ШЫМКЕНТТЕ 4 ЖЫЛДА 12 ЖЕКЕМЕНШІК ЕМХАНА АШЫЛДЫ

Шымкентте соңғы 4 жыл ішінде 12 жекеменшік емхана ашылып, мемлекеттік емханалардың жүктемесі 30 пайызға азайған. Бұл туралы Астана қаласындағы ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мәлімдеді.

–Денсаулық сақтау саласындағы басты мақсатымыз – тұрғындарға сапалы қызмет көрсету мен қолжетімділікті арттыру. Соңғы 5 жылда денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жарақтандыруға 19 млрд. теңге бағытталып, қамту деңгейі 67 пайыздан 79 пайызға артты. Өткен жылы қалада жеке инвестор есебінен ПЭТ/КТ сәулелі терапия орталығы ашылып, қатерлі ісік ауруын бастапқы сатысында анықтап, алдын ала емдеуге мүмкіндік беруде. Биыл жеке инвесторлар есебінен 3 жаңа емхана ашылды Осы атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесінде, жыл басынан бері жалпы өлім көрсеткіші 8 пайызға, нәресте өлімі 20,6 пайызға төмендеді, ана өлімі тіркелмеген, – деді М.Әйтенов.

Сондай-ақ қала әкімі, 2025 жылға дейін жаңа заманауи перзентхана, жеке инвесторлардың есебінен 800 орындық клиниканың құрылысы, 6 медициналық орталық ашу жоспарланғанын атап өтті. Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы көрсеткіштеріне назар аударсақ, атқарылған жұмыстар көңіл көншітерліктей. Денсаулық сақтау басқармасының ведомствалық бағынышты 33 медициналық ұйымы бар. Оған 12 емхана, 15 аурухана, 6 басқа да ұйым кіреді. Олар – диагностикалық орталық, медициналық колледж, қан орталығы, ЖЖС, балалар үйі және ЖИТС орталығы. Қалада тәуліктік 4 125 төсектік орын болса, күндізгі стационар 1 959 төсектік орынмен жабдықталған. Бүгінгі таңда қалада 4 760 дәрігер қызмет етеді. 10 мың халық­қа шаққанда дәрігер саны 42,1-ді құрай­ды. Сонымен бірге 10 мыңнан астам орта буын медицина маманы қызмет көрсетеді. Олардың үлес салмағы 10 мың халыққа шаққанда 92,8-ге тең. Шымкент қаласының тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында 4 жаңа – №14 Емдеу орталығы, «Дария Медикус», «Саби Мед» және «Турлан Медикал» деп аталатын меди­циналық орталықтар ашылып, 50 мың ха­лықты медициналық қызметпен қам­та­масыз етуде. Сонымен қатар бір дәрігер­дің жүктемесі 1 616-ға дейін төмендеді. Ал жоспар бойынша 1 700-ден аспау қажет.

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.