Шымкентте коронавирустан жазылып шыққандар саны 400-ден асты

Шымкентте соңғы екі тәулікте коронавирус инфекциясынан 16 науқас жазылып, ауруханадан шығарылды. Дертінен сауыққандардың басым бөлігі 50 жастан асқан азаматтар.


Қауіпті індетті жеңіп шыққандардың ішінде 80 жастағы әжей бар. Дәрігерлер қарт кісіден коронавирус инфекциясын дер кезінде анықтаған. Нәтижесінде әжейді емдеу кезінде асқынулар болмады дейді дәрігерлер.

Сондай-ақ медицина мамандары 7 айлық жүктілік кезеңіндегі әйелден коронавирус инфекциясын анықтап, емдеу шараларын жүргізді. Екі аптаға жуық дәрігерлердің бақылауында болған аяғы ауыр әйелдің денсаулық жағдайы жақсарып, 7-маусым күні ауруханадан шығарылды.

Айта кетейік, бүгінге дейін қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасынан коронавирус инфекциясына шалдыққан 420 науқас дертінен айығып шықты.

Айта кетейік, сәуір және мамыр айында инфекцияға қарсы тестілеуден 23039 азамат өту жоспарланған. Бұл жұмыс көлемі артығымен орындалып, соңғы екі айда 23975 азамат ПЦР тесттен өткізілді. Нәтижесінде инфекцияға қарсы жоспарлы тексеру жұмыстары 104 % орындалып отыр.

Ал осы жылдың маусым айында 14184 адамды коронавируске қарсы тестілеуден өткізу жоспарланған. Бүгінде оның 1454-і инфекцияға қарсы тексеруден өткізілді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.