«Үздік үйірме жетекшісін» Түркістаннан табасыз

Түркістан қаласы білім бөлімі әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес бөлімге қарасты Ғани Мұратбаев атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп базасында мектептердегі үйірме жетекшілері арасында «Үздік үйірме жетекшісі» тақырыбында қалалық байқау болып өтті.

Үйірме жұмыстарының тиімділігін арттыру және үздік тәжірибелерді тарату, үйірме жетекшілерінің кәсіби шеберлігін көрсету және жетістіктерін насихаттау, жаңа әдістер мен инновациялық тәсілдерді анықтап, тәжірибе алмасу алаңын құру, үйірмелердің оқу-тәрбие процесіндегі рөлін арттыру мақсатында ұйымдастырылған байқауға бөлімге қарасты 19 мектептің үйірме жетекшілері қатысып, екі кезең, яғни «Өзін таныстыру» және «Портфолиомен таныстыру» кезеңдері бойынша кәсіби шеберліктерін көрсетті.

Байқау нәтижесі бойынша Әмір Темір атындағы №3 жалпы білім беретін мектептің қосымша білім беру педагогі Жанна Бименғазиева жеңімпаз атанып, облыстық байқауға жолдама алды. І орынды №32 жалпы білім беретін мектептің қосымша білім беру педагогі Мөлдір Нәлтаева жеңіп алса, «Балалар мен жасөспірімдер орталығының» үйірме жетекшісі Мөлдір Ақбаева мен «Бақытты шақ» мектебінің үйірме жетекшісі Арай Тілес ІІ орынға, Сабыр Рахимов атындағы жалпы білім беретін мектептің үйірме жетекшісі Дияр Нишанов, Нәзір Төреқұлов атындағы №8 жалпы білім беретін мектептің үйірме жетекшісі Гүлбану Саттар, Жұмабек Тәшенов атындағы №23 ІТ мектеп-лицейдің үйірме жетекшісі Дана Айтуғанова ІІІ орынға ие болды.

Байқау соңында білім бөлімінің әдіскері М.Искакова қорытындылай келе, облыстық кезеңге қатысатын педагогқа сәттілік тіледі.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You