Қасым-Жомарт Тоқаев Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды.

Қол қою рәсіміне Қазақстан Президентінен басқа 18 елдің басшылары мен өкілдері қатысты.

Айта кетейік, АҚШ Президенті Дональд Трамп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Газа бойынша құрылатын Бейбітшілік кеңесінің құрамына кіруге ресми шақырып, ал Қазақстанға құрылтайшы мемлекеттердің бірі болуды ұсынды.

Осыған дейін Трамп Газа бойынша бейбітшілік кеңесі құрылатынын мәлімдеген болатын. Ал Кеңес жарғасына Давоста 22 қаңтар күні қол қойылатыны айтылды.

Естеріңізде болса, «Bloomberg» агенттігі дереккөздерге сілтеме жасап хабарлағандай, Газа секторындағы ахуалды реттеу үшін құрылған органның өкілеттігі мен жарғысының түпкілікті нұсқасы Дүниежүзілік экономикалық форум аясында бекітіледі делінген. Дереккөздердің мәліметінше, Дональд Трамп шақырылған мемлекеттерге құжатқа бейсенбі күні-ақ қол қойдыртқысы келеді. Бұл бастаманы ресми түрде іске қосуға мүмкіндік береді.

Жарғының жобасына сәйкес, АҚШ Президенті «Бейбітшілік кеңесінің» алғашқы төрағасы атанып, жаңа қатысушыларды шақыру жөніндегі шешімді жеке өзі қабылдау құқығын сақтап қалады.

Ұйымның тұрақты мүшесі мәртебесін алу үшін АҚШ әкімшілігі мемлекеттерден алғашқы жыл ішінде кемінде 1 миллиард доллар көлемінде жарна аударуды талап етіп отыр.

Бұған дейін Дональд Трамп Газа секторын қалпына келтіруді үйлестірумен айналысатын «Бейбітшілік кеңесінің» құрылатынын жариялаған болатын. Бұл мәлімдеме АҚШ-тың Таяу Шығыс жөніндегі арнайы өкілі Стив Уиткоффтың өңірде атысты тоқтату режимінің екінші кезеңі басталғаны туралы хабарынан кейін жасалды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You