23 әлеуметтік қызметкер). Әлеуметтік қызметкер дегеніміз — арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін және арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындауды жүзеге асыратын, белгіленген талаптарға сәйкес келетін қажетті біліктілігі бар қызметкер.

Үйде әлеуметтік көмек көрсету секторында еңбек ететін жеке басты қарттарды күтушілер саны – 6, мүгедек балаларды күтушілер саны – 17. Әлеуметтік көмек көрсету бөлімінде 33  жалғыз басты қарт зейнеткер мен мүгедектігі бар азаматтар және 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі 100 мүгедектігі бар бала, ал 18 жастан асқан мүмкіндігі  шектеулі 5 мүгедектігі бар азамат есепте тұрады, жалпы 138 адамға әлеуметтік  қызметтер көрсетілді» — дейді Эльмира Бейсенова.

Тағы бір ұққанымыз, 2022 жылдың 1-тоқсанында Түркістан қаласы бойынша үйде оқитын мүгедектігі бар балаларға әлеуметтік көмек алу мақсатында 300 өтініш білдірген болса, соның барлығы қамтамасыз етіліпті. Сонымен қатар жартылай стационар жағдайында оңалту бағдарламасы бойынша 2022 жылдың алғашқы тоқсанында Түркістан облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Түркістан аумақтық балалар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-нде әлеуметтік қызмет алуға Түркістан қаласының 15 мүмкіндігі шектеулі баласы кешенді қызметтермен қамтылған.

Осы тұста атап өтер жайт, 2022 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 1 үкіметтік емес ұйым 70  ерекше балаға күндізгі бөлімшеде арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынып келеді екен.

Қисыны келгенде бөлім басшысы арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы жадыңызда түйе жүретін мәселелерді де айта өтті. ҚР Заңымен жекелеген адамдар үшін арнайы әлеуметтік қызметтер тобы көзделген. Арнайы әлеуметтік қызметтер дегеніміз не, қандай азаматтар әлеуметтік арнайы қызметтерді алуға құқылы және арнайы әлеуметтік қызметтер қандай түрлерге бөлінеді?

Арнаулы әлеуметтік қызметтер – қиын өмірлік жағдайда болатын адамдарға қызметтер кешенін қамтамасыз етеді, туындаған әлеуметтік мәселелерді жою үшін және қоғам өміріне қатысудың басқа азаматтармен тең мүмкіндіктерін құруға бағытталған шарттарды тудырады.

Арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттері: 

  • ол туындаған жағдайда қиын өмірлік жағдайларды болдырмау үшін шарттар тудыру;
  • арнайы әлеуметтік қызметтердің кепілдендірілген көлемін қамтамасыз ету;
  • арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету стандарттарын сақтауды қамтамасыз ету;
  • көрсетілетін арнайы әлеуметтік қызметтердің сапасын бағалау және мониторинг жүйесін дамыту;
  • арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету жүйесін дамытуды қамтамасыз ету;
  • арнайы әлеуметтік қызметтер туралы ҚР заңнамасын сақтауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
  • арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету саласындағы халықаралық әріптестікті дамыту.

Арнайы әлеуметтік қызметтердің түрлері

Арнаулы әлеуметтік қызметтер екі түрге  бөлінеді, бұл арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдендірілген көлемі және ақылы арнаулы әлеуметтік қызметтер.

Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдендірілген көлемі бюджеттік қаржы есебінен ұсынылатын арнаулы әлеуметтік қызметтердің бірыңғай тізбесі болып табылады. Арнаулы әлеметтік қызметтер тізбесі мыналарды қамтиды:   

  • әлеуметтік- тұрмыстық;
  • әлеуметтік медициналық;
  • әлеуметтік-психологиялық;
  • әлеуметтік-педагогикалық;
  • әлеуметтік-еңбек;
  • әлеуметтік-мәдени;
  • әлеуметтік-экономикалық;
  • әлеуметтік-құқықтық қызметтер.

Ақылы арнаулы әлеуметтік қызметтер арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдендірілген көлемінен жоғары ақылы негізде ұсынылады.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер ақпараттық, кеңестік, делдалдық қызметтер түріндегі жалпы сипаттағы қызметтерді ұсынуды қамтуы мүмкін.

Арнайы әлеуметтік қызметтерді алу үшін негіз

Адам (отбасы) келесі негіздер бойынша қиын өмірлік жағдайда болған деп танылуы мүмкін:  

  1. Жетімдік.
  2. Ата-ананың қамқорлығынсыз қалу.
  3. Кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның ішінде девианттық мінез-құлық.
  4. Кәмелетке толмағандардың ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында болуы.
  5. Үш жасқа дейінгі балалардың туғаннан бастапқы психофизикалық дамуы мүмкіндіктерінің шектелуі.
  6. Дене және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуы.
  7. Әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі.
  8. Жасының егде тартуына байланысты, ауруы және (немесе) мүгедектігі салдарынан өзіне-өзі күтім жасай алмауы.
  9. Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соқтырған қатыгездік. 
  10. Баспанасыздық (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар). 
  11. Бас бостандығынан айыру орындарынан босаған. 
  12. Пробация қызметінің есебінде болу.

Әңгіменің орайы келгенде, Эльмира Тұңғышбайқызы Әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының жұмысы туралы да сөз қозғады. 2021 жылдың 13 желтоқсанында Түркістан  қаласы әкімдігінің №2224 Қаулысымен мүмкіндігі шектеулі және зейнет жасындағы азаматтарға әлеуметтік сүйемелдеу қызметтерді көрсететін орталығы құрылыпты. Оның құрамындағы «Белсенді ұзақ өмір сүру» бөлімшесі қарттар және зейнет жастағы азаматтарға  қоғаммен белсенді араласу және денсаулықтарын жақсартумен қатар қартаю динамикасын төмендетуге кешенді сауықтыру, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді.

