ШЫМКЕНТТЕГІ ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА “ЖАСЫЛ АЙМАҚ” АПТАЛЫҒЫ СЕНБІЛІККЕ ҰЛАСТЫ

Қаратау ауданында “Жасыл аймақ” апталығы қарқынды өтіп, бүгін сенбілікке жалғасты.  Аудан әкімі қызметкерлері мен аудан тұрғындары қатысқан сенбілікте 30 көп қабатты үйдің ауласында шөп ору, ағаштарды әктеу, қоршаулар мен орындықтарды сырлау жұмыстары атқарылды. Одан бөлек, 3,3 шақырым ирригациялық арық жүйесі, 9,7 шақырым жол жиектері тазартылды.

-Туған қалаңның, оның көшелері мен гүлзарларының ұқыпты, таза болуы біздің әрқайсымызға байланысты, әрдайым қамқорлық танытуымыз қажет. Мұны ешқашан ұмытпауымыз керек, — дейді акцияға қатысушылар. Ауласының таза, жасыл желекті болғанына тұрғындар да дән риза.

Сенбілік жұмысына 1000-нан аса тұрғын, 8 техника жұмылдырылды.

Айта кетейік, іс-шараға 200-ден аса адам қатысып, 300 көшет отырғызылды. Мазараттың шөп басқан жерлері тазартылып, маңайындағы бей-берекет қоқыс орындары жойылды. Оған 10 техника жұмылдырылды.

Айта кетейік, аталмыш шара Мемлекет басшысының тапсырмасын сапалы жүзеге асыру мақсатында өткізілуде. Шымкент қаласы әкімдігі тарапынан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын өткізудің іс-шара жоспары бекітілді.
Экологиялық акцияның алғашқы «Таза өлке» апталығында қала тұрғындары ерекше қолдау білдіріп, қоғам белсенділері, ерікті жастар, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері іргелес аумақтар мен белгіленген аулаларды тазалау, көгалдандыру, ағаштарды күтіп-баптау жұмыстарына белсене қатысты.
Акция аясында 380 арнайы техника, 49 мыңға жуық адам жұмылдырылды. Сонымен бірге, 282 шақырым көше бойы, 85 шақырым аяқ жолдары, 59 мың дана ағаштарды әктеу және қырқу жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде қаладан 300 тонна шамасында қоқыс шығарылды. 355 шақырым ирригациялық жүйе, 95 аялдама жуылып, 1200 дана қоқыс жәшігі (урна), 285 дана орындық сырланды.

 

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin