Шымкент: «Nur Otan» партиясы саяси кеңесі бюросы отырысы өтті

Бүгін «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Мұрат Әйтеновтың төрағалығымен қалалық партия филиалының Саяси кеңесі Бюросы отырысы өтті.


Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Бюро отырысында партия филиалдары сайланбалы органдарының (саяси кеңестердің, саяси кеңестер бюроларының, бақылау-тексеру комиссияларының) және төрағаларының, төраға орынбасарларының, бастауыш партия ұйымдары бюроларының өкілеттік мерзімдерінің аяқталуына байланысты «Nur Otan» Партиясы Жарғысына сәйкес қалалық және аудандық партия филиалының есеп беру, сайлау конференцияларын және бастауыш партия ұйымдарында жиналыстар өткізу туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ, Партияның сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша өңірлік қоғамдық кеңестерінің төрағалары мен құрамдары бекітілді.

Әрбір кеңеске төраға бекітілді және оларға партияның сайлауалды бағдарламасының нақты бір бағыты жүктелген.

 «Nur Otan» партиясының Лидері, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын жүзеге асырылуына әрбір кеңес мүшелері жауапкершілікпен қарайтын болады.

 «ANYQ.KZ» ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

  1. Hello! Do you know if they make any plugins to assist with Search Engine Optimization? I’m trying to get my
    blog to rank for some targeted keywords but I’m not seeing very good gains.
    If you know of any please share. Many thanks! You can read similar
    text here: Sklep online

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.