Жыл басынан жоспар бойынша 360 адамға қызмет көрсету жоспарланып, биылғы алғашқы тоқсанда 240 адамға қызмет көрсетілген немесе 66,6%-ды құраған. Орталықтың мүмкіндігіне қарай 7 бағыт бойынша 1390 қызмет көрсетіліп келеді екен.

Орталықта өз-өзіне қызмет ету және белсенді қимыл-қозғалыс қабілетін сақтаған қарт адамдарға әлеуметтік-медициналық, психологиялық, экономикалық, құқықтық, ағартушылық, тұрмыстық еңбек, әлеуметтік-демалыс және әлеуметтік-тұрмыстық қызметтері көрсетіледі, сонымен қатар қарттардың бос уақытын пайдалы өткізудің кешенін өткізу, олардың белсенді өмір салтын сақтау және дамыту көзделген.

Белсенді ұзақ өмір орталығында дәрігердің бақылауы мен кеңесі бойынша психологтың көмегі ұсынылып, тұзды бөлме, сенсорлық бөлме, массаж, сауықтыру-гимнастика, ЛФК кабинеті, еңбек терапия, фитотерапия, ағартушылық кабинет, акт залы, кітапхана алаңы, бильярд және тенис ойын алаңы, қосымша би, ән, тағы басқа үйірмелер қызмет етіп келеді.

Естеріңізге сала кетсек, 2025 жылға дейінгі «Белсенді ұзақ өмір сүру» іс-шаралар жоспарын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов 2021 жылғы ақпанда бекіткен болатын. Ол егде жастағы адамдардың өмір сүру сапасын арттыру, халықтың салауатты өмір сүру ұзақтығын арттыру, қарт адамдардың әлеуметтік және психологиялық әл-ауқатын жақсарту, егде жастағы адамдардың қоғам өмірінің әртүрлі салаларына, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысу мүмкіндіктерін кеңейту үшін іс-шараларды көздейді. Осы жоспарды іске асыру үшін үлкен жастағы адамдардың жағдайын жақсарту мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссия құрылды. Қазақстанда 65 жастан асқан шамамен 1,5 миллион адам немесе бүкіл халықтың 7,8%  тұрады. Бұл көрсеткіш соңғы 6 жылда 1% өсті (2015 жылы 6,8%).

Мұндай орталықтардың ашылуы Еңбек және халықты әлеу­мет­тік қорғау министрлігі әзірлеген «Белсенді ұзақ өмір» Ұлттық жоспарында көзделген. Қазіргі уақытта құжат жобасы орталық мемлекеттік органдар мен әкімдіктер деңгейінде, сондай-ақ онлайн режімде «Ашық НҚА» порталында тал­қы­ла­нуда, онда әрбір тілек білдіруші өз ұсыныстарын бере алады.

Белсенді ұзақ өмір орталығы – ересек адамдар ағылшын тілін үй­реніп, компьютерлік сауат­ты­лық курстарынан өтіп, емдік дене шынықтырумен, бимен және т.б. айналыса алатын бос уақы­тын өткізу мекемесі. Нәтижесінде, егде жастағы қазақстандықтар қоғам­ға белсенді түрде араласып, олар­дың психоэмоционалдық жағдайы жақсаруда.

Алматы қаласы «Белсенді ұзақ өмір» орталығы іске қосылған Қазақстандағы алғашқы өңір бол­ды. Ол 2018 жылы маусым айында ашылды. Орталық 75 адамға есептелген, бірақ сұ­ранысқа байланысты күн сайын оған 350-ге жуық адам қатысты. 2019 жылдың со­ңына қарай қаланың барлық ауданда­рында дәл сондай 7 мекеме іске қосылды. Бағдарлама Дүние­жү­зі­лік денсаулық сақтау ұйымы әзірлеген қартаю проблемалары жөніндегі Мадрид халықаралық іс-қимыл жоспарының тұжырым­да­масын ескере отырып әзір­лен­ді. Қартаю мәселелері жөнін­дегі са­рапшылар бүкіл ел бойынша бел­сенді ұзақ өмір орта­лық­та­ры­­ның көп болуын барынша қа­жет­­ті және уақтылы шара деп атай­ды.

«Біздің ұйымымыздың бас­ты міндеттерінің бірі – аға буын­ның саламатты өмір салтын қол­дау болып табылады. Барлық өңір­лерде Белсенді ұзақ өмір орта­лық­тарының ашылғанына өте қуаныштымын. Өйткені БҰҰ есептеулері бойынша 50 жылдан кейін планетаның әрбір алтыншы тұрғыны егде жастағы адам болады. Сондықтан қазірден бас­тап қарт адамдарға сапалы, әр түрлі және белсенді өмір сүруді қам­тамасыз ету бойынша жұ­мыс­ты бастау аса маңызды», — деді Эльмира Тұңғышбайқызы.

Айта кету керек, соңғы 5 жылда 65 жастан асқан адамдардың үлесі 2 есеге артты. Нәтижесінде, ха­лықаралық стандарттарға сәй­кес, Қазақстан 2017 жылы халқы есей­ген елдер тобына кірді.

2021 жылы Қазақстанның түрлі өңірлерінде жұмыс істейтін 30 Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында қарт азаматтарға 40 мыңнан астам түрлі қызмет көрсетіліпті. Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары «Бір терезе» қағидаты бойынша үш бағыт бойынша жұмыс істейді: белсенді ұзақ өмір сүру, денсаулық мәдениеті және жұртшылықпен байланыс. Орталықтардың қызметі қарт адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған: өнімді және белсенді ұзақ өмір сүруге пассивті өмір сүру менталдылығын өзгерту, оның ішінде жүйелі бос уақытты ұйымдастыру (йога, скандинавиялық жүріс, IT-сауаттылығын арттыру, мотивациялық және кәсіпкерлік курстар, ағылшын тілі курстары және т.б.).

Жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша, 2021 жылы белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары бойынша жобаларды іске асыруға 738 миллион теңгеден астам қаражат жұмсалды, 30 орталыққа 385 қызметкер жұмылдырылды, 40 мыңнан астам түрлі қызмет көрсетілді.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта республика бойынша еліміздің барлық өңірлерінде белсенді ұзақ өмір сүрудің 50-ден астам орталығы жұмыс істейді. Олар коммуналдық мемлекеттік мекемелер ретінде де, үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру есебінен де ашылып жатыр.

Жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша, бүгінгі күні орталықта қызметкерлердің жалпы саны 490 адамнан асады, 2022 жылы жергілікті бюджеттерден Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының жобаларын іске асыруға 1,6 миллиард теңге бөлінді.

Бұл ретте мемлекет аға буын өкілдерін әлеуметтік қорғау, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін жетілдіруге бағытталған шараларды дәйекті түрде қабылдап отырғандығын да атап өткен жөн. Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес базалық зейнетақы мөлшері жыл сайын инфляция деңгейіне, ал ынтымақты зейнетақы мөлшері инфляция деңгейінен 2%-ға оза отырып индекстеледі. Мұндай ақпаратты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі таратты. Мәселен, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақы мөлшері 5%-ға, ынтымақты зейнетақы 7%-ға ұлғайды. 2022 жылғы 1 сәуірден бастап зейнетақы мөлшері қосымша 4% индекстелген. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда зейнетақылардың 9-11%-ға өсуін қамтамасыз етті.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында зейнетақымен қамтамасыз етудің тиімділігін арттыру бойынша бірқатар шараларды атап өтті. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2027 жылға дейін базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54% – ынан 70%-на дейін, ал ең жоғары мөлшері 100%-ынан 120%-на дейін кезең-кезеңімен арттырылатын болады.

Бұдан басқа 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ынтымақты зейнетақыны есептеу үшін қабылданатын ең жоғары табыстың шамасын 46-дан 55 айлық есептік көрсеткішке дейін арттыру жоспарлануда. Ұсынылып отырған шаралар 2025 жылға қарай жиынтық зейнетақыны орта есеппен 27%-ға арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қарт адамдарды қолдау, олардың әлеуметтік қызмет көрсету деңгейін арттыру, қоғамдық өмірге тарту бойынша шараларды іске асыруда.

Республикада 51 Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ашылып, белсенді жұмыс істеуде. Орталықтардың жұмыс істеуіне жергілікті бюджеттерден бөлінген қаражаттың жалпы сомасы 2022 жылы 2,4 миллиард теңгеден асты.

Ал «TEN QOGAM» бөлімшесі жеке тәсілді енгізу және қызмет бенефициарлармен кері байланысты қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік-тұрмыстық ортаға бейімделуіне бағытталған мүгедектігі бар адамдардың лайықты еңбекке, жұмыспен қамтуға және экономикалық тәуелсіздік құқығын асыруға кешенді қызмет көрсетеді.

Жыл басынан жоспар бойынша 300 адамға қызмет көрсету жоспарланып, биылғы алғашқы тоқсанда 150 адамға қызмет көрсетілді немесе жоспардың 50%-ын құрады. Орталық бұл ретте көрсету мүмкіндігі бар 7 бағыт бойынша мүмкіндігі шектеулі жандарға 517 қызмет көрсетіліп келеді. Атап айтқанда: еңбек терапиясы, әнмен емдеу, психотренингтер, әлеуметті мәселелер бойынша заңды кеңес және сүйемелдеу, бұдан бөлек демалыс ұйымдастыру шаралары бойынша тарихи-мәдени орындарға экскурсия мен театр, концертке бару және мерекелік мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады.

Қызмет көрсету бойынша жеті бағытта қызмет көрсетіліп, 9 іс-шара өткізіліп, жұмысқа орналасқан 10 адам, бизнес тренинг бойынша 37 курс оқытылып, оның нәтежесінде 11 адам грант ұтып алған.

Осы ретте мемлекет тарапынан жасалып жатқан мүгедек адамдарға арналған әлеуметтік көмек хақында жан-жақты деректер мен дәйектерді қалың оқырман назарына ұсына кеткенді жөн көріп отырмыз.

Мүгедек – бұл өмірлік қызметіне шек келтіріп, оның әлеуметтік қорғалуын қажет ететін ағза қызметінің бұзылуы, аурулар, жарақаттар, олардың зардабынан болған дефектілері бар денсаулығы бұзылған тұлға.

Қазастан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының «ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңымен және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.

Мүгедектің мынадай құқықтары бар:  

  • әлеуметтік қорғалу, соның ішінде сауықтыру, қоғамға бейімделу
  • әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына кірумен қамтамасыз етілу
  • ақпаратты алуға мүмкіндік берумен қамтамасыз етілу
  • білім беру, қызмет түрін еркін таңдау, соның ішінде еңбекке байланысты
  • Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталатын тәртіппен көрсетілетін тегін медициналық көмектің кепілденген көлеміне ие болу
  • кәсіби дайындық және қайта дайындау, еңбекке жарамдылығын қалпына келтіру және жұмысқа орналасу
  • Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес үй алу
  • Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда, соның ішінде денсаулық сақтау, мәдениет, байланыс, көлік, қызмет саласында бірінші кезекте қызмет көрсетіледі
  • Мүгедектердің шығармашылық мүмкіндіктерін қолдау. 

