ҚАЗЫҒҰРТ: ҚАНТ ДИАБЕТІ ТУРАЛЫ 5 ҚЫЗЫҚТЫ ФАКТ

Қант диабеті медициналық сақтандыру жүйесіндегі сақтандыру мәртебесіне қарамастан, ТМККК шеңберінде және МӘМС есебінен барлық медициналық көмек көрсетілетін бекітілген әлеуметтік маңызы бар аурулардың тізбесіне кіреді. Осы орайда Қазығұрт орталық ауруханасының дәрігерлері қант диабеті туралы қызықты фактілермен бөлісуде.

Екі ықтимал жағдайды қарастырамыз:

Науқас ҚД диагнозымен Д-есепте тұр, бірақ сақтандырылмаған. Бұл жағдайда оған барлық консультациялық-диагностикалық көмек тек оның негізгі ауруы аясында көрсетіледі. Басқа аурулар бойынша медициналық қызметтерді алу үшін оған сақтандыру мәртебесін алу қажет болады.

Науқас әлі ҚД-мен Д-есепте тұрмайды, сонымен қатар оның сақтандыру мәртебесі жоқ. Бұл жағдайда ол МӘМС арқылы диагнозды нақтылау үшін қажетті тексерулерден өте алмайды. Сақтандырусыз оны Д -есепке қоя алмайды және қажетті медициналық көмек көрсетілмейді.

Бүгінгі таңда қант диабеті – ҚР-дағы ең қымбат әлеуметтік маңызы бар аурулардың бірі. 2021 жылғы наурыз — 2022 жылғы наурыз аралығында ҚД диагнозы қойылған диспансерлік пациенттерді амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге жұмсалған шығындар 29,3 млрд теңгені құрады, бұл алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 36% — ға жоғары.

Естеріңізге сала кетейік, инсулинге тәуелді 1 және 2 типті ҚД бар барлық пациенттер ТМККК шеңберінде жеңілдікті препараттармен және медициналық бұйымдармен, оның ішінде инсулиндермен, тест-жолақтармен, инсулин сорғыларымен қамтамасыз етілген.

2013 жылдан бастап Қазақстанда 2 типті қант диабеті енгізілген ауруларды басқару бағдарламасы іске асырылуда.

Д-есепте тұрған 391,7 мың пациенттің 239,6 мыңы АББ-ға кірді. Бұл барлық диабетиктердің 60% — дан астамын құрайды.

Гликирленген гемоглобиннің бақылау деңгейінің <7%-дан төмендеуіне пациенттердің 26%-дан астамы қол жеткізді.

Соңғы 10 жылда елде ҚД-мен ауыратын науқастардың саны 2 есе өсті. 2022 жылғы 1 шілдеде қант диабетімен ауыратын Д-есепте тұратын адамдардың саны 439,3 мың болды.

Олардың ішінде:

1 типті ҚД — мен-26 778 адам (21 989 ересек және 4 789 бала).

2 типті ҚД — мен-412 549 адам (412 206 ересек және 343 бала)

2 — типті қант диабеті қалай емделеді?

Диетотерапия                                         

Дене белсенділігі

Оқып-білу және өзін-өзі бақылау

Қантты төмендететін препараттар.

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.