ШЫМКЕНТТЕ 4 СПОРТ НЫСАНЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР

Биыл Шымкент қаласында 4 спорт нысанының құрылысы жүріп жатыр. Солардың бірі – Бозарық-3 шағынауданында бой көтеріп келе жатқан Шымкент қаласының ауыр атлетикадан олимпиадалық резервін дайындайтын балалар мен жасөспірімдерге арналған мамандандырылған спорт мектебінің қосымша ғимараты.  Жобаға сәйкес бұл нысанда бір ауысымда 10 мен 23 жас аралығындағы 100 оқушы жаттыға алады. Бірінші қабатта — ауыр атлетика залы, киім ауыстыру бөлмелері, жуынатын бөлмелер, жаттықтырушылар бөлмесі, 16 орынға арналған асхана, медпункт, жұмысшылар мен қызметшілер бөлмелері болады. Ал, екінші қабатта — әмбебап спортзал, жұмысшылар мен қызметшілер бөлмелері, жуыну және киім ауыстыру бөлмелері қарастырылған. Спорт мектебіндегі құрылыс жұмыстары 2023 жылы аяқталады.  Айта кетейік, Шымкент қаласында биыл 6 спорт нысаны пайдалануға беріледі. Оның ішінде екеуі бюджет есебінен салынуда. Атап айтар болсақ, «Металлург» стадионы жаңартылып, Сайрам тұрғын алабындағы №12 спорт мектебінің қосымша корпусы мен Шымкент жоғары медицина колледжінің спорт залының құрылысы жүруде. Демеушілер есебінен 4 нысанның құрылысы аяқталып, тұрғындар игілігіне беріледі: Үстел теннисіне арналған спорт нысаны — Әл-Фараби ауданы, Қазиев көшесі, н/з Жаңа ипподром құрылысы «TURAN ГХА» спорт нысаны — Еңбекші ауданы, 12 шағын аудан, Т.Тәжиев көшесі, 180 «SPORT LIFE» футбол орталығы – Орынбаев пен Ғ.Ильяев көшелерінің қиылысы. Бозарық тұрғын алабындағы ипподром жайлы айтатын болсақ, халықаралық талапқа сай салынып жатқан атшабар 1,5 мың көрерменге арналған. Жүгіру алаңы – 2000 метр. 150 бас жылқы сыятын атқора салынуда. Ипподромда көкпар мен ат спортының көптеген түрі бойынша жарыстар ұйымдастырылмақ. Атшабар биыл қыркүйекте бітеді деген жоспар бар. Бұл құрылыс нысаны 2021 жылдың наурыз айында қала әкімдігі мен BI Group компаниясы арасында түзілген меморандумға сәйкес жүргізілуде. Болашақ ипподромның тағы бір артықшылығы – көрермен ат жарыстарын үлкен LED экран арқылы жақыннан тамашалай алады.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.