Төлеби: Жиында қысқа дайындық барысы талқыланды

Төлеби ауданы әкімінің аппараттық мәжілісінде мекемелердің қысқа дайындық жұмыстарының барысы талқыланды.


Жиынды аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы ашып, жүргізіп отырды. Басқосуға аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, дербес бөлім және мекеме басшылары, қала, ауылдық округ әкімдері қатысты.

Аудандағы мекемелердің қысқа дайындық барысы жөнінде аудан әкімінің орынбасары Лесбек Әуезханқұлы баяндады. Аудан бойынша көпқабатты тұрғын үйлердің жалпы саны – 98 құрайды. Оның ішінде, Ленгір қаласы, 1-ші мөлтек ауданында орналасқан №14,15,16,17,18,19,20,21,22,23,24 үйлер мен Новостроевка елді мекені, Байтұрсынов көшесіндегі №25«б» көп қабатты үйлердің жылу жүйесі көгілдір отын (газ) арқылы орталықтандырылған қазандықпен жылытылады. Қалған көп қабатты үйлер автономды жылыту жүйелерімен жылытылады. Ленгір қаласы, 1 м/а, №14, №15, А.Байтұрсынов көшесіндегі №25Б үйдің инженерлік-коммуникация жүйелерін (су, жылу, кәріз) ағымдағы жөндеуден өткізуге аудандық бюджеттен 40 812 368 мың теңге қаржы қаралып қазіргі таңда мердігер мекемені анықтау жұмыстары жүргізілуде.

— Қазіргі кезде аудан бюджетінен бөлінген 34,7 млн теңгеге Ленгір қаласы 1 мөлтек ауданындағы орталықтанған жылу жүйесінің қазандығына мердігер «D-Grand Atlantic» ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Бүгінге қазандықтар мен құбыр жүйелері тазаланды. Нысанды 2021 жылдың 20 қыркүйегіне дейін іске қосамыз. Жалпы аудан бойынша жылыту маусымы 15 қазан болып белгіленген, – деді өз хабарламасында аудан әкімінің орынбасары Л.Серікбаев.

«Аудан аумағында санитарлық-тазалық жұмыстарын жүргізу барысы туралы» аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Серғазы Дәулетбекұлы баяндама жасады. Серғазы Қалдыбаевтың баяндамасына сүйенсек, қала, ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп жыл басынан бері жалпы 18 рет тұрақты түрде санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілген. Сенбілік барысында облыстық, аудандық маңызы бар жолдардың бойын, өзен сулары, каналдар, арықтар, көпірлердің асты, аялдамалар, саябақтар, аллея, скверлер іштері мен елді мекен аумағында бей берекет-жатқан күл-қоқыстардан тазартылуда.

Мәжіліс күн тәртібіндегі екі мәселе бойынша баяндама жасалып болған соң, қысқа дайындық және санитарлық-тазалық жұмыстар бойынша хабарламашыларға сұрақтар қойып, ол бойынша атқарылатын жұмыстар талқыланды.

Жиынды аудан әкімі Төлеген Телғараев қорытындылап, жылу көздерінің, су және қуат сақтау нысандарының, білім беру және денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау ғимараттарының, орталық жылу жүйесіне кіретін тұрғын үйлердің техникалық жағдайы тексеруден өтуін қадағалауды тапсырды. Сондай-ақ, техникалардың сақадай-сай дайын тұруы қажеттігін ескертті. Таулы аймақ болғандықтан, қыстың қамын жазда ойлау керектігі де айтылды.

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.