Бәйдібек: Аудан әкімі журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

Бәйдібек ауданының әкімі Ержігіт Шәріпбеков аудандық «Алғабас» пен «Шаян» газеттерінің журналистерін қабылдап, 28 маусым — Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен құттықтады.


Бұл туралы Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Аудан әкімі Ержігіт Шәріпбекұлы «Сіздер әрбір шығармашылық еңбектеріңіз арқылы ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына өзіндік үлес қосып келесіздер. Қағаз-қаламдарыңызды арқалап, жетістіктерімізге ортақтаса қуана білетін Сіздерге алғыс сезімімді білдіре отырып, шығармашылық табыс, зор денсаулық, отбасыларыңызға ынтымақ, бірлік пен береке тілеймін. Қаламдарыңыз әрдайым қарымды бола берсін!», — деп мерекелік жылы лебізін білдірді. Бірқатар аудан журналистерін алғыс хатпен марапаттады.

Мерекелік іс-шараға арнайы қатысқан «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тұрсынәлі Дүйсенбеков аудан журналистерін құттықтап, партияның алғыс хатын табыс етті.

Құттықтау сөз сөйлеген ардагер журналист Бағдат Қалаубай, аудандық «Алғабас» газетінің редакторы Абзал Әділбек аудан басшылығына алғыс білдіріп, әріптестерін мерекемен құттықтады.

ANYQ.KZ-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.