Мүгедектерге көрсетілетін әлеуметтік көмектердің түрлері:

  • Мемлекеттік жәрдемақы, өтемақы және басқа да төлемдер
  • Жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін қосымша әлеуметтік төлемдер
  • Жұмыс берушілердің көрсететін қосымша әлеуметтік көмек түрлері және өзге де ұйымдармен.

Мүгедектерді тұрғын үймен қамтамасыз ету

 Жергілікті атқарушы органдар:

  • Есепке алып, баспанасыз мүгедектерге үй береді
  • Мүгедектер мен отбасылық құрамында мүгедек бер жанұяға баспана кеңістігі жабдықтары мен арнайы құралдар мен жабдықтармен қамтамасыз етеді

Мүгедектерді жұмыспен қамту

Жергілікті атқарушы органдар мүгедектерді жұмыспен қамтуды мына жолмен қамтамасыз етеді:

  • қызмет орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектерге жұмыс орындарынан квота бекіту
  • жеке кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті дамыту арқылы мүгедектер үшін қосымша жұмыс орындарын құру
  • арнайы, сонымен қатар мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құру
  • мүгедектерді кәсіби оқыту ұйымдары

Бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектер үшiн аптасына отыз алты сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгiленедi, ұзақтығы кемінде күнтізбелік алты күн болатын жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысы берiледi.  Түнгі уақыттағы жұмысқа тек мүгедектік келісімімен, егер оның денсаулығына мұндай режим тйым салынбаса жіберіледі.

Еңбек келісімшартын жасаудан, қызметте өсіруден бас тарту, басқа жұмысқа ауыстыру тек мүгедектің келісімен жүзеге асуы тиіс, егер халықты әлеуметтік қорғау саласындағы облыстағы өкілетті органның аймақтық бөлімшелерінің қорытындысы бойынша оның денсаулығы кәсіби міндеттерді атқаруға келмесе, денсаулығына қауіп келсе және өзге тұлғалардың еңбек қауіпсіздігіне қайша келсе жоғарыда аталған шаралар керісінше іске асады.

Мүгедектерді жұмыспен қамту

Мүгедектерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауыр жұмыстарда, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыс орындарын есепке алмай мүгедектер үшін жұмыс орындары санынан 2-4 пайыз мөлшерінде жұмыс орындарының квотасын белгілейді; жеке кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті дамыту арқылы мүгедектер үшін қосымша жұмыс орындарын құруда; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы, сондай-ақ әлеуметтік жұмыс орындарын құруда; мүгедектерді кәсіптік оқытуды ұйымдастырады.

Заңнамада еңбек қатынастарына қатысты мүгедектер құқығына кепілдік берілген. Еңбек келісім-шартын жасаудан, қызметте өсіруден бас тарту, басқа жұмысқа ауыстыру мүгедектің келісімісіз жүзеге аспауы тиістігі көзделген, егер халықты әлеуметтік қорғау саласындағы облыстағы өкілетті органның аймақтық бөлімшелерінің қорытындысы бойынша оның денсаулығы кәсіби міндеттерді атқаруға келмесе, денсаулығына қауіп келсе және өзге тұлғалардың еңбек қауіпсіздігіне қайшы келсе жоғарыда аталған шараларды іске асыруға рұқсат етіледі.

Мүгедектік топты белгілеу критерийлері

Бірінші топ мүгедектерін бекіту критерийлері болып, ағза функцияларының тұрақты маңызды түрде бұзылуы немесе бұзылғанының анық көрінуі болып саналады. Топқа жататындығын белгілеу мүгедектердің сырқаттануының арқасында, алған жарақаттарының барысында өмірлік қызмет дәрежелері немесе олардың тіркестерінің шектелуі, бірден көрінуіне әкеп соғатын төмендегі көрсетілген ақаулықтарға байланысты жүзеге асады.

Үшінші дәрежедегі өзін-өзі қамтамасыздандыруға мүмкіндігі; үшінші дәрежедегі қозғалуға мүмкіндігі; үшінші дәрежелі еңбек қызметіне қабілеті (еңбек қабілеті); үшінші дәрежедегі тұспалға мүмкіндігі; үшінші дәрежедегі қарым-қатынасқа мүмкіндігі; үшінші дәрежедегі өзінің іс-қимылына жауап беру мүмкіндігі.

Екінші топ мүгедектерін бекіту критерийлері болып ағза функцияларының тұрақты түрде бұзылуы, сырқаттануының арқасында, алған жарақаттарының барысында өмірлік қызмет дәрежелері немесе олардың тіркестерінің шектелуі, бірден көрінуіне әкеп соғатын төмендегі көрсетілген ақаулықтарға байланысты табылады. 

Екінші дәрежедегі өзін-өзі қамтамасыздандыруға мүмкіндігі; екінші дәрежедегі қозғалуға мүмкіндігі; үшінші, екінші дәрежедегі еңбекке қабілеттігі (еңбекке қабілеттігі); үшінші, екінші дәрежедегі оқуға мүмкіндігі; екінші дәрежедегі қарым-қатынасқа мүмкіндігі; екінші дәрежедегі өзінің іс-қимылына жауап беру мүмкіндігі.

Үшінші топ мүгедектерін бекіту критерийлері болып ағза функциялары бұзылуының баяу байқалуы, сырқаттануының арқасында, алған жарақаттарының барысында өмірлік қызмет дәрежелері немесе олардың тіркестерінің шектелуі, баяу байқалуына әкеп соғатын төмендегі көрсетілген ақаулықтарға байланысты табылады.

Бірінші дәрежедегі өзін-өзі қамтамасыздандыруға мүмкіндігі; бірінші дәрежедегі қозғалуға мүмкіндігі; үшінші, екінші дәрежедегі еңбекке қабілеттігі (еңбекке қабілеттігі); бірінші дәрежедегі оқуға мүмкіндігі; бірінші дәрежедегі қарым-қатынасқа мүмкіндігі; бірінші дәрежедегі өзінің іс-қимылына жауап беру мүмкіндігі.

