ТӨЛЕБИ: ҚАН ТАПСЫРАР АЛДЫНДА ӘЛЕУЕТТІ ДОНОР НЕНІ БІЛУІ ТИІС?

Медициналық сақтандыру қоры қазақстандықтарды белсенді донорлыққа шақырады. Сіздің қаныңыз біреудің өмірін сақтап қалуы мүмкін.Осы орайда Төлеби аудандық ауруханасының әкімшілігі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына төмендегідей хабарламаны жариялапты. Сіздің де қажетіңізге жарап қалуы мүмкін. Оқи отырыңыз!

Сіз қан орталығына өз бетіңізше хабарласа аласыз немесе көшпелі акцияларға қатысуға мүмкіндігіңіз бар. Жақында ғана Қор қызметкерлері осындай мүмкіндікті пайдаланып, жалпы 26 адам 12 литр қан тапсырды.

Қан алуды «Қан сыйла-өмірді сақта!» акциясының аясында Республикалық Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының мамандары жүргізді.

18 жастан бастап донор бола аласыз. Бірақ қарсы көрсетілімдер болмауы керек. Бұл жұқпалы, паразиттік, эндокриндік аурулар, соның ішінде қант диабеті, жүрек-тамыр және орталық жүйке жүйелеріндегі бұзылулар, тыныс алу органдарының аурулары, бауырдың, бүйректің және зәр шығару жолдарының созылмалы аурулары, онкология және т. б.

Әрбір донациялау алдында донорға сауалнама жүргізіледі және донорлыққа жіберуге жатпайтын тұлғалардың электрондық базасы бойынша тексеру жүргізіледі. Бұл АИТВ-мен ауыратын, туберкулезбен ауырған, есірткі диспансерінде, тері-венерологиялық диспансерде немесе психиатриялық ауруханада есепте тұрған адамдар.

Донация алдында қан тобы мен резус-фактор анықталады. Сондай-ақ гемоглобинді, аланинаминотрансфераза (АЛТ) белсенділігін, тромбоциттер санын және қанның ұю уақытын, ерекше антиденелердің, оның ішінде иммундық плазма донорларында COVID-19 антиденелерінің, ерекше иммундық антиденелер титрінің болуын анықтауға арналған алдын ала зертханалық зерттеу жүргізіледі. Зерттеу нәтижелері қан компоненттерін іріктеу кезінде ескеріледі.

Тұрақты донорлар перифериялық қанның құрамына (гемоглобин (гематокрит), эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер, эритроциттердің шөгу жылдамдығы, лейкоциттік формула) жылына кемінде 1 рет қосымша тексеріледі. 40 жастан асқан адамдарға ЭКГ тағайындалады.

Қажет болған жағдайда донорға ол жүзеге асырған донациялардың түрлері мен көлемі туралы бірінші басшының қолы қойылған анықтама беріледі.

ҚР Еңбек кодексінің 126-бабына сәйкес донор болып табылатын жұмыскердің тексерілу және донация уақытында жұмыс орны, лауазымы және орташа жалақысы сақталады

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.