ШЫМКЕНТЕГІ «ЖАҢАТАЛАП» ТҰРҒЫН АЛАБЫНДА 2 ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Үшінші мегаполисте  халық санының өсуімен қатар, балалар ойын алаңшасына деген сұраныс та артуда.

Жайлы орта қалыптастыру бағдарын ұстанған Шымкенттің «Жаңаталап» тұрғын алабында бүгін 2 ойын алаңшасы ел игілігіне берілді.

Жұмыс барысымен танысқан қала басшысы М.Әйтенов ойын алаңшасына орнатылған құрылғылардың сапасын тексеріп, қосымша жұмыстар бойынша мердігер мекеме және тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ, әкім тұрғындардан өз алаңшаларын күтіп ұстауды өтінді.

Жалпы биыл Абай ауданы аумағында 15 спорттық және 17 балалар алаңшасы халық қатысатын бюджет бағдарламасы аясында салынды.

Одан соң шаһар басшысы Мұрат Әйтенов Жаңаталаптағы жүргізіліп жатқан инфрақұрылымдардың құрылыс жұмыстарын бақылады.

Былтыр елдімекеннің 6 мыңнан астам тұрғыны ауыз сумен  қамтылған болатын. Ендігі кезек сапалы электр қуатында.

«Жаңаталап» подстанциясы құрылысының 90% аяқталған. 

Қазіргі таңда жалпы ұзындығы 42,2 шақырымға электр желілері тартылуда, аяқталу мерзімі — қазан айының соңына жоспарланған.

Шаһар басшысы ауыл ақсақалдары мен қоғам белсенділеріне құрылыс жұмысымен қатар абоненттеу жұмыстарының жүргізілуіне жергілікті тұрғындарды жұмылдыру керектігін айтып өтті.

— Абоненттеу, ескі жүйені жаңа жүйеге қосуға да уақыт кетеді. Сондықтан құжаттарды қазірден бастап дайындауға кірісіңіздер. Ал жұмыстың мерзімінде және сапалы орындалуы біздің бақылауымызда,-деді әкім.

Бұдан бөлек биыл 2 көше, атап айтқанда 1,5 шақырымды құрайтын Жұманов және Айдарқұл көшелеріне жарық орнатылуда. Әзірге жұмыстың 20%-ы орындалды.

Шымшаһарда қазіргі таңда, электрмен қамту деңгейі 97%-ды құрайды. Қаладағы 81 елдімекеннің 73-і сапалы электрмен қамтылған. Ал қалған 8 елдімекенде электр қуаты сапасыз. Өткен жылы қалада «Бозарық» 220 КВ мен«1-М-1» 110КВ электр тарату станциясы және 7 елді мекенде құрылыс аяқталып, пайдалануға берілген болатын. Нәтижесінде Ақжар, Жалын, Достық, Ынтымақ-2, Айкөл, Игілік және Тәуелсіздікке 20 жыл елді мекендері сапалы электр қуатымен қамтылды. Айта кетейік, биылғы жоспар бойынша «Ақжар»110КВ қосалқы іске қосылып, Достық-2, Батыс, Тұран, Жаңаталап, Сәуле (276 орам) және Нұртас шағын ауданының тұрғындары мемлекеттік жүйедегі электр жарығына қол жеткізеді. Ал, 2023 жылы Қайнарбұлақ пен Солтүстік саяжай, Асар-2 (2-кезек) желі құрылысы аяқталып, пайдалануға берледі. Қала халқының өсіміне қарай сапалы электр қуатымен қамту үшін 2023-2025 жылдары 6 қосалқы станцияның құрылысы жоспарланып отыр.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.