Шымкенттік мектеп бітіруші түлектерге кәсіби бағдар беру шаралары

Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен білім беру ұйымдарының 11 сынып оқушылары «Болашаққа қадам» жобасы аясында қала аумағындағы өндіріс орындарын аралады. Ондағы негізгі мақсат — оқушыларға мамандықтарын дұрыс таңдауға бағыт беру. Осы ретте  «Болашаққа қадам» жобасы озық ойлы өскелең ұрпақтың пікіріне құлақ асатын, оның жүзеге асуын бірігіп ақылдасатын, мектеп бітіруші түлектерге кәсіби бағдар беруге бағытталған ашық алаңға айнала білді.  Кәсіпке бағдар беретін жоба шеңберінде №9 ІТ лицейінің бітірушірушілері «Әлем БТ» шұлық фабрикасында болды.

Оқушыларға жұмыс барысын фабриканың іс басқарушысы Исмайл Жанполат таныстырды. Қызықты экскурсияда балалар бірнеше бөлімшеге барды.

Экскурсияда әр цехтың шеберлері жұмыс процестері мен сол жердегі мамандар туралы айтып берді.

Өндіріс орнында ерлер, әйелдер және балалар шұлығының қыстық пен жаздық түрлері тоқылады. Ал, дизайны жағынан мыңнан астам шұлықты табуға болады.

– Шұлық өндірісі алаңдарына серуендеу балаларға ұмытылмас әсер қалдырды. Осы оқушылардың арасынан кәсіпорынның болашақ технологтары мен дизайнерлері де шығып қалар, — дейді №9 ІТ лицейінің кәсіп бағдар бойынша жетекшісі Гүлмира Карамырзаева.

Айта кетсек, «Әлем БТ» шұлық фабрикасының іргесі – 2015 жылы қаланған. Тоқу жабдықтарының жоғары технологиялық паркі 246 автоматты құрайды, олар ай сайын 1,5 млн.жұп өнім шығарады, бұл қазақстандық шұлық нарығының басқа өндірушілеріне қатысты даусыз артықшылық болып табылады. Отандық нарықты толық қамтамасыз етуден бөлек, шетелге де өнімдерін экспорттап жатқан ірі кәсіпорындардың бірі. Қазір мұнда 200-ден астам адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Кәсіпорын жылына 24 миллион жұп шұлық өндіреді.

Естеріңізге сала кетейік, биыл Шымкентте 11 мыңнан астам оқушы мектеп бітірді. Биылғы мектеп бітіруші түлектердің 8 мыңнан астамы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. Соның ішінде 453 оқушы Алтын белгіге үміткер. Ал, білім саласындағы мемлекеттік саясаттың нәтижесінде осы оқу жылында 500-ден астам шымкенттік оқушы халықаралық және республикалық сайыстарда топ жарды.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.