ШЫМКЕНТТЕ БАЛА ТУУ ЖӘНЕ ОНЫҢ КҮТІМІ БОЙЫНША ЖӘРДЕМАҚЫНЫ 13 МЫҢНАН АСТАМ АНА ОНЛАЙН РӘСІМДЕГЕН

«Азаматтарға арналған үкімет» Шымкент қалалық филиалының өкілдері бала тууына және оның бір жасқа дейінгі күтімі бойынша жәрдемақыны Halyk Homebank немесе Kaspi.kz қосымшалары арқылы қалай өтініш беріп, рәсімдеу керектігін айтып берді. Осының арқасында жас аналарға ХҚО-ға барудың қажеті жоқ. Бүгінгі таңда Шымкенттік 13 104 жас ана SMS арқылы және мобильді қосымшасы арқылы бала туу және оның күтімі бойынша жәрдемақы рәсімдеді.

Жәрдемақыны рәсімдеу үшін Halyk Homebank немесе Kaspi.kz мобильді қосымшасына кіру қажет. «Мемлекеттік қызмет көрсету» бөліміне өтіп, баланың тууы немесе оның күтімі бойынша жәрдемақыны тағайындау қызметін таңдайсыз. Ары қарай дербес деректердің дұрыс жазылғанын тексеріп, өтінішті растау қажет. Өтінімді жібергеннен кейін сізге көрсетілетін қызметтің нәтижесі және тағайындалған төлем сомасы туралы PUSH-хабарлама және SMS жіберіледі.

«Бұрын жәрдемақыға өтінімді ХҚО, eGov.kz порталы немесе проактив тәсілімен жолданған смс-ке жауап беру арқылы ғана алуға болатын. Жақында жәрдемақыны банктердің қосымшасы арқылы алу мүмкіндігі туды. Сондай-ақ бізде экстерриторриялды қағидат енгізілген болатын. Баланың туылуына байланысты жәремақыны жас аналар тұрғылықты жеріне қарамастан, кезкелген ХҚО арқылы рәсімдеу алды. Бұл жас аналар үшін жақсы мүмкіндік, олар жәрдемақыны артық уайымсыз рәсімдей алады», — деді «Азаматтарға арналған үкіметтің» Шымкент қаласы бойынша филиалының баспасөз хатшысы Алтынай Татаева.

Қызмет тегін және оған бала туылғаннан кейін 1 жыл ішінде кез келген уақытта тапсырыс беруге болады. Сондай-ақ, болашақ аналар eGov.kz порталы және eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы жүктілікке шығуына байланысты декреттік төлемақы мен жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді алу үшін өтініш бере алады.

Айтпақшы, баланы мектепке де, балабақшаға да интернет арқылы, онлайн беруге болады.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.