ШЫМКЕНТ: ЖАҢАТАЛАПҚА САПАЛЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫ ТАРТЫЛУДА

Жаңаталапта қазіргі таңда жалпы ұзындығы 42,2 шақырымдық электр желісі тартылуда.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Абай ауданына қарасты Жаңаталап тұрғын алабында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарын бақылады.

Былтыр елдімекеннің 6 мыңнан астам тұрғыны ауыз сумен  қамтылған болатын. Ендігі кезек сапалы электр қуатында.

«Жаңаталап» подстанциясы құрылысының 90% аяқталған. 

Қазіргі таңда жалпы ұзындығы 42,2 шақырымға электр желілері тартылуда, аяқталу мерзімі — қазан айының соңына жоспарланған.

Шаһар басшысы ауыл ақсақалдары мен қоғам белсенділеріне құрылыс жұмысымен қатар абоненттеу жұмыстарының жүргізілуіне жергілікті тұрғындарды жұмылдыру керектігін айтып өтті.

— Абоненттеу, ескі жүйені жаңа жүйеге қосуға да уақыт кетеді. Сондықтан құжаттарды қазірден бастап дайындауға кірісіңіздер. Ал жұмыстың мерзімінде және сапалы орындалуы біздің бақылауымызда,-деді әкім.

Бұдан бөлек биыл 2 көше, атап айтқанда 1,5 шақырымды құрайтын Жұманов және Айдарқұл көшелеріне жарық орнатылуда. Әзірге жұмыстың 20%-ы орындалды.

Шыымшаһарда қазіргі таңда, электрмен қамту деңгейі 97%-ды құрайды. Қаладағы 81 елдімекеннің 73-і сапалы электрмен қамтылған. Ал қалған 8 елдімекенде электр қуаты сапасыз. Өткен жылы қалада «Бозарық» 220 КВ мен«1-М-1» 110КВ электр тарату станциясы және 7 елді мекенде құрылыс аяқталып, пайдалануға берілген болатын. Нәтижесінде Ақжар, Жалын, Достық, Ынтымақ-2, Айкөл, Игілік және Тәуелсіздікке 20 жыл елді мекендері сапалы электр қуатымен қамтылды. Айта кетейік, биылғы жоспар бойынша «Ақжар»110КВ қосалқы іске қосылып, Достық-2, Батыс, Тұран, Жаңаталап, Сәуле (276 орам) және Нұртас шағын ауданының тұрғындары мемлекеттік жүйедегі электр жарығына қол жеткізеді. Ал, 2023 жылы Қайнарбұлақ пен Солтүстік саяжай, Асар-2 (2-кезек) желі құрылысы аяқталып, пайдалануға берледі. Қала халқының өсіміне қарай сапалы электр қуатымен қамту үшін 2023-2025 жылдары 6 қосалқы станцияның құрылысы жоспарланып отыр.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

12 Comments

  1. Heya i am for the first time here. I found this board
    and I find It really useful & it helped me out much.
    I hope to give something back and help others like you aided me.

  2. I really love your site.. Great colors & theme.

    Did you make this site yourself? Please reply back as
    I’m hoping to create my own website and would love to know where you got this from or exactly what
    the theme is called. Thanks!

  3. Thanks for one’s marvelous posting! I definitely enjoyed reading
    it, you might be a great author. I will be sure to bookmark
    your blog and definitely will come back from now on.
    I want to encourage you to definitely continue your great posts, have a
    nice morning!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.