ШЫМКЕНТ: ЖАҢАРТЫЛҒАН ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 826 БАЛА ЕМ АЛЫП ШЫҚТЫ

Күрделі жөндеуден өткен Шымкенттегі №2 Оңалту орталығы заманауи қондырғылармен жабдықталған.Бүгінде озық үлгіде жаңартылған орталықта 3 жасқа дейінгі неврологиялық ауытқуы бар балаларға арналған ерте араласу орталығы іске қосылған. Жыл басынан бері медициналық ұйымда 826 бала ем алды.

Орталықта неврологиялық ақауы бар және отадан кейінгі кардиохирургиялық, ортопедиялық 18 жасқа дейінгі балалар оңалту ем-шараларын алады. Мұнда 113 қызметкер жұмыс істейді. Балаларға физиотерапиялық гидроәдіс, массаж, логопед, дефектолог, эрготерапевт,психолог қызметтері көрсетіледі.

Педагог мамандары балалардың шығармашылығын дамытуға, өз-өзіне қызмет көрсетуге көмектеседі. Сондай-ақ, әлеуметтік дағдыларды дамыту жұмыстарын жүргізіп, мәдени-гигеналық дағдыларды қалыптастырады. Балаларды күнделікті өмірге бейімдеуге көмектесіп, ата-аналарына үй жағдайындағы оңалту жұмыстарын үйретеді.

Айта кетейік, №2 оңалту орталығы неврологиялық патологиясы бар, тірек-қимыл аппаратының патологиясы бар 18 жасқа дейінгі балаларды оңалтуға және кардиохирургиялық коррекциядан кейін емдеуге арналған. Орталықта жылына 2 мыңға жуық науқас бала емделеді. Балалар көрсеткіштер бойынша жоспарлы түрде қабылданады. Емдеу ұзақтығы – 18 күн. Орталықта невропатолог, кардиолог, ортопед, реабилитолог, психолог, логопед, дефектолог, еңбек терапевті сынды әртүрлі профильдегі білікті мамандар жұмыс істейді.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты тағы бір «Оңалту орталығы» коммуналдық қазыналық мекемесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. 2023 жылдың сәуір айынан қолға алынған жұмыстар халықаралық стандарттарға сай құрылыс нормалары бойынша жүргізілуде.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов Ә.Молдағұлова көшесі 8 Б мекенжайда орналасқан мекеменің құрылысының жай-күйімен танысу үшін аталған нысан басында болды.

Мұрат Дүйсенбекұлы құрылыстың жұмыс сапасын бақылап, жауапты және мердігер мекеме басшыларына кестеден кешікпеуді ескертіп өтті. Айта кетсек, ғимараттың іргесі 1975 жылы қаланған. Қазір мұнда 167 оқушы ерекше білім берумен қамтылған, ұжымда 56 педагог жұмыс істейді.

Логопед пен психолог кабинеттері, сенсор бөлмелері, израильдік технологиямен жасалған мультимедиялық білім беру жүйелері қайтадан жаңартылып, заманға сай жабдықталуда. Оңалту орталығында 11 топ – құлақ және тіл мүкістігі бар, дамуы тежелген балалармен тығыз байланыса жұмыс істейді.

Бес қабатты ғимараттың күрделі жөндеу жұмыстары биылғы жылдың тамыз айына дейін аяқталады деп күтілуде.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.