
Шымкент қаласында «Nur Otan» партиясы «Jas Otan» жастар қанатының мүшелері «Дәрігерлерге мың алғыс!» жалпыхалықтық акциясына қатысты.
Бұл туралы Шымкент қаласының ақпараттық коммуникациялық орталығы хабарлайды.
Қайырымдылық акциясы аясында еріктілер 200-ден астам денсаулық себетін дайындады. Қала жастары оны «Асардағы» жұқпалы аурулар ауруханасында тынымысыз еңбек етіп жүрген ақ халаттыларға тапсырды. Дәрігерлерге арналған себеттегі азық-түлік иммунитетті нығайтуға арналған. Антына адал, еселі еңбек иелері бұған дән риза.
Ізгі шараға Шымкенттегі Silkway Халықаралық университеті қолдау білдірді.
– Акцияның мақсаты – өз өмірін қатерге тігіп, бүгінгі қоғамның батырларына айналған ақ халатты абзал жандарға жастар атынан алғыс айту. Қолдау көрсету. Әлемді жаулаған инфекция ешкімді бейжай қалдырмады. Осындай сын сағатта бірінші кезекте ақ халатты абзал жандар өзгелердің өмірі үшін аянбай күресуде, — дейді «Jas Otan» мүшелері.
Айта кетейік, акция барысында барлық сақтық шаралары ескерілді.
«ANYQ.KZ» — ақпарат
171931 808207Thank you for the sensible critique. Me and my neighbor were just preparing to do some research on this. We got a grab a book from our area library but I feel I learned much more clear from this post. Im very glad to see such exceptional data being shared freely out there. 14469