Мүгедектерді жұмыспен қамту

Мүгедектерді жұмыспен қамту үшін жергілікті атқарушы органдар (әкімшілік) жұмыс орындарының жалпы санына байланысты 2-4 пайыздық көлемде квота бөледі; жеке кәсіпкерлік пен шағын және орта бизнесті дамыту арқылы қосымша жұмыс орындарын бөледі, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңдылығына сәйкес мүгедектерді жұмыспен қамту үшін жұмыс орындарын анықтап, мүгедектерге кәсіби білім беру қарастырылған.

Еңбек қарым-қатынасы тұрғысынан мүгедектердің хұқықтары заңмен негізделген. Еңбек келісімшартынан бас тарту, басқа қызметке ауысу мүгедектердің өз келсімінсіз жүзеге аспайды, керсініше жағдайда, егер мүгедектің денсаулығына байланысты еңбекке жарамсыздық танытатын болса, жұмыстан босатылады.

Білім саласындағы мүгедектерге берілетін жеңілдіктер

Бірінші және екінші топтағы мүгедектер мен мүгедек балаларға 0,5 пайыздық кәсіби және жоғары білім алуларына берілетін квота қарастырылған. 

Жоғары оқу орындарында, мемлекеттік тапсырыс пен мемлекеттік грант бойынша оқып жатқан мүгедектерге стипендиялық қамтамасыз етуде жеңілдіктер беріледі.

Мүгедектерді сауықтыру түрлері

Жүргізілетін медициналық оңалту мүгедектер организмінің бұзылған және (немесе) жоғалтқан функцияларын сақтауға, ішінара немесе толық қалпына келтіруге бағытталған медициналық қызметтер көрсету кешенін көздейді.

Мүгедектердi әлеуметтiк оңалту мүгедектердiң шектеулi тiршілiк әрекетiн жеңуi үшiн жағдай туғызуға, олардың әлеуметтiк мәртебесiн қалпына келтiруге, әлеуметтiк-тұрмыстық және қоршаған ортаға бейiмделуiне бағытталған. Ол мүгедектердi жеке басының гигиенасы, өзiне өзi қызмет көрсету, жүрiп-тұру, қарым-қатынас сияқты негiзгi әлеуметтiк дағдыларға үйрету;   мүгедектердi техникалық көмекшi (қалпына келтiру) және арнайы жүрiп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету;  мүгедектерге үйде, медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету; жүріп-тұруы қиын бірінші топ мүгедектері үшін медициналық жеке көмекші, естімейтіндігі бойынша мүгедектер үшін ымдау тілі маманының әлеуметтiк қызметін көрсету –  жылына алпыс сағат;  Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құқықтық көмек көрсетiлуiн қамтамасыз ету;  мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламасына (ОЖБ) сәйкес әлеуметтік оңалтудың өзге де түрлерiн қамтиды. 

Мүгедектер Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен оңалту құралдары мен қызметтерін беруге өтініші негізінде протез-ортопедиялық көмекпен, сурдо-тифлотехникалық құралдармен, арнайы жүрiп-тұру құралдарымен, санаторлық-курорттық еммен және басқа да әлеуметтік оңалту құралдырмен ОЖБ сәйкес қамтамасыз етіледі.

Бөгде адамның күтімі және көмегіне мұқтаж мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін Республикада медициналық-әлеуметтік мекемелер, аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары және үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері желісі ұсынады. Интернат-үйлерде тұратын қарттар мен мүгедектерге күтім, тамақтандыру, әлеуметтік-тұрмыстық және медициналық қызмет көрсету, әлеуметтік бейімдеу, еңбекпен оңалту, оқыту ұсынылады.

Республикада қарттар мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсетудің 12 аумақтық орталық жұмыс істейді, олардың функцияларына көрсетілген азаматтардың санаттарына әлеуметтік қызметтер көрсету, медициналық, әлеуметтік және кәсіптік оңалту жөніндегі іс-шаралар жүргізу, мүгедек-балалардың оқыту бағдарламаларын игеруіне жағдайлар жасау (әлеуметтік-педагогикалық қызметтер көрсету кезінде), қолайлы моральдік-психологиялық климат жасау, қызмет көрсетілетін адамдарды олардың құқықтары, әлеуметтік қызмет көрсетудің көлемі мен түрлері, Ішкі тәртіп ережесі туралы хабардар ету кіреді.

ҰОС мүгедектері мен қатысушылар болып қандай тұлғалар қабылданады?

Соғыс ардагері болып бірінші дүниежүзілік соғыс, азаматтық және ҰОС-да әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде әскери қызметте болған, сонымен қатар бұрынғы Кеңес Одағын қорғауға қатысқан ҰОС мен азаматттық соғыс партизандары, астыртын жұмыс істеушілері есептеледі.

Мүгедектер болып бірінші дүниежүзілік, азаматтық және ҰОС-ның әскери флоттарында, әскери-теңіз флоттары мен әуежайларында, темір жолдарда әскери қызметтен өткен кезде жарақат, контузия, мертігу салдарынан мүгедек болғандар саналады. 

ҰОС мүгедегі, қатысушысы мен соларға теңестірілген тұлғалар дәрежесін алуға қажетті құжаттар:

Қатысушының, мүгедектердің соларға теңестірілген жеңілдікке жатқызылатындар дәрежесі ҰОС жылдарында әскерде болғанда, Чернобыль апатының жабылуында, бұрынғы кеңестер Одағын қорғауда берілген әскери билеттің анықтамасы негізінде, сонымен қатар ядролық сынақтар өткізуде жарақат алу салдарынан мүгедек болғандығы туралы анықтамамен анықталады.

Осы құжаттар негізінде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі соғысқа қатысқандығы туралы куәлік береді, ал соғыс мүгедегі куәлігі – Қазақстан Республикасы тұрғындарын әлеуметтік қорғау органдарымен беріледі. Соларға теңестірілген жеңілдікке жатқызылатын тұлғалардың зейнеткерлік құжатына белгі соғылады.

Тұрғын үй, коммуналдық төлемдер, отын, телефон, дәрі-дәрмек, қоғамдық көліктерде жүру төлемдеріне арнайы мемлекеттік жәрдемақы (АМЖ) бөлінеді.

АМЖ алу үшін қажетті құжаттар:

  • Өтініш;
  • Жеке басының куәлігі;
  • АМЖ алу құқығын білдіретін құжаттар.

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ПРОБАЦИЯ ЕСЕБІНДЕ ТҰРҒАН АЗАМАТТАРДЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ БОЙЫНША 3  ЖҰМЫС ОРНЫНА КВОТАМЕН ЖОЛДАМА БЕРІЛДІ

Түркістан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан атқарылатын халықты әлеуметтік қорғаудың 5-ші бағыты — еңбек қатынастарын үйлестіру жұмыстары.

Бөлім басшысының сөзінше, еңбек қатынастарын үйлестіру жұмыстары келесі нормативтік-құқықтық актілердің негізінде жүзеге асырылады: «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» №412 бұйрығы.

Халықты жұмыспен қамту орталықтары пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруға арналған квотаны орындау үшін жұмыс орындарының саны, бос лауазымдардың болуы туралы мәліметтерді әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесіне толтырады және жұмыс берушілердің белгіленген квоталарды орындауы туралы ақпаратты ауданның, қаланың, республикалық маңызы бар қалалардың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органдарына ұсынады.

Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша жұмыс берушілер халықты жұмыспен қамту орталығына ұсынатын бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру квотасын орындауға арналған жұмыс орындарының саны, мамандықтар бөлінісінде бос лауазымдардың болуы туралы мәліметтердің негізінде ұйымдар бөлінісінде жұмысқа орналастыруға мұқтаж бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың және олар үшін бос жұмыс орындарының деректер базасын қалыптастырады.

Түркістан қалалық пробация бөлімі қызметі есебінде жалпы 196 адам есепте тұрады, оның ішінде 137 адамға пробациялық бақылау белгіленген.

Түркістан қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 2 ақпандағы №300 «Түркістан қаласының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін 2022 жылға арналған жұмыс орындарына  квоталар белгілеу туралы» қаулысы бекітіліп, пробация қызметі есебінде тұрған адамдарға 5 мекемеге 9 орын, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 4 мекемеге 7 орынға квота белгіленген.

Ағымдағы жылдың І-ші тоқсанында пробация есебінде тұрған азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 3 жұмыс орнына квота бойынша жолдама берілді.

Сонымен қатар, пробациялық бақылаудағы азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмектер көрсетілуде. Жеке кәсібін ашуға және оны дамытуға көмек көрсетуді ұйымдастыру мақсатында Бизнесті қолдау және туризм бөлімі тарапынан өз жеке кәсіпкерлігін ашуға жеңілдетілген несиелер және гранттар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Түркістан қалалық Адами әлеуетті дамыту бөлімі тарапынан пробация қызметі есебіндегі А. Тенлибаеваның Төле би атындағы №19 жалпы орта мектепте оқитын 7, 8-ші сыныптағы балалары ағымдағы оқу жылында киім-кешекпен қамтылды.

Түркістан қалалық пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған тұлғалардың рухани дамуына және патриоттық сезімін ояту мақсатында 2022 жылы 21 наурызда Түркістан қаласы әкімдігінің спорт және мәдениет бөлімімен бірлесіп, Наурыз мерекесі қарсаңында спорттық және мәдени іс-шара өткізілді.

Түркістан қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен Түркістан қалалық пробация қызметі бөлімі есебінде тұрған әлеуметтік жағдайы төмен 10 сотталғанға ауқымды азық-түлік пакеті берілді.

Айта өтейік, пробация дегеніңіз – адамдардың қайта қылмыстық құқық бұзушылыққа бармауы үшін мінез-құлқын түзеуге бағытталған қызмет түрі мен бақылау және әлеуметтік-құқықтық сипаттағы шаралардың заңмен белгіленген жүйесі. Қазақстан ТМД және Орталық Азия елдерінің ішінде алғашқы болып пробацияның толық жүйесін қабылдаған ел.

 Жалпы, біздің елімізде ең алғаш рет «пробация» ұғымы 2012 жыл­дың 15 ақпанындағы «Қазақстан Рес­пуб­ликасының кейбір заңнамалық акті­ле­ріне пробация қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңында қолданылған. Де­генмен, Қазақстанда алғаш рет 2016 жылғы 30 желтоқсандағы «Пробация туралы» Заңның қабылдануына орай проба­ция­ның қолданылу аясы анағұрлым кеңейе түскен. Нақтырақ айтсақ, 2016 жылғы желтоқсанда «Пробация туралы» заң қабылданып, пробацияның әлеуеті мен өзектілігі артты. Бұдан бөлек, сол жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың 2017-2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясы бекітілді.

Бұл кешенді стратегияның мақсаты – бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан және пробация қызметінде есепте тұрған адамдарды кешенді әлеуметтендірудің ұлттық жүйесін құру, сондай-ақ қайта қылмыс жасау деңгейін төмендетуге ықпал ететін тиімді жағдайларды жасау.

