ТӨЛЕБИ: ЖЫЛЖЫМАЛЫ ШАҒЫН МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨЛІГІНДЕ СКРИНИНГ ЖАСАТУҒА БОЛАДЫ!

Төлеби аудандық ауруханасының жылжымалы шағын медициналық кешеннен тұратын көлігі тұрғындарды скринингтен өткізіп, медициналық қызмет көрсетуін жалғастыруда. Төлебилік тұрғындар тегін скринингтен өте алады.

Скрининг – бұл ауруларды және қауіп факторларын ерте сатыда анықтау үшін дер кезінде емдеу, асқынудың алдын алу мақсатында белгілі бір жастағы дені сау адамдарды профилактикалық-медициналық тексерулерден өткізу.

Еске сала кетейік, аталған медициналық кешенді көлігінде стоматолог, хирург, жалпы тәжірибелі дәрігер бар, сонымен қатар қант деңгейін тексеру, рентген және флюрография, ЭКГ зерттеу аппараттарымен қамтылған.

Скрининг — белгілі бір аурулар үшін және белгілі бір жас топтары үшін жүргізіледі. Скрининг 2 жас санатында жүргізіледі:

0-ден 18 жасқа дейінгі балалар (педиатрдың, мамандардың қарауы, қан мен зәр анализі, аспаптық тексерулер). Балалар жыл сайын кәмелетке толғанға дейін профилактикалық тексеруден өтеді.

30 жастан 70 жасқа дейінгі ересектер. Тексерудің бұл түріне салалық мамандардың консультациясы мен зертханалық-диагностикалық зерттеулер кіреді.

Скрининг арқылы қандай сырқаттарды анықтауға болады?

Зиянды әдеттерден туындайтын қауіп факторларын ерте анықтау.

Артериалды гипертония, жүректің ишемиялық ауруы мен қант диабетін ерте анықтау.

Глаукомаға тексеру (көз іші қысымын) – 40-70 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер

  • Жатыр мойны обырын ерте анықтау

Сүт безі обырын ерте анықтау

Колоректальды обырды ерте анықтау

В мен С вирусты гепатиттерін ерте анықтау.

Қазақстанда скрининг тегін медициналық көмек кепілдік берілген көлемінің тізбесіне кіреді.

Жылжымалы шағын медициналық кешеннен тұратын көлік кестеге сай ауылдарға барып, тегін медициналық көмек беруде. Осындай мүмкіндікті пайдаланып, өз денсаулықтарыңызға мән беріп, скринингтік тексеруден өтуге шақырамыз!

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.