Бәйдібек: Сайланған ауыл әкімі қызметіне кірісті

2021 жылдың 25 шілде күні өткен Қазақстан Республикасы аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері сайлауының қорытындысына сәйкес Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шешімімен Беріков Мейіржан Ақбастау ауылдық округінің әкімі болып тіркеліп, қызметіне кірісті.


Жаңадан сайланған ауыл әкімін Ақбастау ауылдық округі әкімі аппараты мен округ тұрғындарына аудан әкімі аппаратының басшысы Алмасбек Нақыпбеков пен аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Марат Қырықбаев таныстырды.

Беріков Мейіржан 1991 жылы 24 тамыз күні Бәйдібек ауданы, Шаян ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, отбасылы.

Еңбек жолын 2010 жылдың шілде айында Бәйдібек аудандық ішкі саясат бөлімінің жастар тағылымдамасынан бастап, 2011-2012 жылдары аудан әкімі аппаратының іс-қағаздар жөніндегі инспекторы, 2012-2013 жылдары аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманының міндетін атқарушы, бас маман, 2013-2017 жылдары аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы, 2017 жылы аудан әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің бас инспекторы, 2017-2018 жылдары аудан әкімі аппараты заң бөлімшесінің бас инспекторы қызметтерін атқарған. 2018 жылдың тамыз айынан 2021 жылдың 27 шілдесіне дейін аудандық кәсіпкерлік бөліміне басшылық жасап келді.

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.