Елімізде түрмеден шыққандарға әлеумет­тік-құқықтық көмек беру ісі жолға қойылған. Осы орайда айта кетейік, әлеуметтік-құқықтық көмек, ол – пробацияның есебінде тұрған адамдарды әлеуметтендіруге бағытталған жеке бағдарламалар негізінде іске асырылатын шаралар кешені. Осы жылдың басынан бері еліміздің барлық өңірінде пробация қызметінің есебінде тұрған елу мыңнан аса сотталған адам әлеуеметтік-құқықтық көмектер алған көрінеді.

Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету­де­гі негізгі бағыттарға пробацияның есебінде тұрғандарды жұмысқа орналас­­­тыру, емдеу, білім алуына жәрдемдесу, құжаттарын қайта қалпына келтіру, психо­логиялық көмек беру және өзге де әлеуметтік-құқықтар жатады.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, пробация қызметкерлерінің тиімді әрекеттерінің арқасында есепте тұрған пәленбай адам жұмысқа орналасса, пәленбай адамға ем алуға көмек көрсетіледі. Сондай-ақ білім, психологиялық көмек алды. Айта кетейік, пробация – Қазақстан Республикасының заңна­ма­­сына сәйкес, есепте тұрғандарға әлеу­мет­тік-құқықтық көмек көрсету бойынша мемлекеттік органдармен, азамат­тармен, қоғамдық ұйымдармен және өзге де заңды тұлғалармен өзара әрекет­тесе отырып атқарылатын қызмет түрі.

Азаматтардың қылмыстық сот тө­ре­­лігіне түсуін азайту, қылмыстық жазалау шараларын азайту мақсатында қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес қылмыстық-құқықтық шараларды кеңінен қолдану үшін жағдайлар жасал­ған, жаңа Қылмыстық кодекс­те бірқатар санкциялар жеңілдетіліп, сотталғандарды шартты түрде мерзі­мі­нен бұрын босату уақыттары азайтылды.

Пробация, ол – есепте тұрған адамдарға пробациялық бақылау және әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету түрінде жүзеге асырылады. Түркістан қаласы пробация қызметінің мәліметінше, сотталғандардың қайта қылмыс жасауы­на олардың түзу жолға түсуге деген ниетінің жоқтығы, тұрақты жұмыс орнының болмауы, ішімдікке салынуы түрткі болады. Сондай-ақ қылмысқа барудағы алғашқы салдарды анықтап қарағанда, көбіне сотталғандардың әлеу­меттік бағыттан алшақтауынан, яғни тұрмыстық проблемаларының дұрыс жолға қойылмағандығынан қайта қыл­мыс жасау орын алады.

«Пробация» – латын тілінен аударғанда «сынау» деген мағынаны білдіреді. Бостандығынан айырмайтын жазаға кесілген немесе мерзімінен бұрын шартты жазаға босаған сотталушыны бақылап және тексеріп қана қоймай, оған еркін өмірге бейімделуге, жұмысқа орналасуына, білім алуына көмектесу – пробация қызметкерлерінің міндеті. Адамның қылмыс жасағанына қарамастан, оның түрмеге отырмауына мүмкіндік беру. Ол үшін қылмысқа барған адам сот міндеттеген шарттардың барлығын орындауы керек. Осылайша, байқаусызда сүрінген жандар болса, оларды түзеу мекемесіне отырғызбай, қайта тәрбиеленуіне мүмкіндік беріп, әлеуметтік мәселелері болса шешуге ықпал жасайды.

Пробациялық бақылаудың мақсаты – заңмен немесе сотпен белгіленген міндеттерін орындауларын бақылау арқылы әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сотталғандарды түзелу жолына түсіру, қайта қылмыс жасаудың алдын алу, шартты түрде сотталғандардың жалпыға ортақ әлеуметтік, моральдік және құқықтық нормаларды сақтауы болып табылады. Шартты түрде сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің негізгі бағыттары – білім алуына, кәсіп түрлерін игеруіне, жұмысқа орналасуына, емделуіне және құқықтық кеңестермен қамтамасыз етілуіне көмек көрсету. Себебі – қылмыс жасап, өзін қоғамға қажетсіз сезініп, алдағы өмірінен үміт үзгендер аз емес.

Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу мерзімі – пробация қызметі заңды күшіне енген сот үкімін, қаулысын орындауға қабылдаған күннен бастап, олардың тұрғылықты жері бойынша жүзеге асады. Пробациялық бақылау мерзімі шартты түрде сотталған адамды пробация қызметінің есебіне қойған кезден бастап есептеледі. Сотталған азаматты есепке қою кезінде оның тұрғылықты жерін, денсаулық жағдайын, білім деңгейін және еңбекпен қамтылғандығын, сондай-ақ, оған ұсынылатын әлеуметтік-құқықтық көмектің көлемін айқындау үшін қажетті өзге де мәліметтерді анықтайды. Сотталғанға әлеуметтік-құқықтық көмек беру, оған қатысты пробациялық бақылауды жүзеге асыру және тоқтату тәртібін түсіндіреді. Тіркелуі үшін Пробация қызметіне келу күндерін белгілейді. Сотталған адамға сот жүктеген міндеттерді орындау тәртібін және мәжбүрлі еңбекті орындау немесе орындамағаны және пробациялық бақылау шарттары мен тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту тәртібін түсіндіреді.

Шартты түрде сотталған адам өзіне сот жүктеген міндеттерді орындамаған не тәртіп бұзушылықтарды қайталап жасаған жағдайда, сондай-ақ, пробациялық бақылаудан жасырынса, пробация қызметі сотқа шартты түрде соттаудың күшін жою және сот үкімімен тағайындалған жазаны орындау туралы, ал кәмелетке толмаған сотты болғанға қатысты пробациялық бақылау мерзімін бір жылдан аспайтын уақытқа ұзарту туралы ұсыныс енгізеді.

