Шымкент: Қала әкімінің орынбасары тікелей эфирде тұрғындар сауалына жауап берді

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов өзі жетекшілік ететін транспорт, туризм, спорт, цифрландыру және еңбек инспекциясы салаларына қатысты әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирге шықты.


Мақсаты — қала тұрғындарымен тікелей байланысқа шығып, көкейдегі мәселелерге жүйелі жауап беріп, ұсыныстарды назарға алу.

«Қазір әлеуметтік желінің кең қолданысқа енген кезі. Тиімді тұстарын пайдаланамыз. Дегенмен кейде анық-қанығын білмей сын айтып, кінә артып мәселені ушықтыруға дайын тұратындар да жоқ емес. Сондықтан ақпаратты уақытылы, дер кезінде, ашық, кеңінен тарату өте маңызды», — деді Мақсұт Пернебайұлы.

Эфир 1 сағаттан астам уақыт жүргізіліп, 100-ге жуық тұрғынның сауалына жауап берілді. Сұрақтардың басым көпшілігі жол мәселесі мен құрылысына, қоғамдық көліктер мен спорт алаңшаларына, еңбек инспекциясы мен қаладағы интернет, цифрландыру мәселелеріне қатысты және туризм саласына қатысты болды.

Айта кету керек, биыл қалада жол құрылысы саласында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Ал қоғамдық көлік бағытында ТӨЛЕМ-мен қатар, карантиндік талаптардың орындалуы бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар, цифрландыру басқармасының тарапынан қаладағы интернеті дамымаған шет аймақтарға антенналар орнату шаралары қарастырылуда.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.