Төлеби: Ерте жастағы балалардың аудиологиялық скринингін ұйымдастыру

Аудиологиялық скрининг жаңа туған нәрестелердің, ерте жастағы балалардың есту қабілетінің бұзылуын уақтылы анықтау, мүгедектікке әкелетін ауруларды оңалту және алдын алу үшін жүргізіледі. Бұл жайында Төлеби аудандық ауруханасы төмендегідей мәлімет береді.

Аудиологиялық скринингті ұйымдастыру екі кезеңнен тұрады:

бірінші кезең-жаңа туған нәрестелерге меншік нысанына қарамастан босандыру ұйымдарында жүргізілетін неонаталдық аудиологиялық скрининг;

екінші кезең – аудиологиялық скрининг, ол 3 ай, 1 жыл, 2 жыл, 3 жыл, 6 жасты қоса алғанда меншік нысанына қарамастан МСАК медициналық ұйымдарының балаларды дамыту кабинеттерінде жүргізіледі.

Аудиологиялық скринингтің бірінші кезеңінде жаңа туған нәрестенің өмірінің алғашқы 24-72 сағатында медбике мамандандырылған жабдықта баланың есту қабілетін тексеру үшін кешенді тексерулер жүргізеді.

Аудиологиялық скринингтің екінші кезеңінің іс-шаралары: анамнез жинауды, құлақ мүкістігі мен саңыраулық бойынша қауіп факторларын айқындауды және баланың денсаулық паспортына деректерді міндетті түрде енгізе отырып, сауалнама-сұраулықты толтыруды қамтиды.  

Біле жүріңіз!

Жаңа туған нәрестелерге, ерте жастағы және 6 жасқа дейінгі балаларға аудиологиялық скрининг жүргізіледі. Бұл баланың есту қабілетінің бұзылуын анықтауға мүмкіндік беретін жаппай стандартталған тексеру. Ол екі кезеңде жүзеге асырылады. Біріншісі – бала өмірінің алғашқы үш күнінде тікелей перзентханада. Екіншісі – өз емханасындағы баланы дамыту кабинеттеріндегі белгілі бір жастағы балаларға жүргізіледі. Бұл жағдайда учаскелік медбике ата-аналармен байланысып, белгіленген мерзімде скринингтен өтуге шақырады.

Мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балалар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының он сегіз жасқа толмаған оқушылары профилактикалық медициналық тексеруден өтеді.  Емхана мамандары білім беру ұйымына барып, қарап-тексереді. Егер мектепке дейінгі жастағы балақай балабақшаға бармаса, онда ол тіркелген емханасында алдын ала тексеруден өтеді.

Дәрігерге дейінгі кезеңде дененің өсуі мен салмағын анықтайды. Бас пен кеуде қуысының көлемін өлшейді (3 жасқа дейін), физикалық және психоәлеуметтік дамуын бағалайды, қан қысымын өлшейді (7 жастан бастап), көру және есту өткірлігін анықтайды, ЭКГ өткізеді, т. б. Екінші кезеңде теріні және бас терісін, шырышты қабықтарды тексереді. Яғни,  қалқанша без аймағын тексеріп, пальпациялайды. Кеуде, омыртқа, аяқ-қолдарды тексереді. Тыныс алу, ас қорыту жүйелерін, т.б. тексеру жүргізіледі. Патологиялық өзгерістер анықталған жағдайда баланы бейінді маманға қосымша тексеруге жібереді.

Мамандандырылған кезеңді бейінді мамандықтардың дәрігерлері жүргізеді.

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.