Шардара: ЖРВИ-дің алдын алу мен тұмауға қарсы – вакцинация!

Шардара аудандық орталық ауруханасының дәрігерлері осылай деп отыр. Олар тұрғындарды екпе егуге шақырады. Себебі, ЖРВИ мен тұмаудың алдын алуда вакцинация көмектеседі.

«Бұл жедел респираторлық аурулар кезеңінде халықтың тұмауға қарсы тұрақты иммунитетін қалыптастыру үшін жасалады»,-дейді шардаралық дәрігерлер.

ДДҰ ұсыныстарына сәйкес тұмауға қарсы ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін халықтың жалпы санының кемінде 10%-ын вакцинациялау қажет.

Вакцинация 15 қыркүйектен бастап тіркелген жері бойынша емханада вакцинаны бірінші кезекте жұқтыру қаупі жоғары топтардағы халықтың әлеуметтік қорғалмаған және тұмаудан кейін асқынулар туындауы мүмкін топтағы адамдар тегін ала алады, мысалы:

медицина қызметкерлері;

медициналық ұйымда диспансерлік есепте тұрған балалар;

балалар үйлерінің, сәбилер үйлерінің балалары, қарттар үйлерінің контингенті;

эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша жұқтыру қаупі жоғары, созылмалы аурулармен диспансерлік есепте тұратын адамдар жатады.

Медицина қызметкерлері тұмаудың белгілері пайда болған кезде бірден үйге дәрігер шақырту туралы кеңес береді. Үй жағдайында өздігімен ем қабылдау қауіпті. Тұмаудың салдарынан вирусты және бактериалды пневмония, отит, гайморит, менингит, сонымен қатар септикалық асқынуларға әкеліп соқтыруы мүмкін. Өте ауыр жағдайларда жиі өліммен аяқталады.

Респираторлық инфекциялардың жаппай таралуы кезінде көпшілік жиналатын жерлерге бармауға, көбірек жаяу жүрген абзал. Әлеуметтік қашықтықты сақтап, маска тағып, қолды жиі жуып, антисептиктерді қолдану қажет. Күнделікті тамақтану рационына «С» дәруменіне бай көкөністер мен жемістерді қосу қажет.

Тұмаудың және оның асқынуының алдын алудың сенімді әдісівакцинация. Тұмауға қарсы вакциналар қауіпсіз және тұмаудың асқынуын алдын алу жолында жоғары тиімділікке ие болып табылады.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.