Пробация қызметкерлерінің міндеті – бостандығынан айырмайтын жазаға кесілген немесе мерзімінен бұрын шартты жазаға босаған сотталушыны бақылап және тексеріп қана қоймай, оған еркін өмірге бейімделуге, жұмысқа орналасуына, білім алуына көмектесу. Олардың жүріс-тұрысын бақылап қана қоймай, әлеуметтік-құқықтық, заңгерлік, медициналық, психологиялық және тағы да басқа көмектер көрсетіледі. Пробациялық бақылаудан соң қайта сотты болғандар жоқ. Олар өздерін қоғамға қажет екенін түсініп, тура жолмен жүруге тырысады.

Пробацияның төрт түрі бар. Сол себепті сотқа дейінгі, шартты-үкімдік, пенитенциарлық және постпенитенциарлық пробация түрлері кеңінен қолданылады. Оның біріншісі – еліміздегі құрылғалы жатқан институт – балалар омбудсмені. Бұл құрылым жұмыс істей бастаса, ақ пен қараны ажырата алмай, қылмысқа барған жеткіншектердің құқығын қорғау барысында маңызды болмақ. Екіншіден, «Нельсон Манделла ережелері». Мандела ережелері қабылданғаннан кейін түрмелерде соңғы 60 жыл бойы қалыптасып қалған «тәртіптің» 80 пайызы қайта қаралған. Жаңартылған Ереже сотталғандарды қоғамға қайта бейімдеудің тәсілдерін өзгерткен. Үшіншіден, әйелдер колониясының қызметкерлерін және колонияда жазасын өтеушілер арасында оқу-дәрістер өткізу. Төртіншісі – жасөспірімдерге арналған пробация қызметі. Әлемдік тәжірибеде кеңінен қолданылатын бұл қызмет шетелдерде бірнеше бағыттан тұратын үлкен жүйеге айналған.

Әрине, пробация қызметінің құрылғанына көп уақыт өте қойған жоқ. Дегенмен, қоғамнан оқшауламай-ақ, қылмыстық жазаларды барынша кеңінен қолдануға жағдайлар туғызып отыр. Бұл – тура жолдан адасып, жазалы болған азаматтарға деген ізгілікке толы қамқорлық. Олардың түзеліп, қоғамның бір бөлшегіне айналады деген берік сенім бар.
Сотталушының кінәсі қанша жерден ауыр болса да, ол мемлекетіміздің азаматы деген аттан айырылмайды. Пробациялық бақылау – істі болғандардан өш алу мақсатында емес, керісінше оларды тәрбиелеу үшін қолданылатын қызмет.

Дайындаған: Тұтқабай ФАЗЫЛБЕК.

 

 

 

 

 

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

26 Comments

  1. Hi superb website! Does running a blog like this take a massive
    amount work? I have absolutely no knowledge of coding but I
    had been hoping to start my own blog soon. Anyhow, if you have any
    recommendations or techniques for new blog owners please share.
    I know this is off topic nevertheless I just had to ask.
    Appreciate it!

  2. Hi there! I just would like to offer you a big thumbs up
    for the great information you have got right here on this
    post. I will be coming back to your website for more soon.

  3. I was wondering if you ever considered changing the page layout of your website?
    Its very well written; I love what youve got to say.
    But maybe you could a little more in the way of content so people
    could connect with it better. Youve got an awful lot
    of text for only having one or 2 pictures. Maybe you could space it out better?

  4. Thank you for the good writeup. It in truth used to be a enjoyment account it.
    Glance advanced to more delivered agreeable from you!
    However, how can we be in contact?

  5. Hey, I think your site might be having browser
    compatibility issues. When I look at your website in Chrome,
    it looks fine but when opening in Internet Explorer, it has some overlapping.

    I just wanted to give you a quick heads up! Other then that, excellent blog!

  6. I’m not that much of a internet reader to be honest but your sites really nice, keep
    it up! I’ll go ahead and bookmark your website to come back in the future.
    Cheers

  7. Excellent post. I was checking continuously this blog and I am
    impressed! Extremely useful information particularly the last part :
    ) I care for such info a lot. I was looking for this certain info for a very long time.
    Thank you and best of luck.

  8. Admiring the time and energy you put into your blog and
    in depth information you offer. It’s awesome to come across a blog every once in a while that isn’t the same out of date rehashed information. Excellent read!
    I’ve bookmarked your site and I’m adding your RSS feeds to
    my Google account.

  9. Thanks for your marvelous posting! I certainly enjoyed reading it, you can be a great author.

    I will make sure to bookmark your blog and definitely will come
    back someday. I want to encourage you continue your great
    work, have a nice afternoon!

  10. Thank you for another magnificent article. The place else may
    anyone get that kind of info in such a perfect approach of writing?
    I have a presentation subsequent week, and I am at the
    look for such information.

  11. I’m extremely pleased to find this page. I wanted to thank you for your time due to this wonderful
    read!! I definitely appreciated every bit of it and I have you
    book marked to look at new information in your site.

  12. Good day! I could have sworn I’ve been to this site before but after
    looking at some of the articles I realized it’s new to me.
    Nonetheless, I’m definitely delighted I found it
    and I’ll be book-marking it and checking back often!

  13. Thank you for the auspicious writeup. It in fact was a amusement account
    it. Look advanced to more added agreeable
    from you! By the way, how could we communicate?

  14. Hey there! I could have sworn I’ve been to this website before but after checking through some
    of the post I realized it’s new to me. Anyhow, I’m definitely happy I found it and
    I’ll be bookmarking and checking back often!

  15. Oh my goodness! Amazing article dude! Many thanks, However I am going through
    problems with your RSS. I don’t know the reason why I cannot
    subscribe to it. Is there anybody getting the same RSS
    issues? Anyone that knows the answer will you kindly
    respond? Thanx!!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.