Шымкентте 5 индустриалды аймақ салынып жатыр

Шымкентте «SHYMKENT INVESTMENT — 2023» өңіраралық инвестициялық форумы өтіп жатыр. Мұнда еліміздің оңтүстік өңірлерінің — Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласына инвестициялық түсімді арттыру, экономикалық тұрғыда дамыту мен өзара ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланбақ.

Бүгін Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Оңтүстік өңірдегі әріптестеріміздің басын қосып, ауқымды іс бастап отырмыз. Бүгінгі инвестициялық форум Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласының экономикалық тұрғыда дамып, өзара ынтымақтастықта ауқымды жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік бермек. Форум аясында күні кеше өңірлердегі өндіруші кәсіпорындар арасында көрме-жәрмеңке өтті. Онда біз шекаралас өңірлердің мүмкіндіктерімен таныстық. Сонымен қатар, форумға шетелдік инвесторлар мен кәсіпкерлер де қатысып отыр. Кездесулер барысында кәсіпкерлеріміз тәжірибе алмасып, жаңа жобаларды жүзеге асырудың оңтайлы әдіс-тәсілдерін қарастырады деп сенеміз. Шымкентте бүгінде 5 индустриалды аймақ 867 гектар аумақты алып жатыр. Онда 350-ге жуық жоба жүзеге асырылып, бүгінде индустриалды аймақтардың толымдылығы 90 пайыздан асты. Сондықтан жалпы ауданы 860 гектарды құрайтын тағы 5 индустриалды аймақ салынып жатыр, — деді Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы.

Оңтүстік өңірлердің басын қосқан алқалы жиынға ҚР Сыртқы істер вице-министр А.Айдаров, Қазақстанның Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Б.Атамқұлов, Қазақстанның Қырғызстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Р.Жошыбаев және шетелдік әлеуетті инвесторлар, отандық бизнес-қауымдастық өкілдері, орталық мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар, қаржы институттары қатысып отыр. Ал, форумның арнайы қонағы ретінде халықаралық «Fitch Ratings» сарапшылық компаниясының өкілі шақырылған.

Осы жиын барысында жалпы құны 364 миллиард теңгені құрайтын 14 жоба бойынша меморандумға қол қойылмақ.

Айта кетейік, Шымкент қаласы республикалық маңызы бар қала атанған түста 194 млрд теңге инвестиция тартылса, былтыр инвестиция көлемі 560 млрд теңгені құраған. Мамандар жыл соңына дейін 750 млрд теңге инвестиция тартуды жоспарлап отыр.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

3 241 Comments