Шымкент: Абай аудынанда 86 көше жарықтандырылған

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, 2024 жылы жарықтандырылған көшелердің үлесін арттыру мақсатында 86 көшеге бюджеттік өтінім беріліп, 500,0 млн.тг қаржы қаралды. 2022 жылға дейін Абай ауданындағы 29 көше жарықтандырылып, жарықтандырылған көшелер саны 193-қа жетсе, бүгінде қамту көрсеткіші 15,3 пайызды құрап отыр. Көрсеткішті арттыру мақсатында 2023 жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында аудандағы 13 көшеге жарықшам орнату жұмыстары жүргізілді. Қамту көрсетікші 15,1 пайызға жетті.

Сонымен бірге, тұрғындардың өз есебінен жарық шамдар орнатылды. Бул туралы Өңірлік коммуникациялық орталығында өткен баспасөз конференциясында Б.Парманов айтты.

Айта кетейік, Абай ауданы аумағында жалпы 27 елді мекенде 55 159 жеке сектордағы үй, 205 көп қабатты тұрғын үйлер орналасқан. Бүгінде аудан бойынша жалпы 257,7 мың халық орналасқан. Ауданда 1274 көше мен 230 әлеуметтік нысандар бар.

Аудан сапалы ауыз су және электр жарығымен 100% қамтылған.Қазіргі таңда Асар-2 шағын ауданында электр жарығымен қамту бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың 2 тоқсанында аяқталды деп күтілуде. Абай ауданы бойынша 27 елді мекеннің бүгінгі таңда 7 елді мекені кәріз жүйесімен қамтылған. Ал, 5 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Абай ауданының 23 елді мекені табиғи газбен қамтылған яғни 85,2% құрайды. Бүгінде табиғи газбен қамтылмаған елді мекендер саны – 4 ол пайыздық көрсеткіште 14,8% құрап отыр. Бүгінгі таңда 3 елді мекенде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, Қайнарбұлақ тұрғын алабы-70%, Қайнарбұлақ саяжайы-50%, Ынтымақ-2 шағын ауданы — 56% құрылысы аяқталған.
Сонымен қатар Абай ауданы бойынша «ТАЗА ӨЛКЕ», «КИЕЛІ МЕКЕН», «ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ», «ЖАСЫЛ АЙМАҚ, «ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ» және «МӨЛДІР БҰЛАҚ» акциялары аясында тазалық жұмыстарын кең көлемде ұйымдастырылып, ауданында 950 метр куб қоқыс шығарылған.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin