Шымкентте коронавирус инфекциясын жұқтырған 50 адам туралы ақпарат

Шымкентте коронавирус инфекциясын жұқтырған 50 адам туралы ақпарат жайлы мәлімдеді Шымкент Ақпараттық коммуникациялық орталығы.


Еске сала кетейік, 2020 жылдың 19 мамырындағы мәлімет бойынша  Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 50 адам тіркелген болатын. ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша Шымкент қаласының 50 тұрғынынан COVID-19 диагнозы нақтыланды: Оның 24-і вирусты жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған, 5-і ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылған, Ал, қалған 21-інен вирус скрининг нәтижесінде анықталған. Тиісінше барлық науқас инфекциялық стационарға жатқызылған.

Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.

Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін, науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда.

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

19.05.20 жылы Шымкент қаласы бойынша COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 485 адамға жетті.

Айта кетейік, қаладағы кәсіпорындарда коронавирус инфекциясына қарсы диагностикалық тексеру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр, Шымкент қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызмттердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Әбдіманап Төлебаев және қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Бекбауова арнайы брифингте мәлімдеген еді.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат.

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.